Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тәрбие отбасынан басталады.

Заманбекова Гүлсайра Асеновна
3 мин оқу 33 оқылым

Тәрбие  отбасынан  басталады.                                                   Заманбекова Гүлсайра Асеновна                                                      Қазақ Ұлттық Өнер Университеті мамандандырылған мектеп- интернат тәрбиешісі.

Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі..."(Әл – Фараби) – дегендей балаға әуелі  білімнен  бұрын, тәрбие берілуі тиіс.

«Адамның бір қызығы бала деген» Абай айтқандай, бала адамның  да өмірдің де қызығы.  Ата - ана – тәрбие өнегесі, сондықтан, мынадай қазақ мақал-мәтелдері ертеден жатталып, айтылып келеді.

«Ата көрген – оқ жонар,

Ана көрген - тон пішер,

Баланың ұяты - әкеге,

Қыздың ұяты - шешеге»

Баласының  келешегін  ойлаған ата – ана өз мекенін  ауыстыруға дейін барып жатады.

«Ұлың  жақсы  болсын десең,  ұлы  жақсымен  көрші  бол, қызың  жақсы болсын  десең, қызы  жақсымен  көрші бол» деген өнегелі сөз де содан шықса керек.

Бала тәрбиесі – қиын  да  күрделі процесс. Біз  баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының  алды  болғанын  қалаймыз.  Еліміздің көркейіп, өркениетті  елдің  қатарына  қосылып,  халықаралық деңгейге шығуы  бүгінгі  ұрпақ  бейнесімен көрінеді.

Шығыс ғұламасының бірі болып саналатын Жүсіп Баласағұнның дастандарында отбасы тәрбиесі көп айтылады.

Мемлекеттің беріктігі тек ел билеуш іқайраткерлерге әділ заңға, күшті әскерге ғана емес, әр отбасының беріктігіне байланысты екендігін сипаттайды.

Елбасы Н. Назарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» баяндамасында отбасының беріктігі, жұбайлардың бір - біріне, еңбастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігі де көп нәрсеге байланысты. Ата – аналар балаларына, ал балалары ата – аналарына қамқор болуға тиісті деп атап өткен.

ҚР – ның Конститутциясы да «Балаларына қамқорлық  жасау және оларды тәрбиелеу ата – ананың құқығы әріп арызы деп көрсетілген».                                   Отбасы мен балабақша – өнегелі  ұрпақ  тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ                                                                                                                           «Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата - ана ұмытпай, жадында сақтаса игі.                                                                                                      Отбасы мен балабақша , тәрбиеші мен ата - ана, ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас жайлы мәселе – қашанда өзектілігін жоймайтын мәселе болып қала бермек. Тәрбиеші мен ата - ана бірікпей қоғамның саналы ұрпақ тәрбиелеуде жетістіктерге жете алмасы белгілі. Қазіргідей жан - жақтан технологиялық ақпараттар жаулаған заманда ұрпақ тәрбиесін балабақша мен тәрбиешіге жүктеп қойып бейқам жүрудің ертеңі өкінішке апарып соқтырмасына кім кепіл?

«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Отбасынан басталатын осынау тәрбие отанымыздың да игілігі үшін екенін әрбір ата - ана ұмытпай, жадында сақтаса игі.Балабақша – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Балабақша еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлінген емес. Сондықтан оның іс - әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, балабақшаның үлкен тәрбиелік қызметі осында.Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата - ана. Сондықтан бала балабақша табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата - анасы.

Әдебиеттер.

  1. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания.-М..;1977. 2. Ананьев Б.Г. О человеке как обьекте и субьекте воспитания.// Ананьев Б.Г.                Избр.психол труды: В 2т.-СПб., 1999.-т.2.                                                                                                      3. Гессен С.И. Основы педагогики: Введение в прикладную философию.-М.,1995                                                                                                                                 4. Гинецинский В.И. Основы теоретической педагогики. – СПб., 1992.                                              5. Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. – М., 1990.                                  6. Лихачев Б.П. Педагогика: Учеб.пособие.- М., 1992.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Заманбекова Гүлсайра Асеновна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым