Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Таң журналы„

Akbota
2 мин оқу 171 оқылым

Қазақ халқында тас бетіне қашалып жазған дүниенің маңызы мен мәні ешқашан жоғалған емес. Оған тарихымыздағы Тоныкөк, Күлтегін жырларының ғасырлар бойы сақталып, бүгінгі күнге жетуі дәлел. Газет пен журналдың қоғамдағы атқаратын рөлі де сондай. Олар мәңгілік. Кез-келген уақытта сарғайған парақтардағы ескілік тартқан жазуларды тауып алуға мүмкіндігіміз бар. Осыдан болар қазақтың ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының “Газет-журнал халықтың көзі, құлағы һәм тілі”  деп тектен-текке айтпауы.

Қазақ халқының тарихында Ахмет Байтұрсынұлының “Қазақ” газетінен бастау алатын газет-журналдардың тарихында 1925 жылы жарыққа шыққан “Таң” журналының маңызы зор. Ол (1922-23ж) жылдар арасында шыққан “Шолпан” журналдарының заңды жалғасы болып табылады.“Таң” журналының шығарушыларының қатарында Ш. Тоқжігітов пен А. Сайдалин-сынды атақты тұлғалар мен қатар жазушы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезов есімі де қатар аталады. Журнал бар болғаны төрт рет қана жарық көргенімен, қоғамдағыбіршама түйіткілді мәселелерді ашып көрсете білді. Авторлар өз материалдарын мазмұнына байланысты қарастырып, бөлімдерге бөліп қарастырды. Нәтижесінде, “Отантану бөлімі” мен “Әдебиет бөлімі”, “Ресми бөлім және “Шаруа бөлімі”, “Білім-тәрбие бөлімдерінде” халықтың жай-жапсары баяндалып, халық тұрмысын жақсарту жолдары баяндалды. Журналдың “Ресми бөлімінде” үкіметтен міндеттеліп тұрған қаулылар, түрлі заңдар мен ережелер шығып тұрды. Ал, қалған бөлімдерде халықтың көзін ашу үшін білім жайындағы мәселелер, тіл мәселелері мен тәлім-тәрбие мәселелері қозғалып отырды. Журнал ел тіршілігіне, тұрмыс салтына, саяси және шаруашылық, мәдениет мәселелеріне көбірек көңіл бөлді. Басылымда көбінесе хат-хабар, мақала, өлең, әңгіме, очерк т.б көркем әдеби шығармалар жарияланып отырды.

Журналдың ең негізгі бөлімі-әдебиет ретінде қарастырылған. Бұл бөлімнен жазушы Мұхтар Әуезовтың қолтаңбасы қылаң береді. Себебі, ұлыақын Абай Құнанбаевтың өлеңдері, ақын, жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы, Абайдың ұлдарының бірі Тұрағұлдың орыс ақындарынан аудармалары және аты аңызға айналған С. Дөнентаев өлеңдері беріліп, талданған.

Журналдың ең алғашқы саны 700 тиражбен жарық көре отырып, өзінің қолдаушыларын тапқан. Алғашқы санында Асан қайғының жерге айтқан даулары баяндала отырып ел мәселесі көтерілген. Сонымен бірге, “Қазақ қызы”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Қайғылы жетім” секілді әдебиеттегі бөлек бағыт пен үрдісті насихаттайтын шығармалар да басылып отырған. Осы арқылы қараңғы қазақтың көзін ашып, қараңғылықты өз нұрымен жоятын жаңа атып келе жатқан “Таң” арқылы  әрбір салаға баули білген. Ел ақындары мен жазушылардың

таныстырып, өз тарихын танытуға да жұмыс жасаған.

Қазіргі таңда, «Таң» журналының жалғасы болып «Таңшолпан» журналы шығып отыр. Әдеби-көркемжурнал көпшілік қауымның арасында тарап жүрген танымды журналға айналған. Журнал жазушылар мен ақындардың жаңа шығармаларын үзбей жариялап келе жатыр. Журналдың биылғы таралымы – бес мың дана.

Сөзімізді қорытындылай айтқанда, “Таң”журналы әлі де болсын үлкен зерттеулерді қажет етеді.  Бұл журнал сол заманда қаражат тапшылығына байланысты төрт рет қана шығарылып, кейін тоқтап қалған. Дегенмен, халық жүрегінде білімге деген ұмтылысты, күнделікті өмірдегі басты мәселелерді түсіндіріп, әдебиетке бағыттаған, заңдар мен қаулыларды халыққа ұғындырып отырған, туған жердің табиғаты мен жан-жануарлар дүниесін таныстыра білген журнал болды. Бұл журналдың әлі дк болсын маңызы үлкен. Халықтың көзі мен құлағына айналып үлгерген бұл журнал арқылы біз де өткен тарихымыздың куәсі боламыз.

 Аманкелдиева Ақбота

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Akbota

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым