Мазмұнға өту

Тақырыбы: «Қызықты математика»

Кузенбаева Гулшат Исенбавна 3 мин оқу 264 оқылым

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Бесшоқы елдімекені
№ 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі: Кузенбаева Гүлшат Исенбеавна

Білімділігі: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Ойындар арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әртүрлі фигуралар, суреттер.
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері: Армысың, мейірімді Аспан - Ата
Армысың, қайырымдыЖер - Ана
Армысың, шұғылалы Алтын – Күн
Армысың, балабақша, дос - жаран..
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.
- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу- іс-әрекеті.

Қызықтыру сәті: Әуенмен «Білім ханшайымы» келеді.
Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдерме, балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе!
Білім ханшайымы: Балалар мен мектептен келген «Білім ханшайымымын». Сіздерді мектепке барады деп естіп келдім. Мектепке барғыларыңыз келе ме?
Балалар: Иә.
Білім ханшайымы: Олай болса мен сіздерге құр қол келген жоқпын. Өзіммен бірге сіздерге тапсырмалар ала келдім. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар мектепке қабылданасыңдар.
Тәрбиеші: Қош келдің, Білім ханшайымы. Біздің балалар ақылды және сіздің берген тапсырмаларыңызды орындайды. Сіз жайғасып балаларымыздың білімін тамашалап отырыңыз.
Ендеше балалар Білім ханшайымы қандай тапсырма әкелді екен қарайық
1 - тапсырма: Сұрақ-жауап
1. Жылдың төрт мезгілін ата?
2. Қазір жылдың қай мезгілі?
3. Бір жылда неше ай бар?
4. Бір аптада неше күн бар?
5. Бүгін аптаның нешінші күні?
6. Қазір тәуліктің қай мезгілі?
Ойын: «Шардыңтүсіменжылмезгілінсәйкестендір»
(қызыл, сары, ақ, жасыл)

2 - тапсырма: «Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?»
Тәрбиеші: Балалар 2 – тапсырмада былай делініпті: «Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?» Ақ қағаз бетінің ортасына сопақша, сол жақ бұрышының жоғарғысына үшбұрыш, төменгі бұрышына төртбұрышты орналастыр. Оң жағының жоғарғысына шаршыны, төмеңгі бұрышына шеңберді орналастыр.

Дидактикалық ойын: « Қай пішінге ұқсайды?»
Сергіту сәті. Балаларға жәшіктен әртүрлі геометриялық пішіндерді таңдап алу ұсынылады, балалар әуенге қосылып билейді де, әуен тоқтағанда қолдарындағы геометриялық пішін бойынша үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер жасап тұрады.
3 - тапсырма:
1 - ден 10 – ғадейін тура және кері санау.Екі тілде санау.
Дидактикалық ойын: «Жоғалған сан».
Сандардың көршісін табу. (кубиктермен)
(1 - ден10 – ға дейін сандар бойынша ретімен тұрады, балалар көршілерін табады.)

Тәрбиеші: балалар келесі тапсырма кеңістікті бағдарлау бөлімі бойынша келіпті, яғни «Мектепке апарар жол картасын бейнеле» деп аталады.
4 - тапсырма: «Жол картасын бейнеле»
(Ағаш, күн,, тас, гүлдер, жол, мектеп, үйлер) т. б. Суреттерді үстел үстіндегі жасыл матаға өздерінің орналасу реті бойынша балалар жапсырады.
Тәрбиеші: Енді балалар Білім ханшайымының әкелген соңғы тапсырмасын қарайық.
5 - тапсырма:
Логикалықесептер
1. Дүкеннен анам дөңгелек 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды? (1)
2. Қоянда неше құлақ бар. (қоянның суретін көрсету)
3. Қолда қанша саусақ бар? (саусақтардың суретін көрсету)
4. Ағашта 5 құс отыр, оның 2 – уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
5. Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?
Білім ханшайымы: Балалар сендер менің сұрағыма мүдірмей дұрыс жауап бердіңдер. Бір – бірлеріңе көмектесіп өз білімдеріңді көрсеттіңдер, енді сіздерді мектепке қуана – қуана қабылдаймыз. Енді мен басқа балабақшаға барамын, сау болыңдар.
Әуенмен «Білім ханшайымы» шығып кетеді.

Қортынды: Балалар, бүгін қандай тапсырмаларды орындадық, қане, есімізге түсірейік. Біз енді пішіндерді білеміз. (Бірге қайталау) 1 - ден 10 – ға дейін тура және кері санаймыз. (Бірге қайталау) Жыл мезгілдерін білеміз. Апта күндерін білеміз.
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Көріскенше күн жақсы, сау болыңыздар.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Кузенбаева Гулшат Исенбавна

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин