Сайлаубекова Асель Сайлаубеккызы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортамен қарым – қатынасын нығайту, көріп есте сақтау, естіп есте сақтау, топпен жұмыс жасауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, А4 парақ, жүрекшелер, суреттер
Сабақ түрі: саяхат сабақ
І.Ұйымдастыру кезеңі:
- Таңғажайып әлемі
- “Естіп есте сақтау” жаттығу
- Жануарлар әлемі
- “Ұйқасын тап”
- Ойын – пантомима. “Қай жануар қалай жүреді?” (жануардың іс - әрекетін көрсету)
ІІ. Сергіту сәті
- “Табиғат әлемі” атты табиғат туралы сурет салу (өз бетінше жұмыс)
ІІІ. Қорытынды кезең:
- Тілек айту
Балалар, бүгін біз «таңғажайып әлемге» саяхатқа шығамыз.
Тренинг бастама бұрын балалар өзімізді таныстырып, өзімізде болатын жақсы қасиеттерді айтайық. Мысалы: Менің атым – Айнұр. Мен адалмын. т.б. Танысып болған соң, саяхатқа шығалық.
Енді бізге бірнеше кедергіден өту үшін мынандай тапсырмаларды орындауға көңіл бөлейік. Слайд 4
Біз «Таңғажайып әлеміне» келдік. Бізге мынандай тапсырмалар берілді: «Естіп есте сақтау» жаттығуы. Слайд 6. Енді мені тыңдап алыңдар: Мен сендерге 10 сөз оқимын. 2 минут уақыт берем. Ақ қағазға есте қалған сөзді жазасыңдар.
Қазір осы жердегі кедергіден өтсек, «Ұйқасын тап» деген жаттығуға тап боламыз. Слайд 7
Ары қарай Жануарлар әлеміне де келіп жеттік. Балалар сендерге мен сурет берем. Сол суреттегі жан – жануарларға «Пантомима» арқылы, яғни ыммен жануардың іс – қимылдарын келтіресіңдер. Слайд 8
Біраз демалып алайық. Сергіту сәтіне де жеттік. Ортаға шығып сергіту сәтін жасайық.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да. (өзіне көрсетеді)
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да. (досына көрсетеді)
Шуақпен нұр төгіп (қолын жоғары көтереді)
Қөңілді кетті көтеріп (қолдарын шапалақтайды)
Бүгінгі тақырыпқа байланысты өз беттерінше «Табиғат әлемі» деген тақырыпқа сурет салыңдар. (Ақ қағазға) суретті әдемілеп бояңдар.
Қорытынды :
Балалар тренинг ұнады ма? Бүгін осыған байланысты бір – бірлеріңе тілек жазыңдар және сыйлаңдар. (жүрекше таратылады.)
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/tanggazhaiyp-alem-atty-trening
Сайлаубекова Асель Сайлаубеккызы
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.