Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Студенттік өмірдің мәселелері және олардың шешу жолдары

Автор

Жұмаділ Махаббат Тоқтаровна
3 мин оқу 57 оқылым

Студенттік кезең – бұл адамның тек білім алып қана қоймай, өмірлік маңызды дағдыларды меңгеретін уақыты. Бұл уақытта студенттер оқу мен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысады, бірақ көптеген қиындықтарға тап болады. Ендеше студенттік өмірдің негізгі мәселелерін және олардың шешу жолдарын кеңінен қарастырайық.

Бірінші мәселе ол - қаржылық тұрақсыздық.

Көптеген студенттер үшін қаржылық қиындықтар ең өзекті мәселе болып табылады. Олар:

- Оқу ақысының жоғары болуы;

- Жалдамалы пәтерге немесе жатақханаға төлем жасау;

- Күнделікті қажеттіліктерді өтеу (тамақ, көлік, киім).

Осы мәселелердің шешу жолдары бар. Шешу жолдары:

- Стипендиялар мен гранттарды іздеу. Көптеген университеттер қосымша қаржылық көмек бағдарламаларын ұсынады.

- Бөлшек уақыттағы жұмыс (part-time). Мысалы, кітапханада, кафеде немесе онлайн жұмыс орындарында жұмыс істеу.

- Бюджетті дұрыс жоспарлау. Қаржыны бақылау үшін арнайы қосымшаларды пайдалану.

Екінші мәселе - уақыт тапшылығы.

Студенттерге оқу, жұмыс, жеке өмір және хобби арасында уақыт табу қиын. Уақыттың дұрыс бөлінбеуі шаршауға, стреске және өнімсіздікке әкеледі. Осы мәселенің шешу жолдары:

- Күнделікті жоспарлау: Апталық және күнделікті жоспар құрып, басымдықтарды анықтау.

- «Pomodoro» әдісі:Бұл әдіс бойынша 25 минут оқу немесе жұмыс істеп, 5 минут демаласыз. Бұл өнімділікті арттырады.

- Маңызды емес істерден бас тарту: Барлық іс-шараларға қатысуды міндет санамау, «жоқ» деп айта білу.

Үшінші мәселе - оқу жүктемесінің көптігі болып табылады.

Қазіргі таңда студенттерге көптеген тапсырмалар беріледі: рефераттар, курстық жұмыстар, емтихандарға дайындық. Бұл үлкен жүктеме психологиялық қысым тудырады.

Шешу жолдары:

- Тапсырмаларды бөліп орындау. Күн сайын аз-аздан жасау тапсырмаларды тезірек аяқтауға көмектеседі.

- Топтық жұмыстарға қатысу. Топпен жұмыс істегенде уақыт үнемделеді.

- Университеттің академиялық қолдау орталықтарын пайдалану. Көптеген ЖОО-лар студенттерге кеңес беру және ресурстармен қамтамасыз ету қызметтерін ұсынады.

Төртінші мәселе - әлеуметтік қысым және қарым-қатынас мәселелері .

Студенттік ортаға бейімделу әрдайым оңай бола бермейді. Әсіресе, ауылдан немесе басқа елден келген студенттер үшін бұл қиын.

Шешу жолдары:

- Университеттегі ұйымдарға, клубтарға қосылу. Бұл жаңа достар табуға және әлеуметтік дағдыларды дамытуға көмектеседі.

- Тренингтер мен семинарларға қатысу. Көптеген университеттер қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған іс-шараларды ұйымдастырады.

- Әлеуметтік желілерді пайдалану. Заманауи технологиялар арқылы өз ортаңды кеңейтуге болады.

Бесінші мәселе - психологиялық денсаулық мәселелері

Студенттер емтихандық стресс, болашаққа алаңдау, және жеке өмірдегі қиындықтар салдарынан психологиялық қысым сезінуі мүмкін.

Шешу жолдары:

- Психолог маманға жүгіну. Университет психологтары тегін кеңестер ұсынады.

- Жаттығу жасау. Спортпен шұғылдану эндорфин бөлініп, көңіл күйді жақсартады.

- Медитация және релаксация техникасын қолдану. Олар стрессті азайтып, тыныштық сақтауға көмектеседі.

Алтыншы мәселе - дұрыс тамақтану және денсаулыққа немқұрайлы қарау

Кейбір студенттер фастфудпен тамақтанып, ұйқы режимін бұзады. Бұл денсаулыққа зиян тигізеді.

Шешу жолдары:

- Үйде тамақ дайындау. Бұл үнемді әрі пайдалы.

- Күніне кемінде 7-8 сағат ұйықтау. Ұйқы өнімділікке тікелей әсер етеді.

- Университеттің спортзалдарына немесе секцияларына қатысу.

Жетінші мәселе - мамандық таңдаудағы сенімсіздік

Кейбір студенттер өздерінің таңдаған мамандығына күмәнданады немесе болашақта сол салада жұмыс істеуге дайын емес деп ойлайды.

Шешу жолдары:

- Университет ұйымдастыратын кәсіби бағдарлау шараларына қатысу.

- Мамандыққа қатысты тәжірибе жинақтау. Стажировка немесе еріктілік арқылы өз салаңды жақсы түсіне аласың.

- Болашақ жұмыс нарығын зерттеу.

Қорытынды

Студенттік өмір – түрлі сынақтар мен мүмкіндіктерге толы кезең. Әр мәселе – жаңа тәжірибенің бастауы. Қиындықтарды жеңе отырып, студенттер өздерін тұлға ретінде қалыптастырып, болашақта табысты өмірге дайын болады. Ең бастысы, өзіңе сеніп, әр қиындыққа мотивация ретінде қарау қажет.

Орындаған: Жұмаділ Махаббат Тоқтаровна, Тлеш Даулет, Тоеке Тоғжан, Қалдыбек Айдана

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жұмаділ Махаббат Тоқтаровна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин