Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Студенттік өмір мәні

Алтын
3 мин оқу 380 оқылым

Студенттік өмір мәні

Өмірдегі ең қызық кезең меніңше «Студенттік өмір»! Бірінші курс «балмұздақ» атанып, үлкен оқу орнын қызықтап, мұғалімді көріп арыстанды көрген қояндай қорқып, жан жаққа жалтақтап жүретін кездер деп жатады, бірақ біздің МБ-11 тобы үшін қоян болатындай қорқатын себеп болмады, тапсырмаларды барлық мұғалімдердің көңілінен шығатындай етіп орындап жүрдік. Кураторымыз сол 2017 жылы жұмысқа жаңадан тұрып жатырған жас маман болды. Қәзіргі таңда декреттік демалыста. Есімі – Сайлаубай Айдана Ықыласқызы. 2018 жылы мамыр айының үшінші жұлдызында кураторымыз өзгерді. Көп топтың қорқынышына айналған, «арыстандай» атағына ие болған, талапшыл, әрқашан шындықты айтып, шындықты сүйетін, еңбекқор, бір сөзбен айтқанда колледждің ең мықты мұғалімдерінің бірі Қозыбакова Алтын Панзабековна, бізге куратор болады дегенде, қатты қуанғандар көп болды. Себебі тобымыздағы үздік студенттер қатал мұғалім ғана тың істер мен биік білімге жетелейді деп, ал біршама студенттер біздегі авторитет көтеріледі деп бір әзілдеп алған еді. Қазіргі кезде топ атауы «МБ-17-1» деп аталатын болды, яғни оқуға түскен жылмен аталды. Бірінші курста бірнеше сайысқа қатыстық. «Мерген аруы» сайысынан 3 орын, би жарысынан 2 орын және өлең шығару, өлең оқу сайыстарынан жүлделі орындар иелендік.
Екінші курс, колледж қабырғасында бой үйреніп, сынақ кітапшасын тоқсанға толтырып, мәз болып жүретін кездеріміз. Сынып белсенділерінің көп болғанын жетекшіміз өтетін тәрбие сағаттардан байқадым. Өйткені әр тәрбие сағатында бірнеше студенттің жұмбақ болып қалған өнерлері ашылды. Тәрбие сағат тақырыптарына сай түрлі ән-билер, ойдан шығарылған өлеңдерді тыңдадық. Бізде үздіктер саны төртеу болды, негізі біздің топта ылғи үшке оқитын студенттер болмады, бір студентіміз жан қалауымен педколледжден медколледжге ауысты. Ерболатова Светлана бір сөзінде: «Мені адамның миын емдеген емес, жанын емдеген көбірек шабыттандырады» дейтін. Бірақ қәзірге дейін бір топта оқитын студенттер сияқты араласамыз.
Үшінші курс, білім алудан білім беруге көбірек бейімделетін кезең, себебі практика кезеңі, бұрынғы мектептің иісі мен шуы енді басқаша сезіледі. Себебі сен онда оқушы болып емес, мұғалімді ауыстыратын машықкер ретінде барасың. Мектепке барып мұғаліммен құрбы құрдасша сөйлесіп жақсы ұпайды қоржынға салып жүретін тәтті кезең. Колледжбенде байланысымыз тоқтаған жоқ. Кураторымыз Алтын Панзабековна дайындаған «Отбасы-тәрбие ұясы» тақырыбындағы тәрбие сағатының арқасында ата-анамызбен жақсы қарым-қатынас орнатып та үлгердік.

Өткізілген тәрбие сағат есте қаларлықтай өтті. Себебі онда көрсетілген көрініс те, айтылған ән де, билеген би де ерекше болды. Және де бұл күн 8 наурыз- халықаралық әйелдер күніне тұспа-тұс келіп, аналарымызға сыйлықтар дайындадық. Өте қызықты өткен болатын. Негізі мақтағаным емес, кураторымыздың ұйымдастырған барлық іс-шарасы, тәрбие сағаты өте жақсы дәрежеде өтеді.
Төртінші курста пандемияға байланысты сабақты онлайн оқудамыз. 7 семестр қорытындысы бойынша топта 7 үздіктер болды. Оқу үлгерімі 100%, сапа 96%. Топты осындай жетістіктерге алып келе жатқан кураторымыз Алтын Панзабековнаға мың алғыс айтамыз. Еңбегіне жеміс тілейміз.
Төртінші курс, практика, диплом деген екі сөзді көп қайталай беретін, төрт жыл төрт секундтай өткенін еске түсіріп, сағынышпен, үлкен өмірге аяқ басатын кезең. Тобымыздағы студент Чанбаева Жанат «Үздік студент – 2020» сайысынан бас жүлде, ал мен 2 орын иелендім. Дауыс онлайн түрде берілді. Себебі еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қазір оқу онлайн форматта. Бір-бірімізді іздеп тұрамыз, қимастық бар.
Қызығы мен қоса шыжығы да қатар жүретін бұл кезеңде талай жастар болашақ өмірін айқындады, өмірлік жарын және достарын тапты! Біреулері үшін бұл уақыт алтыннан қымбат, күні түні кітаптан көз алмай, білім алу, оқу, болашағымды жасайтын өзім деп бір минутын құр жібермейтін жастар да бар (бұндайларды «оқымысты» деп шеттетуі мүмкін кейбірлері…). Біреулер үшін бұл уақыт бойда бар талантын ашуға көмек береді. Сол мүмкіндікті біз кураторымыздың ұйымдастырған тәрбие сағаттарынан алдық десем қате айтпаймын. Біреулері студенттік қоғамдық өмірге белсене араласу арқылы өзіне тәжірибе жинады.
Студенттік өмір туралы айта берсе том - том кітап шығады. Сол кітапты оқыған кезде қызықты, айтып берерге тұрарлықтай ету ол әрбір жазушының, ашығын айтқанда студенттің қолында!
Алдағы уақытта да барлық білім алушыларға, топтағы студенттерге тек сәттілік тілеймін. Мемлекеттік емтиханнан сүрінбей өтіп, осы өздері қалаған математика пәнінің мұғалімдері мамандығының майталманы болуын тілеймін.

МБ-17-1 тобының старостасы: Тилекбаева Феруза

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алтын

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Менің сүйікті тобым

МБ-17-1 тобы жетекшісінің студенттермен атқарған жұмысы, ұйымдастырған тәрбиелік шаралары мен танымдық экскурсиялары баяндалады.

Алтын 3 мин 419 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 70 оқылым