Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сындарлы оқытудың жаңартылған білім берудегі тиімділігі

Төлегенова Кулиза Райымкуловна
2 мин оқу 1 170 оқылым

Төлегенова Кулиза Райымкуловна

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жолында Білім беру саласында реформалар жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда сол реформалар негізінде Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.

Еліміздің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан өзгерістерінің бірі модуль бойынша теориялық білімдерді меңгерту. Білім беру үдерісінде осы модульдерді кіріктіре оқыту арқылы сапалы оқу үдерісін ұйымдастыру.

Деңгейлік бағдарлама негізінде білім алу арқылы болашақ маман білім беру әрекетін сауатты жоспарлауды үйренеді, бағалаудағы субъективтіліктен арылады, сабақты диалогты формада жүргізу және оқушылардың көшбасшылығын дамыту сынды заманауи білім беру парадигмаларын игереді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану жолдарын және инновациялық оқыту стратегияларын меңгереді, сыни ойлау арқылы метатаным деңгейіне көтерілу мүмкіндігін сезінеді.Осы міндеттер білікті маман даярлау ісін шешу кезінде өз ықпалын тигізеді.

Неміс педагогы А.Дистерверг өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» еңбегінде: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді»,- деген екен, демек  әрбір  мұғалім өз пәнінде білімгерлердің әр тақырыпты өздері түсінуі арқылы талқылап, өзара әрекеттесе отырып, оқып-үйренгенін қолдана білуге, сын тұрғысынан ойлау арқылы диалогтық іс-әрекет жасауына  жағдай туғызуы керек. Білімгерлерімнің бойында көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру үшін олардың өзiн-өзi epкiн ұcтayы, өздерiнe дeгeн ceнiмнің артуы, тaбaнды, жiгepлi болуы, бұйығылықтaн apылуы үшін диалогты оқытуды қолдану тиімді екенін практика жүзінде  байқадық.

«XXI ғaсырдa нені oқыту керек?» және «Мұғaлімдер oқушылaрды XXI ғaсырғa қaлaй дaйындaйды?» - деген сұрaқтар бүгінгі білім берудегі ең негізгі сұрaқтар екендігі сөзсіз. XXI ғасырға oқушыны дайындау үшін алдымен, өзіміз өзгеріп, сoдан сoң, өзгелердің өзгеруіне үлесімізді қoсуға тиіспіз. Себебі, дәстүрлі сабақтарда мұғалім әрі бағыттаушы, әрі дереккөзі, әрі бақылаушы,  бір сөзбен айтқанда сол сабақтың «иесі» болса, ал жаңа бағдарлама бойынша мұғалім тек бaғыт-бaғдaр беруші, ал сабақтың қалған бөлігін оқушылар өз беттерімен іздену барысында жaңa тапсырмаларды зор құлшыныспен орындай отырып жан- жақты дамиды. Мұғалім оқытудың жеті модулін пайдалана отырып,  оқушыларды жаңа қырынан өзін көрсетуге, ынталандыруға, көшбасшылыққа, жауапкершілікке үйретеді.

Қазіргі заман мұғалімдерінің алдында шешімін табу керек мәселелер мен міндеттер күтіп тұрғандықтан, көшбасшылық міндетін орындау үшін, шынайы, нақты, дұрыс қадамдар жасап, міндеттелген жұмыстарды абыроймен атқарып шығуы үшін, білім берудің заманауи технологияларын меңгеріп қана қоймай, психологиялық, педагогикалық шеберлігіктерін дамыту жолында талмай еңбектенулеріне тура келеді. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыра отырып, мұғалімдердің білімдерін арттыру мақсатында, тәлімгерлердің тұлғалық сапасын дамытуда, педагогикалық қызметте сапалы нәтижеге қол жеткізетін мұғалімдерді дайындауда, тура бағыт- бағдар бере алатын оқу курстарының берері мол.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Төлегенова Кулиза Райымкуловна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым