Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Суицид-қоғам дерті.

Аяулым
4 мин оқу 22 оқылым

Суицид-қоғам дерті.

Байнукей Аяулым 11 сынып оқушысы
Мына заманда өзін-өзіне қол жұмсау жағдайы өршіп тұр.Былайша айтқанда,бұл адамның өзінің ішкі болмысына жасалған қатыгездігі, яғни жауыздығы.Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады екен. Суицид- бұл барлық жастағы адамға әсер ететін өзекті жаһандық проблема.
Суицидті ойлау мен өзін-өзі өлтірудің ауыртпалығы жеке адамға, отбасына және қоғамға айтарлықтай зиян тигізеді.Соңғы уақытта ақпарат құралдары, әсіресе, әлеуметтік желілерде балалар арасындағы суицид мәселесі қызу талқыланып жатыр. Ғаламдық жиілікке қарасақ, Қазақстан-жағдайы ең нашар елдердің қатарында тұр.Бұл жиілік санатына қарап тек бір сұрақ туындайды. “Суицидтің басты себебі не?неге жыл сайын осыншама адам өз еркімен опат болады? Оның арасында тұрмыс жағдайы жатыр ма, әлде адамдар арасындағы араздық па? немесе шынымен ғаламтор мен орта ықпалы ма?”. Осы іспеттес жауабына жету қиын күрделі сұрақтар көп-ақ.
Бірақ кесімді, көңілге қонымды қарапайым жоқ. Бірде-бір жекеленген себеп немесе фактор адамның өзін-өзі өлтіруіне себеп бола алмайды.Сондай-ақ, өз-өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болғаннан туындайды.Әсіресе, бұл дерттің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны алаңдатады. Дені сау, қарны тоқ, киімі бүтін баланың өмірден түңілуіне көп жағдайда адамның жан дүниесінің тоқырауынан туындайды. Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Суицидтік
мінез-құлқына қатысты әрекеттер мен оның алдын алу үшін ең алдымен
ата-ана баланың көңіл-күйіне ерекше назар аударғаны дұрыс.
Жыл сайын 10 қыркүйекте Дүниежүзінің денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтірудің алдын алу жөніндегі халықаралық қауымдастықтың қолдауымен “Дүниежүзілік өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу” күнін өткізеді. Статистикаға сүйенсек, орташа есепте, әр күн сайын әлемде 3000-ға жуық адам өз еркімен өмірімен қоштасады екен. Айта кетерлік, соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен ғаламторда балалар және жасөспірімдер миын улап, қорқынышқа бөлеп, суицидқа шақыратын ойын мен топтар баршылық, онымен қоса олардың әсері ой түкпірінде қала береді. Мәселен, 2017 жылы әлемдік деңгейде өзін-өзі өлтіруді уағыздаған “Синий кит” ойыны қаншама жас балалардың өмірін алып кетті. Ал өрімдей бала өз өміріне неге күдер үзуі мүмкін? Иә, әр адамның өмірінде қиыншылықтар мен проблемалар кезігеді. Алайда, өмірден бас тарту, бұл-шешім емес. Өмірден бас тарту-өзімшілдікке жатады. Және суицид жасаушылар да өзімшіл болып келеді.Себебі, олар өздерінің қиындықтарынан айырылу үшін өз жақындарының кеудесінде орны талмас үлкен жара жасап, оларға адам да артық мәселе туғызып жатады.Бір қуантарлық жағдай, елімізде суицидтің алдын алу жолдары бағдарламасы енгізіліп, психологтарға көбірек жүгіне бастаған. Мектеп оқушылары арасында 30 бала арасынан кемінде 5-6 бала өз-өзіне қол салуды ойлайды екен. 90% өзіне қол салудың бірден бір себебі-бұл психологиялық ауытқу болып табылады. Ал оған әртүрлі себептер:кедейлік,тұрмыстағы мәселелер мен қаражаттың жетіспеушілігі.Суицидтің алдын алу жолдарының бірі- бір-біріне деген түсіністік, адалдық, қолдау көрсету қажет. Ең қиыны да, қорқыныштысы-суицидті бір рет жасаған адам, екінші ретте қайталауы мүмкін бе?-деген сауал. Осы тұрғыда мамандар бір рет өлімнен аман қалған адам, екінші рет қайталауы әбден мүмкін дейді. Тағы мысал ретінде, Ұлттық Бірыңғай Тест тапсыру кезінде, ұпай жинай алмаған жасөспірімдердің қол жұмсауына алып қарасақ болады.Бұл жиі кездесетін жағдайлардың бірі. Себебі, ҰБТ-ны жай ғана білім саласындағы сынақ ретінде емес, бүкіл өмірмен байланыстырады. Тиісті ұпай жинай алмай осындай
іс-әрекетке барып жатады.Ең бірінші осындай жағдайда ата-ананың қолдауы ауадай қажет.Мамандардың айтуы бойынша ҰБТ мәселесімен ғана емес, бұрыннан сондай оймен жүргеннен барады.Ресми мәлімет бойынша, 2015 жылы Қазақстанда мектеп жасынан 201 бала өзіне қол салған, 485 бала суицидке талпынған.
“Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін не істеу керек?” бұл сұраққа да жарытып ешкім жауап бере алмайды.
Осы шарасыздық жанымызға қатты батады. Жер бетінде әр 40 секунд сайын кемінде 10 адам өз-өзіне қол жұмсауға талпыныс жасайды.Мұны аяқталмаған суицид дейді. Осы күнде өз қолынан ажал табатындардың
60%-ының жасы 40-қа да жетпейді. Негізгі түйгеніміз, суицид-жан жақты, сан салалалы,жоспарлы, кешенді де жүйелі әрекетті талап ететін, елдің әлеуметтік дамуының құрамдас бөлігінің ретінде қаралуы тиіс, аса күрделі жаһандық мәселе.
Қорытындылай келе, зардап шегуші әрбір адамды құтқаратын жалғыз жол оған айналасындағы адамдар беретін жылулық пен қолдау.
Осындай жағдайларда әрбір жасөспірім қолдауды өз ата-анасынан күтеді.Сондай-ақ, кішкентай кезінен жасөспірімдердің туыстары мен
ата-анасына эмоциялық жағынан жақындық сезімін қалыптастырғаны жөн.Тіпті өзіне қол салудың дұрыс емес екенін ұғындырып, отбасылық, шығармашылық,өмірдегі жоспарлар туралы жиі әңгімелескен дұрыс.Ең маңыздысы, баланың бойына үміт пен сенім ұялату арқылы жылы сезімдерді дамыту керек. Өз-өзіне қол жұмсау-мәселелерден арылу шешімі емес. Өмір-үлкен жауапкершілік.Әрі одан әртүрлі эмоция жетегінде айырылып қалуға болмайды.Әр адамның өмірге деген көзқарасы және де санасының жетік жетілуі, психологиялық дертке шалдықпауы, өмірге, күллі адамзат құбылысына позитивті қарау-өзіне қол жұмсаудан аулақ болуының бірінші баспалдағы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Аяулым

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Мен таңдаған мамандық

2024 жылғы түлек Аяулым мамандық таңдауда өз қалауын тыңдаудың маңызын айтып, журналистиканы неліктен таңдағанын баяндайды.

Аяулым 1 мин 32 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 16 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 103 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 43 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 74 оқылым