Мазмұнға өту

Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс.

Кумекбаева Айнур Ескараевна 2 мин оқу 425 оқылым

Кумекбаева Айнур Ескараевна

Тәрбие  –  жеке тұлғаның  адамдық бейнесін, ұнамды, мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бала туылғаннан бастап бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі кезеңдерінен өтіп «Өмір» атты ұлы жолға аяқ басады. Осы адамзат баласының тәрбиеленуімен тікелей айналысатын ғылым түрі –  «Педагогика» болып саналады.

Ең алдымен ғылым атауы ретінде «Педагогика» термині мәнін ашып алайық. Педагогика – «пайдагогос» (грек тілінде «пайд» - бала немесе тәрбие, «гогос» - жетектеу деген сөздерден құралған) – бала жетектеу немесе бала тәрбиелеу деген мағынаны береді. Бұл ұғымның шығу себебі ежелгі грек елінде баланың тамағын тойғызып, ойнатып, бос уақытында айналаны танып білу сияқты жұмыстармен айналыстырып, қолынан жетектеп жүріп өмір сүру іс-әрекеттеріне жалданған құлды «Педагог» деп атаған екен. Бертін келе педагог деп балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен тікелей айналысатын адамдарды атапты. Бірте-бірте бала тәрбиесіне қатысты білімдердің жинақталуы ерекше сала ретінде жалпы педагогика ғылымының пайда болуына алып келген. Жалпы педагогика – тәрбие, оқыту және дамыту үдерістерінің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Сонымен қатар жалпы педагогиканың негізгі категориялары бала тәрбиелеуде үлкен көмегін тигізеді. Олар: білім беру, тәрбиелеу, оқыту. Білім беру – бұл оқыту нәтижесі, баланың  меңгерген білімдер, іскерліктер, дағдылар және ойлау әдістер жүйесі болып табылады. Ал оқыту дегеніміз – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын өзара әрекет ету процесі. Тәрбие – бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені игеру үшін бағытталған өзара әрекет ету процесі.

Педагогика ғылымы бізге қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтауға көмектеседі. Бала тәрбиелеу ең күрделі процесс. Сонымен қатар «Балаға жақсы тәрбиеші болу үшін, тәрбиеленген болуың керек!»  -  деп Антон Макаренко айтпақшы жақсы шәкірт тәрбиелегіміз келсе, алдымен тәрбиенің көзін өзімізден бастауымыз қажет. Біз тәрбиеші – педагог ретінде балаға қуаныш сыйлай отырып, оқыта тәрбиелеуге міндеттіміз!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Кумекбаева Айнур Ескараевна

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин