Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тағы да жер жайынан

Автор

Абзал Амангелді
2 мин оқу 38 оқылым

Қазақтың ұлттылығы, азаттығы, еркіндігі үшін, ұлт жанашырлары ерең еңбекпен адал қызмет атқарғаны, мына бізге өскелең ұрпақ, жас буынға мәлім, айқын дүние. Алаш зиялыларының басты мақсаты, арманы қазақ елінің тәуелсіз өз жерінде жүріп, өз тілінде сөйлеп бақытты ғұмыр кешуі еді. Бұл сөзге дәлел ретінде Алаш зиялыларының ерең еңбектерін қарастыра аламыз.
Алайда Алаш зиялыларының еңбек жолында көрген әділетсіздіктері көп болды. Отарлық саясатқа қарсы жүргізілген күрес газет - журналдарға мақала жинақтары болып шықты. Соның ішінде 1911 жылдың қаңтар айында жарық көрген «Айқап» журналында өзекті, кең етекті мәселелер жарияланды. Қазақ елінде жүріп жатқан геноцид, отарлық Ресей империясының дистопиясы мен әділетсіз идеологиялар т.с.с. Өзекті де ауқымды мәселелерді дөп басып өткір жаза білген. Соның ішінде жер мәселесі басты сипатты алған болатын. Шырайлы қазақтың жерін Ресейден қоныс аударып келген мұжықтарға, оңды солды бөліп берген еді. Сол мұжықтарға 15 десятина (қазіргі саналыммен 16,35 гектар) құнарлы жерден үйлестіріп бергенді. Осы жер мәселесін 1911 жылдың сәуірінде №4 санында Ахмет Байтұрсынұлы «Тағы да жер жайынан» атты мақаласында талқыға салды. Бірақ та атын толықтай жазбай тек «А.Б» деп жариялаған болатын. Оған себеп цензура болды.
«Қазақ осы күнде қалың орманға кіріп адасқан адам секілді, қалай жүрсе жөн боларын білмей дағдарған кезі» деп бастау алған мақалада, қазақ халқының сол кездегі не істеп, не қоярын білмей дағдарған күйін жеткізеді. Кәсіби білімнің болмағаны ма, әлде интеллект тұрғысында заманауи өзгерістерге үйлесе алмауының кесірінен бе, сол кездегі жұртшылық өздігінше шешім қабылдай алмай, біреудің үнімен, ойымен жүре берген. Ахмет бұл мақалада онсызда аз қалған айаулы жерді алып қалудың һәм жолын ұсынады. Ол «урбанизация». Яғни сол айаулы жерлерге қала салу. «Бұл қала салу деген сөз, қазақтың бәріне айтқан емес, егін салып күн көрерлік жері бар қазақтарға айтылған сөз» деп, шама шарқысы жететін бюрократиялы – авторитарлы қауымға үндеуі. Халықты қала салуға шақырудың басты бір идеясы мен мақсаты ол, аз да болса қалған айаулы жерді сақтап қалу. «Жақсы жерге жиылып қала салсаң, сен неге салып жатырсың дейтін һеш кім жоқ, қазақ қалаған жеріне қала болып отырса, мешіт – медіресе салса, қаланың маңайыңдағы егіндік жерлерді өлшетіп планға түсірсе, өлшеген жер артылмай көп болып отырса, қалаңды бұзып, мешітіңді қиратып, жеріңді ала қоймас» деп басты, әрі негізгі идеяны ұсынады. Бұл мақала сол кездегі қазақ халқын байырғы бос ұстайтын гадетінен айырылу мақсатында, әрі заңменен ақыл ой арқылы өзінің аманатын ұстап қалуды көздеген еді. Сонында аңғау адамды, жаманды ретін тауып кім жем қылмайды, жеріңді сақтау үшін ақылға келуге, заманның үрдісіне қарама қарсы дамуға шақырады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Абзал Амангелді

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы «Тіршілік» газеті

Материалда 1917 жылы Ақмолада шыққан «Тіршілік» газетінің тарихы және оның Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романында баяндалуы сөз болады.

Абзал Амангелді 95 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 11 оқылым 4 мин
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 25 оқылым 4 мин
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 11 оқылым 5 мин
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 1 007 оқылым 8 мин