Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Табиғат құбылыстарындағы баланың тілін көркем сөз арқылы дамыту

Мауленова Сабира Досмухановна
4 мин оқу 683 оқылым

Мауленова Сабира Досмухановна

Табиғат құбылыстарындағы баланың тілін көркем

сөз арқылы дамыту

Еліміздің болашағы – бүгінгі бүлдіршін. Демек бала жүрегіне жол тауып, оны адами құндылықтармен толықтырып, өзіне сенімді, тілі көркем, рухани бай тұлғаны тәрбиелеу баршаға ортақ міндет. Бесік жырынан бастап, ұлттық сөздерді, жас кездерінен құлақтарына сіңіреді. Демек баланың жан дүниесіне әсер ететін эстетикалық тәрбиені қалыптастырады. Баланың тілін көркем сөзбен өрнектеуде серуеннің де алатын орны ерекше.

Серуен  - Баланың тіл байлығы дамиды.

  • Достыққа тәрбиелейді
  • Байқағыштық қасиеті қалыптасады
  • Табиғаттан мейірімділікті үйренеді

Серуен барысында өзін қоршаған әлемнің тылсым сырларын ұғынуға тырысады. Ой қиялын табиғатпен бірлестіріп, дамытады.

Табиғат дегенде:

  • Шексіз аспан
  • Шуақты қүн
  • Ақша бұлт
  • Саялы бәйтерек
  • Жайқалған гүл
  • Сайраған құс
  • Мөлдір бұлақ
  • Ақ жауын
  • Күркіреген найзағайды елестетеміз.

Серуен балысында бала тілін табиғи құбылыстарды: жаңбырдың бұлттан, бұлттың будан болатынын бақылату арқылы дамытуға тәрбиеші күнделікті серуен кезінде аспанға назар аударады. Бұлтты, бұлтсыз сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Жаңбырдың жаууы кезінде балаларға оның бұлттан жауатындығын түсіндіреді. Оны жұмбақтап толықтыруға болады.

Мысалы:       Ақ мақта әлдеқайда барады ауып,

Жақындап кетсе жерге алар жауып.

(Бұлт)

Жабырқаған көңілімізді жадырататын, бала тілімен олардың риясыз түсінігімен қарағанда үздік-үздік жіпке немесе ақ моншаққа ұқсайтын жаңбыр тамшылары да табиғи құбылыстардың бірі. Бала тілін дамытуда бұл құбылысты мақал-мәтел арқылы да өрнектеуге болады.

Мысалы:      Жаңбыр жауса – жер ырысы,

Батыр туса – ел ырысы.

Жаңбырменен жер көгерер,

Батаменен ел көгерер.

Бізді қоршаған табиғат, ондағы жыл мезгілдері және әр жыл мезгілдерінің өздеріне тән ерекшеліктері жайында серуен барысында толықтырып айтуға болады.

Күзде: Балалардың өлі табиғаттағы, құстар мен аңдардың тіршілігіндегі күзгі өзгерістері туралы нақтытүсініктерін кеңейту, Балаларға бұрыннан таныс кейбір құбылыстар мен ауа райының жағдайы және өсімдіктер мен жан-жануарлар тіршілігі арасындағы байланыстың реттілігін анықтап, «күз» ұғымдарының мәнісін айқындап, қорытындылауғабағыттау. Балалардың жансыз табиғаттағы, құстардың, хайуандардың өмірінде бірте-бірте болатын өзгерістер: жапырақтардың түсуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі жайындағы ұғымдарын бекіту.

    Қыста:  Балалардың қысқы ауа райының сипатты белгілері ағаштардың, ормандағы аң, құстардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту және қорытындылау мақсаты көзделеді. Еңбек дағдыларынқалыптастыру, жанды нәрселерге ұқыптылықпен қараусезімін тәрбиелеуді жалғастыра беру. Қар жауып тұрған кездебалаларға қоңыр қағаз қиындысын беріп, оғанқар ұшқынын тосып алып, оны анықтап қарап, соңынан сурет салуды ұсыну, бала қиялын ұштау. Қыс туралы ұғымын толықтыра отырып, күнделікті байқау, кештің еске түсуі, ай мен жұлдыздардың шығуы, ауа райы құбылыстарына қардың жаууы, аяз, боранның болуына назар аудару.  Қыс қызығын тамашалап, жұздері суықтан бал-бұл жайнаған балалардың ақ қар, жалтыраған көк мұзда шана, шаңғымен сырғанап ойнап жатқан суреттері бейнеленген суреттер арқылы «Қыс қызығы», «Ортақ шана» атты қимылды ойындарын ойнату.

Көктемде: Табиғаттың көктемдегі құбылыстары, олардың себептері туралы, көктемдегі адамдардың еңбегі жайында балалардың білімдерін толықтыру қажет болады. Көктем ұғымын қалыптастыру. Өлі табиғаттағы өзгерістерді, күннің ұзаруын, селдің жүруін, өсімдіктер дүниесіндегі ағаштар мен бұталардың бүр жаруын, алғашқы жапырақтардың шығуын, көктемгі гүлдердің гүлденуін байқау. Жәндіктердің іс-қимылдарын бақылату арқылы балалардың түйсіктерін толықтыру. Құстардың ұшып келуі, ұя салып, балапандарына жем беруін бақылай отырып, қарлығаштың ұясы туралы әңгімелеп беру, құстардың пайдасы, оларды қорғау, қамқорлыққа алужөнінде әңгімелесу. Табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы дидактилалық  ойындар орнату арқылы да балалардың сөздік қорын молайтуға болады.

Жазда: Жаз мезгіліндегі күннің жарығы мен жылуын әсерінен өсімдіктердің өсіп жетілуі жөніндегі бала ұғымы кеңейіп, жинақталады, жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар  мен шөптесін өсімдіктерді айыра білуге үйрету ескертіледі. Адамдардың гүлзардағы, егістіктердегі еңбегімен таныстырылады, табиғатқа құмарлық пен сүйіспеншілік және ұқыпты қарау сезімдеріне тәрбиелейді. Сондай-ақ табиғаттағы жаз құбылыстары: ерекшеліктері туралы бүлдіршірдердің ой – өрісін дамытып толықтыру, өсімдіктерді күту, жануарларға қамқорлық жөніндегі адам еңбегіне тоқталу. Жаз күнінің ұзақтығы, жаңбыр, найзағай, кемпірқосақ туралы түсініктерін нақтылау. Серуен кезінде жаздың әр кезеңінде гүлдейтінөсімдіктердің, жемістердің пісуін, құстардың көбеюін бақылау. Гүлдерді жинау, гүлшоқтар тобын жасау арқылы топ бөлмелерін безендіру. Табиғат бұрышында балалар бөлме ішіндегі өсімдіктерді суарып, гүлдердің түбін қопсытады. Табиғат құбылыстары туралы өз елінің табиғатын қорғап, қамқор бола білу қасиетін бойына сіңіреді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат құбылыстарының жұмбақ сырлары әрқашан да қызықтырады. Олар тілі шыға бастаған кезден-ақ үлкендерден әр нәрсені сұрап, білмекке құштар болады. Мысалы: «Қар неге жауады?», «Жаңбыр қайдан пайда болады?», «Жеміс-жидектер қыста неге піспейді?», «Қарлығаш неге тек күн жылығанда келеді?», «Шыбын –шіркей  қун суығанда қайда кетеді?» т.б. сан алуан сұрақтар қояды. Бала естіген, қөрген, сезген нәрсесін танығысы, білгісі келетіні заңды құбылыс қой. Ендеше балалардың осындай сұрақтарына мән беріп, ойдағыдай түсіндіре аламыз ба? Бүлдіршін бөбектердің тіршілік, түйсігі осындай ұсақ – түйектен қалыптаса беретіні бекер ме?

Бала зейінін құстардың сайраған даусына судың сылдырлағанына, жапырақтардың сыбдырына назар аудара отырып, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты осы құбылыстардың өзгеруін түсіндіру ғана емес, айналасындағы ортада болып жатқан барлық өзгерістерді өздігінше бақылай білуге үйрету қажет. Мұны бала психологиясын жетік білетін, туған елінен табиғатын сүйетін, жаны нәзік тәрбиеші ғана істей алады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мауленова Сабира Досмухановна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым