Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тақырыбы: "Жақсылық жолымен жүреміз"

Автор

Bilimger Media
2 мин оқу 847 оқылым

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: № 36 ҚОМ

Мерзiмі: 11.10.2018 ж.       Сабақ №17

Класс: 1                              Оқушылар саны: 25

Тақырыбы: Жақсылық жолымен жүреміз

Мұғалiм: Тажигулова Мейрамгул

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттері: мейірімділік, сабырлық, жақсылық

Мақсаты:оқушыларға жақсы жолмен жүруді түсіндіре отырып, жалпы-адамзаттық Ішкі тыныштық  құндылығының  мәнін ашу.

Міндеттері:

- оқушыларға «жақсылық» ұғымының мәнін түсіндіру;

- оқушыларға мейірімділік жасау дағдысын  дамыту;

- оқушыларды сабырлы болуға, жақсылық жасауға  тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

үнтаспа

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т»ережесін еске түсіру. (Тәртіп,Талап,Тыныштық,Тазалық,Татулық)

Жағымды көңіл күйге келтіру .

Балалар бәріміз қолымызды жоғары көтеріп  нұрды аламыз(қолдарын жоғары көтереді)

Енді бір-бірімізге қарайық, құшақ толы нұрды айналаға шашайық (құшақ жайып,жан-жағына шашады)

Енді менің айтқанымды қайталаңдар

-Мен Нұрлымын!

-Сен нұрлысың!(қасындағы оқушыны көрсетеді)

Әлем түгел нұрлы болды (қайтадан жан-жағына қол созады)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 

Оқулық №17  «Бір жұлдызды құтқару» аңыз әңгімесі

Сұрақтар:

1.    Теңіз жағасын жағалап келе жатқан адам кімді көрді?

2.    Бала не істеп жатыр екен?

3.    Адам балаға қандай сұрақ қойды?

4.    Бала қалай жауап берді?

5.    Жақсылық қандай ойдан туындайды?

6.    Жақсылық жасағанда қандай сезімде болдыңыздар?

 Ескерту
ІІІ.Дәйексөз.

Жақсылық-жан азығы

                                мақал

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

(2    рет ұлдар, 2 рет қыздар, барлығы 1 рет қайталайды)

оқушылар дәптерлеріне жазып алады

ІV.Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы

                                        Тату ағайындылар

Ерте заманда шағын бір үйде ағайынды бес саусақ өмір сүріпті.Үлкенін - Басбармақ, екінші ағасын - Балаң үйрек, үшіншісін - Ортан терек, төртінші інілерін - Шылдыр шүмек, ең кенже қарындастарын - Кішкене бөбек деп атапты.Олар бірігіп жұмыс жасады, бақша екті, тамақ әзірледі.Ортаншы ағалары Ортан терек үйде отырып, үй шаруасына, кішкентайларына қарады.Шылдыр шүмек өте сабырлы, ақылды болыпты.Ол кіші қарындасына ертегі оқып беруді жақсы көрген екен.Ал, кішкентай бөбек болса үлкен ағаларына ұқсап ержеткісі келеді екен.Осылайша, бес ағайынды балалар тату - тәтті, өзара жарастықта, сыйластықта өмір сүріп жатты.

Сұрақтар:

1. Ерте де неше ағайынды өмір сүрді?

2. Олардың есімдері қалай?

3. Олар қалай жұмыс жасады?

4. Ортан терек қандай қызмет атқарды?

5.Шылдыр шүмек нені жақсы көрді?

6.Кішкентай бөбек кімге ұқсап ер жеткісі келді?

7.Кішкентай бөбек ағаларының қандай қасиеттерін алғысы келді?

8.Қандай әрекеттер адамды қуанышқа бөлейді?

9.Өзіңіздің жақсы әрекетіңізбен бөлісіңіз

V .Сергіту сәті.

Оңға түзу тұр

Солға түзу тұр

Алға бір адым

Артқа бір адым

Оңға бұрыл

Солға үңіл

Жоғар, төмен қарайық

Орнымызды табайық

VІ. Шығармашылық іс-әрекет, жеке жұмыс.

1-тапсырма Дәптерге «Жақсылық» деген сөздің әрбір әрпінен басталатын адами қасиеттерді жазыңыздар

VІІ. Топпен ән айту.

Болайықшы осындай

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады

Қиындықты жеңіп кіл

Құшағы гүлге толады

Қайырмасы

Еңбекшіл осындай

Болайықшы досым-ай

Таза бала мұнтаздай

Сүйсінеді қараған

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адамды

videoapkt
VІІІ. Үй тапсырмасын беру.

Оқулық, №18 сабақ 82-бет Мәдіхат Төрежанов «Қамқорлық» ертегісін ата – аналарымен бірге оқып келу.

ІХ. Сабақтың қорытынды сәтi.

-        Балалар, сіздер Күнсіздер, керемет жансыздар! Мен сіздердің жақсылыққа толы нұрлы жүректеріңізге  ризамын! Сау болыңыздар.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Өзін-өзі тану

Сабақ жоспары BOPPS

Өзін-өзі тану сабағына арналған жоспар шынайы көшбасшының қасиеттерін анықтау, интеллект-карта жасау және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша шығармашылық тапсырмаларды қамтиды.

Ералиева Сабыркуль 43 оқылым 3 мин
Өзін-өзі тану

Тема: «Быть честным»

Мектепалды даярлыққа арналған сабақта адалдық, шындықты айту және өзгенің жақсы қасиетін көру тақырыптары қарастырылады. Сабақта Николай Носовтың «Фантазерлер» әңгімесі ұсынылған.

Исайынова Жулдыз Жаслановна 26 оқылым 4 мин
Өзін-өзі тану

Журналистиканың маңызы

Эсседе журналистің халық пен билік арасындағы алтын көпір ретіндегі рөлі, жаңалықтың қоғамға ықпалы және автордың мамандық таңдауы туралы баяндалады.

Еркежан Әуесбекова 34 оқылым 5 мин
Өзін-өзі тану

Урок самопознания : МИР ДУХОВНО-НРАВСТВЕННОЙ КУЛЬТУРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСТВА

4-сыныпқа арналған сабақ жоспарында рухани-адамгершілік мәдениет, ізгілік пен кішіпейілділік талқыланып, өмірлік жағдаяттарды шешу тапсырмалары ұсынылады.

Келдибекова Гульзада Серикбаевна 34 оқылым 3 мин