Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сұхбат

Назерке Иманалы
2 мин оқу 49 оқылым

Бүгінгі сұхбатымызды ұлттық сусынымыз қымыз бен саумалға арнап отырмыз. Қымыз ашыту әдісі мен қымыз ішу мәдениеті ата-бабамыздан бізге жетіп отыр. Қымызды басқа елдер де сусын әрі ем ретінде қолданады. Тіпті, бие сүтінен бет күтіміне арналған бұйымдар мен түрлі сусабындар шығарып отырған елдер бар. Олай болса, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, нутрициология кафедрасының доценті, phd докторы, Айгүл Нағашыбекқызы Қожахметовамен қымыздың пайдасы туралы сұхбаттасқан едік.

-Қымыздың адам денсаулығына пайдасы қандай?

-Қымыздың қазіргі заманауи адамдар үшін пайдасы өте жоғары. Себебі, қазіргі кезде дүкен сөрелерінде әртүрлі сүт өнімдері өте көп. Ал, олардың құрамындағы пайдалы заттардың әсері төмен болуы мүмкін. Сондықтан дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының кеңесінше 1 тәулікте кез-келген адам 300-500-ге жуық сүт және ашыған сүт өнімдерін тұтыну керек. Осы тұрғыда қымыздың берер пайдасы өте жоғары. Яғни, қымыздың құрамында басқа тағамдармен алмастыра алмайтындай амин қышқылдарының мөлшері жоғары. Сиыр сүтімен салыстырғанда, қымыздың құрамында  пайдалы дәрумендер өте көп. Әсіресе, С дәруменінің мөлшері өте жоғары. Мұндағы С дәрумені иммундық жүйені нығайтуға, түрлі қабыну ауруларын алдын алады. Сондай-ақ қатерлі ісік ауруларының дамуын тежейді. Қазіргі кезде адамдар қымыз өнімін сирек тұтынады. Соның салдарынан түрлі аурулардың дамуы күшейіп кетті.

-Бүгінгі таңда қымыз бен саумалға деген сұраныс қаншалықты артып отыр?

- Қымыз пандемия кезінде өте жоғары сұранысқа ие болды. Сондықтан, қымызды күнделікті ас мәзірімізге қойып, жиі тұтынатын болсақ түрлі індетке қарсы тұра аламыз. Себебі, қымыздың құрамында бактерияға, вирусқа қарсы дәрумендер бар. Адам ағзасын түрлі аурулардан сауықтыру үшін қымызды пайдаланған дұрыс. Қымызды таңертең ашқарынға және ұйықтар алдында ішу керек. Сонымен қатар, саумалдың құрамында, қанды жаңартатын,  қан клеткаларының жаңа түрлерін түзетін дәрумендер бар. Ағзаны нығайту кезінде, жүкті әйелдердің анемияға шалдықпауына, отадан кейін ағзаны қалыпқа келтіру барысында саумалдың алар орны ерекше.

- Сұхбатыңызға рақмет. Тұлпар мініп, қымыз ішіп, құндылықтарымызды құрметтей білейік!

Назерке Иманалы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Назерке Иманалы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым