Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сырдың сырбаз перзенті еді…

Жетекші: Қозыбақова Ф.А Бокенбай Ғаниза
2 мин оқу 33 оқылым

Ғылыми жетекші: Қозыбақова Фатима Ақынбайқызы
Мақала аты: Сырдың сырбаз перзенті еді

Бокенбай Ғаниза

Сырдың сырбаз перзенті еді…

Мұстафа Шоқай ол кім?

Мұстафа Шоқай-халық қамын ойлап, зыр жүгірген, түрік тілдес халықтардың дербес мемлекетін құрсам деп армандаған, сол жолда басын қатерге тіккен қазақ халқының жарық жұлдыздарының бірі еді.Мұстафа Шоқай 1890 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Сұлутөбе стансасында туған. Ол әуелі ауылдағы мектепте оқып, кейін Ташкенттегі гимназияны, Петербург университетінің заң факультетін бітірген. Орыс, ағылшын, француз, поляк және бірқатар түркі тілдерін емін-еркін білген. 1915-1917 жылдары Түркістан өлкесінің тәуелсіздігі үшін жанталаса күрескен. Петерборда Мұстафа Шоқай ұлттық мұсылман қозғалысының өкілдерімен танысады. Мұстафаның үлкен саясатқа араласуына ықпал еткен бірден бір адам Әлихан Бөкейханов еді. Бөкейхановты Шоқайдың саяси ұстазы деуге де болады. Ол Мұстафаның бойындағы қажыр-қайраты мен ұлтжандылығын байқап, жас Шоқайды сол кезде Петербордағы саясаткерлермен, қоғам қайраткерлерімен, мемлекеттік Дума депутаттарымен, оқымысты ғалымдармен және жазушылармен таныстырды. Мұстафаны Ресей мемлекеттік думасы мұсылман фракциясының хатшылығына ұсынған да Әлихан болатын. 1917 жылғы революция нәтижесінде патша өкіметінің құлауы Мұстафа Шоқай үшін үлкен қуаныш еді. Ол түркі халықтары сол төңкеріс кезінде Ресей бодандығынан құтылып, автономия алады деп үміттенді. Алайда 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы және солдат депутаттары кеңесі жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын мойындаудан бас тартты. Сөйтіп, өлкедегі барлық билік еуропалық нәсілділерден құралған Түркістан халық комиссарлары кеңесіне көшеді деген қаулы қабылдады. Мұстафа Шоқай мұны барып тұрған әділетсіздік деп бағалады. 1917-1940 жылдар аралығында Стамбулда және Берлинде «Жаңа Түркістан» мен «Жас Түркістан» деген журналдар басып шығарып, сонда Кеңес өкіметінің әділетсіз саясатын бүкіл батыс  елдеріне жария еткен. 1941 жылы неміс фашистері Парижді басып алған соң М.Шоқайды қамауға алып, тұтқынға түскен Түркістандық жауынгерлермен жұмыс істеуге итермелеген. Кешікпей М.Шоқай белгісіз жағдайда Берлинде дүние салған. М.Шоқайдың елінің бостандығы үшін күрескенін, Кеңес өкіметінің екі жүзді саясатын әшкерелегенін дүние жүзі білгенімен, өз отандастары естімеді, білмеді. Оның еңбектерін де, тіпті атын атауға қатаң тиым салынды. Бұл тәртіпті бұзғандар ОГПУ НКВД органдарынан аяусыз жаза алды. Сонымен қатар белгілі жазушылар Ә.Әлімжанов, Б.Қойшыбаев, Х.Абдуллин және басқалары да нақты деректерге жүгініп Мұстафа Шоқайдың халқына адалдығына, даналығына, ақтығына көпшіліктің көзін жеткізген сияқты. Мұстафа Шоқай тарихтан өз бағасын ала алмады. 1993 жылы 5 қарашада Қазақстанның халық жазушысы Ә.Тәжібаев, атақты академиктер Ж.Әбділдин, М.Қозыбаев және де елі аса жоғары құрметтейтін бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мырзаға Ашық хат жолдап, Мұстафа Шоқайдың еңбегіне әділ баға беріп, оны еске алу жайлы шараларды жүзеге асыруды сұрады.Барша жұрт мұны ризашылықпен қабылдады. Өмір өзі көрсетіп отыр: тарих алдауға көнбейді. Бірі ерте, бірі кеш, бірақ қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының қайраткерлері түгелдей өздеріне тиесілі орнын табатыны сөзсіз.Мұстафа Шоқай туып өскен ауыл-Мұстафа Шоқай ауылы деп аталды. Егемендікті ұлықтау ұлылардан бастау алады. Өткен тарихтың асылын бағалап үйренейік. Әр тарихи тұлға біздің болашаққа бағдарлаушымыз екенін естен шығармайық. «Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады»,-деп Расул Ғамзатов айтқандай, шындыққа қиянат жасамайық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Жетекші: Қозыбақова Ф.А Бокенбай Ғаниза

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Сырдың сырбаз перзенті еді...

Мақалада Мұстафа Шоқайдың өмір жолы, білімі мен саяси қызметі, Түркістан тәуелсіздігі жолындағы күресі баяндалады.

Жетекші: Қозыбақова Ф.А Бокенбай Ғаниза 2 мин 54 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 25 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 017 оқылым