Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тақырыбы: Тұңғыш Президент

Ровшенова Гульвира Фаизулаеевна
4 мин оқу 260 оқылым

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
Бесшоқы елдімекені
№ 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі: Ровшенова Гульвира Фаизулаеевна
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:Тіл дамыту, көркем әдебиет.
Мақсаты:Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Отаным менің кең - байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел - Отан біздің кең - байтақ,
Отанның біздер баласы.
- Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу қызметіміз қызықты өтпек, себебі бүгін мереке, бүгін - Президент күні. Тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізде біз үш топқа бөлініп отырамыз.
Іздену ұйымдастырушы
- Бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Президент – ел тірегі».
Ашық оқу іс - әрекетіміздің басында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында деректі фильм көріп жіберейік.
Тосын сәт: Слайдтан ғаламшардан келген Томпақ көрінеді.
Томпақ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ғаламшардан келдім. Менің атым - Томпақ. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды, бүгін бізде мереке, біздің еліміздің – президент күні.
Томпақ:
- Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші:
- Балалар, Томпаққа өз еліміз туралы айтпас бұрын өз тобымыз туралы айтып өтейік.
1 - топ. «Астана»тобы.
- Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы. Астана қаласында – Бәйтерек, Қазақстан Республикасының президенттік мәдени орталығы, резиденциясы, «Думан» ойын – сауық орталығы бар.
2 - топ. «Алматы» тобы.
- Алматы – Қазақстанның әдемі қалаларының бірі. Алматы қаласында – Медеу мұз айдыны, Көктөбе ойын-сауық кешені, 14 театр мен 25 мұражай және апорт алмасы бар.
3 - топ. «Ақтау» тобы.
- Ақтау - Қазақстанның ең әдемі, жас қаласы. Ақтау қаласында Жантурин атын - дағы драма театр, көптеген кинотеатрлар, «Ақтау», «Ардагер», «Бәйтерек», ойын - сауық кешендері және Каспий теңізі бар.
Томпақ:
- Жарайсыңдар, балалар, Қазақстанның қалаларын біледі екенсіңдер, енді менің сендерге қояр сұрақтарым бар.
- Балалар, Отаныңыз қалай аталады?
- Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
- Президентіңіз кім және президентіңіз туралы не білесіңдер?
- Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев.
- Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған.
Камила:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Аружан:
Елбасы елді қорғайды Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Назым:
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып - арманы,
Халқымызда - ажарлы
Осының бәрі - әрине,
Елбасының – арқасы.
- Өте жақсы балалар, келесі менің білгім келетіні, Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
- Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, гимн.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992 жылы маусым айында бекітілді. Тудың авторы: Ш. Ниязбеков.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді, авторы: Мәлібаев және Уәлиханов.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Балалар слайдтағы балалармен бірге «Қазақ жігіттері» әніне билейміз.
- Көрдің бе, Томпақ, біздің балалар өз елінің президенті, рәміздері жайлы барлығын біледі.
- Енді балалар, қазақтың салт - дәстүрі бойынша келген қонақты құр жібермейік, Томпаққа өз қолымызбен естелік жасап берейік.
«Астана» тобы – Алдымызда киіз үйіміздің керегесі керіліп, уықтары шаншылып, шаңырағы көтеріп дайын тұрған макеті бар. Сол макетті қазақтың ою - өрнектерімен әшекелейік.
«Астана» тобының балалары киіз үйдің макетіне, алдымен керегесінің ою - өрнектерін жапсырады, содан кейін есігін орналастырады.
«Алматы»тобы - ақ қағаздың ортасына күнді, жан - жағындағы шуағына әр ұлттың суреттерін жапсырамыз.
«Алматы» тобының балалары ақ қағазға күнді, жан - жағындағы шуағына әр ұлттың өкілдерінің суретте - рін жапсырады.
«Ақтау» тобы - ақ қағазға трафаретпен қазақтың ою - өрнектерін басамыз.
«Ақтау» тобының балалары
Трапаретты пайдаланып, губкамен қазақтың ұлттық оюын жасайды.
Әнет:
- Томпақ, біз саған естелікке қазақтың ағаш үйін береміз.
Аружан:
- Ал біз Қазақстанда барлық ұлттың өкілдерімен тату - тәтті өмір сүріп жатқанымызды бейнеледік.
Кәусар:
Біз Томпаққа қазақтың ою - өрнектерін сыйлаймыз.
Томпақ:
- Рахмет, сіздерге балалар, мен қатты қуанып тұрмын сіздердің берген сыйлықтарыңды мен өз ғаламшарыма алып кетемін. Сау болыңыздар!
Балалар Томпақпен қоштасады.
Тәрбиеші:
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі - еліміздің тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!
Бүгінгі президент күніне арналған тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.
Рефлексті коорекциялаушы
- Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Томпақ бізге риза болды ма?
- Томпаққа сыйлыққа не беріп жібердік?
Балалар сұрақтарға жауап береді
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қазақстан Республикасының президентін таниды, өмірімен танысады.
Игеруі: Рәміздер туралы түсініктері бар.
Білді: Ағаш үйді оюлар мен әшекейлей білді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ровшенова Гульвира Фаизулаеевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 61 оқылым