Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сын есім. Дара,күрделі сын есім.

Bilimger Media
4 мин оқу 1 369 оқылым
Сыныбы:   6  Күні: Мұғалімі: Укибаева А.М Кабинет:
Сабақтың тақырыбы: Сын  есім . Дара, күрделі сан есімдер.
Мақсаты: Сын есімге  тән маңызды  белгілері жайында, дара, күрделі сын есімдерді ажырата білуге түсінік беру. Ойлау, есте сақтау, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.   Қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарының артуына жағдай тудыру.
Оқыту нәтижелері: Барлығы:  сын есімнің мағыналық түрлері туралы біледі,  мысал келтіреді, бөліседі.

Көпшілігі:  алған білімдерін шешім қабылдауға пайдаланады, саралайды, талқылайды.

Кейбірі: мысалдар келтіреді, Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласына өз пікірлерін айтады, алған білімдерінің құндылығын анықтайды.                                                                               

Керекті жабдықтар: Презентация, интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері, ресурс, бағалау, стикер
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Ой қозғау», «Сұрақты қағып ал» әдісі,  «Жұмбақ зат» әдісі, «Синквейн» әдісі, «Жылдам жауап» әдісі., «Бес бармақ» әдісі, топтық жұмыс, жеке жұмыс, формативті бағалау түрлері.
Сабақ кезеңдері:                  Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру

 2 мин

Психологиялық ахуал тудыру. «Шаттық шеңберіне» тұрып, мына өлең жолдарын айтады:                                                               Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,                                                     Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.                                        Қастерлейді ұл, қызын мәңгі сені,                                         Болашағым, бақытым – дара тілім!

-          Балалар, біз  « Болашаққа», « Бағдар», «Рухани»    «Жаңғыру» болып  4 топқа  бөлініп отырдық, бұл не өзі, неліктен деп ойлайсыңдар? Бұл мақаламен біз қашаннан таныспыз?

Шаттық шеңберін құрады. « Болашаққа», « Бағдар» «Рухани»    «Жаңғыру»,                                                     болып,        4топқа  бөлінеді.  Оқушы- лар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша өз пікірлерін айтады.
Үй тапсырмасы        3 мин

Жаңа сабақ

3 мин

«Ой қозғау». «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы өтілгенді еске түсіру. Әр топқа үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында сұрақтар беру.                                                               1 – топ «Рухани»: Зат есім дегеніміз не ?    Зат есім мағынасына қалай қалай бөлінеді? Мысал келтіріңіз.                                                                2-топ  «Жаңғыру»: Жалпы, жалқы есім дегеніміз не? Деректі, дерексіз зат есім дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.                                                                3-топ «Болашаққа»: Зат есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді? Негізгі, туынды зат есім дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.                                                                                                 4-топ « Бағдар»: Зат есім құрамына қарай қалай бөлінеді? Дара, күрделі зат есім дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.                                                                                «Сұрақты қағып ал» әдісі бойынша әр жауапты мадақтап, ынталандырып отырамын.

«Жұмбақ зат». Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысу барысында оқушыларға «Жұмбақ зат» әдісін  ұсынамын. Әр топқа сын есім жазылған бүктемедегі зат жіберемін, оқушылар жасырынған затты оқып, жаңа тақырыпты ашып, мақсатымен танысады. Жаңа тақырыпты ашқан соң оқушылар сын есім туралы өздері ереже шығарып айтады.

Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі.Жеке, топта жұмыстанады.                                                                             1 – топ «Рухани»: Елбасының сөзінен сын есімдерді тауып, сұрақ қой.  1.Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі.                                                            2.Туған жер – әркімнің қасиетті мекені. (Н. Назарбаев)                       2-топ  «Жаңғыру»:  Елбасының сөзінен сын есімдерді тауып, сұрақ қой. 1. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.  2.Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық». (Н. Назарбаев)                                                                          3-топ «Болашаққа»: Елбасының сөзінен күрделі сын есімдерді тауып, сұрақ қой. 1. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз.                                                                            2. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. (Н. Назарбаев)                                                           4-топ « Бағдар»: Елбасының сөзінен дара, күрделі сын есімдерді тауып, сұрақ қой. 1.Есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар.                                                                       2.Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. (Н. Назарбаев)

 1 – топ «Рухани»:  112-жаттығу.Сын есімдерді қатыстыра отырып, «Табиғат суреттері» тақырыбына мәтін құра.                        2-топ  «Жаңғыру»:  114- жаттығу.Бояу түрлерін жазып шығыңдар. «Кемпірқосақ» тақырыбына жұптасып диалог құрыңдар.                                                                                                                  3-топ «Болашаққа»: 117- жаттығу. Сын есімдерді қолдана отырып, бір-біріңе жақсы пікірлер айтыңдар                                                                     4-топ « Бағдар»: «Синквейн» әдісі. 5 жолды өлең құрастыру

1.Кім?

2.Қандай?

3.Не істеді?

4.Сөйлем

5. Синоним

Әрқайсысы  сұраққа жауап береді, сыни ойлайды, ойын тұжырымдайды, мысалдарды тақырыппен байланыстырады

«Өте жақсы»  «Жарайсыңдар» деп бағалап кетемін

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Жаңа тақырыпты анықтайды. Сабаққа белсене қатысады.Сабақ мақсатын анықтайды. Тақырыпты жұмыс дәптерлеріне жазады

Белсенді оқиды, топта түсінгендерін айтады. Әр топ негізгі түсініктерді талдап, түсіндіреді, алған білімін пысықтайды, өмірде қолданып үйренеді. Топпен тапсырмаларды бірігіп орындайды.

«От шашу» әдісі арқылы формативті баға береді

«Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалайды

 

Топпен жұмыс

    5 мин

Кітаппен жұмыс

10 мин

 Сергіту сәті 3 мин «Жылдам жауап» әдісі.

1.Қандай сұрағына жауап беретін сөз (жақсы)

2.Заттың түсі.(қызыл)

3.Қандай жолдас болуы мүмкін.(жаман)

4.Бөлме қандай болады?(кең)

5. Алманың түсі қандай.(сары)

6 Қай сұрағына жауап беретін сөз (шеткі)

7.Жемдеп қойған мал қандай болады (семіз)

Оқушылар ойларын сергітіп келесі тапсырмаларды орындауға дайындалады.

 Бекіту 5 мин Семантикалық карта
Сын есім Дара Күрделі Жасалуы
Ақылды
Мейірімді
Аппақ
Көкпеңбек
Қызықты-қызықты
Тәп - тәтті
Ақ сақалды
Қызыл күрең
Оқушылар семантикалық карта арқылы алған білімдерін қорытындылайды.
Рефлексия

5 мин

«Бес саусақ» әдісі арқылы сабаққа рефлексия «Бес саусақ» әдісі арқылы сабаққа рефлексия жасайды, сабақ туралы өз ойларын жазады.
Бағалау                                    3 мин Топ басшыларына дискрипторлар беріледі, сол бойынша топ мүшелерін бағалайды Бағалау  парағы бойынша
Үйге тапсырма

1мин

Ереже, 116- жаттығу Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 55 оқылым