Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·жаңа шығарылым Жаңа шығарылым Жариялау

: «» · ₸

Bilimger Media
2 мин оқу 528 оқылым

Тақырыбы: «Табиғатым - тал бесігім»
Мақсаты:
Оқушылардың санасына қоршаған ортаға туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті және табиғат құбылысында болатын жағдайлар туралы түсінік қалыптастыру.
Туған жерді, қоршаған ортаны сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
Шығармашылық қабілеттерін жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: «Табиғатты қорғайық, аялайық», «Қазақстан қорықтары» видеолары, суреттері, мултимедия кешені, видеотаспа және т.б
Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың тақырыбен таныстыру
І. «Танысу» аялдамасы. Глобусты бір – біріне бергенде өзінің аты – жөнін және немен айналысқанды ұнататындарын және болашақта қандай мамандық иесі болғылары келетіндерін айтады да келесі оқушыға береді. Глобусты ұстап айтуды мұғалім өзінен бастайды.
Сол кезде оқушылардың Жер шарын қалай ұстағанға мән береді. Глобус мұғалімге қайтып келгенде, «Біз жерде өмір сүреміз. Бәріміз ата- ана үшін, оқу үшін, болашақ үшін жауап береміз, ал Жер үшін жауапкерлікті сезінеміз бе? Оның өсімдігімен, топырағымен, ауасымен, қалаларымен не болып жатқанын білеміз бе? Әркім осы жерде өзінің ізін қалдырады. Сендер әлі оқушысыңдар, болашақта Қазақстанның белгілі де, білімді азаматы болсаңдар сендерде еліміздің дамуына үлес қосады деп сенемін!
2. Енді «Киностудио» аялдамасына келеді.
«Табиғатты қорғайық, аялайық » фильмін көру.
3. «Ой шақыру» аялдамасы.
«Табиғатты қорғайық, аялайық» фильмін көріп, оқушылар өз ойларын айта келіп, табиғатты ластамаудың жолдарын, табиғатты сақтап қалу үшін өздері қандай игі істер жасай алатындарын баяндайды. « Табиғат байлықтарын дұрыс игермеу неге әкелді?», «Адамзаттың әдейі жасалған қастандықтарының соңы неге әкеп соқтырды ?» - деген сұрақтарға жауап береді.
4. «Ұлттық – тәлім тәрбие» аялдамасы.
Ойын "Мақалдың жалғасын тап"
Табиғат - тал (бесік.)

Жері байдың елі (бай.)

Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді,
Ай мен Күн өлмейді,
(Қара Жер өлмейді).

Батыр туса - ел ырысы,
(Жаңбыр жауса - жер ырысы.)

Бір тал кессең, (он тал ек).

Бұлақ көрсең, (көзін аш).

Судың да (сұрауы бар).

Көлдің көркі - құрақ,
Таудың көркі – (бұлақ).

Ақыл басқа бітеді, қына (тасқа бітеді.)

Дәрі шөптен шығады, дана — (көптен шығады.)

5. «Қорықтар» аялдамасы
Қазақстанның қорықтары жайлы видео көрсету.

6. Білімділер аялдамасы
Лездік сұрақтар:
Қазақстанның табиғатын қорғау үшін қандай іс-шаралар қолданылады?
Елімізде қорықтардың жалпы саны қанша?
Қорықтардың атауларын кім біледі?
Қызыл кітап қандай мақсатта басылып шыққан?
Қызыл кітапқа енген жануарлар не болмаса өсімдіктерді кім біледі?
Қазақстанның қызыл кітабы ең алғаш қай жылы басылып шықты?
Қазақстанда өсімдіктерге арналған қызыл кітаптың екінші басылымы қай жылы жарық көрді?
Кітаптың түсі неліктен қызыл деп ойлайсындар?
7. «Болашақ» аялдамасы
Біздер Қазақстанның табиғатының болашағы үшін не жасай аламыз?
Постер қорғау, сурет салу
3.Қорытынды
Тәрбиеші сөзі:
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін
табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!
«Таза болса, табиғат
Аман болар адамзат!» деген Ф. Оңғарсынованың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Биология

Әртүрлі этникалық топтардағы тыныс алу жүйесі аурулары кезіндегі генетикалық және қоршаған орта факторларының өзара әрекеттесуі: мета-анализ

ӘОЖ 575:616.2 Әртүрлі этникалық топтардағы тыныс алу жүйесі аурулары кезіндегі генетикалық және қоршаған орта факторларының өзара әрекеттесуі: мета-анализ Тулепбекова С.Ж. Магистрант, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық…

Тулепбекова Самал Жұмабекқызы 11 мин
Биология

Тары (Panicum miliaceum l.) дақылының микромицеттері: түрлік құрамы, фитосанитариялық қауіптері және күрес шаралары бойынша жүйелі шолу және метаанализ

ӘОЖ 633.17:632.4 Тары (Panicum miliaceum L.) дақылының микромицеттері: түрлік құрамы, фитосанитариялық қауіптері және күрес шаралары бойынша жүйелі шолу және метаанализ Аңдатпа Аңдатпа Зерттеудің мақсаты – Ақтөбе…

Шолпан Сәкенқызы 17 мин
Биология

Аутизм спектрінің бұзылуларымен ассоциацияланған кандидат-гендердің генетикалық вариациялары мен экспрессиялық белсенділігінің интеграциялық талдауы

Аутизм спектрінің бұзылуларымен ассоциацияланған кандидат-гендердің генетикалық вариациялары мен экспрессиялық белсенділігінің интеграциялық талдауы Жумадил Аружан Темирбекқызы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық…

Аружан Жумадил 10 мин 14 оқылым