Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Студенттермен тәрбие жұмыстарының бағыттары

Аккумис Кенгесгалиевна Артыкова
2 мин оқу 449 оқылым

Студенттермен тәрбие жұмыстарының бағыттары
Студент бойындағы шыншылдық, адалдық, мейірімділік, патриоттық, ұлттық, тұрақтылық сияқты рухани қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын, қоғамда еркін сөйлеуін, өз ойын еркін айта алатын қабілетті ұл-қыз тәрбиелеу мақсатында пікір талас өткізу. Студенттермен тәрбие жұмыстарының бағыттарын талқылайтын мәселеле
1. Рухани - адамгершілік тәрбие
2. Ұлттық тәрбие
3. Отбасы тәрбиесі
4. Еңбек және кәсіби тәрбие
5. Азаматтық - патриоттық, құқықтық тәрбие
6. Экологиялық, экономикалық тәрбие
7. Эстетикалық тәрбие
Рухани тәрбиесінде студенттерге өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі ұстау нормалары, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Студенттің адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Ұлттық тәрбие – бiздiң ұрпақтан-ұрпақ¬қа жеткiзетiн асыл қазынамыз. Қазiр елiмiзде орын алып отырған көптеген мәселелер бар. Олар: ана тiлiн, қазақ тарихын, ұлттық салт-дәстүрiн бiлмейтiн ұл қыздар, тастанды балалар, қарт¬тар үйлерiндегi әжелер мен аталар, маскүнемдер, нашақорлыққа салынған жастар және тағыда басқа. Осы мәселелерді бiрте-бiрте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негiзгi жолы. Ұлттық тәрбие алған ұр¬пақ денi сау, ұлт¬жанды, бiлiмдi, кiшiпейiл ақылды, еңбекқор, сыпайы болып өседi. Ұлттық тәрбие – ел болашағы деп бекер айтпаған!
Отбасы тәрбиесі – отбасы тәрбиесімен әке мен ананың орны екі бөлек болады. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер деп қазақтың нақыл сөзі бекер айтылмаған! Отбасы тәрбиесінде ата ана мейірімділікке, адалдыққа, тазалыққа, оқуда білімді болуға,өтірік айтпауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет деп үйретуден жалықпайды. Және сонымен қатар отбасыда ұрпақ жалғастыру, дінді сақтау, некені бұзбау деген дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтауды үйретеді. Отан – отбасынан басталады!
Еңбек және кәсіби тәрбие - әр студенттің өмірдегі өз орнын өзі табуына және жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасау. Студенттерді еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін, еңбек ету шеберлігін және еңбекке жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы.
Азаматтық - патриоттық, құқықтық тәрбие – студенттерге отан алдындағы борышын түсіндіріп, ұлтшылдыққа үйрету және студенттің өз құқығын қорғауды, ар-намыс, тұлға болып қалыптасуды, тәртіптілікті, қоғамға және мемлекеттік билікке құрмет және сенім білдіруге, өзінің міндеттерін орындауды, патриоттық, құқықтық және саяси мәдениетте қоғам игілігіне еңбек ету қажеттілігіне тәрбиелеу.
Экологиялық, экономикалық тәрбие – студенттерді табиғатқа сүйіспеншілігін және оған жақсы қарым-қатынаста тәрбиелеу. Шаруашылықты жүргізу, өндірісті ұйымдастыру, тұтыну, принциптері мен ережелеріне қызығушылықтарын арттыру.
Эстетикалық тәрбие – қоршаған ортадағы әсемдік пен сұлулықты қабылдап, студенттердің эстетикалық сезімін, талғамын қалыптастыратын тәрбие.
Осы тәрбие жұмыстардың бағыттарын талқылап, бойына сіңіріп отырған студенттер ғана еліміздің болашағына нық сене алатын, отанын қорғай алатын, адамгершілікке бай, еңбек сүйгіш, тәрбиелі ұл-қыз болатына сенімдімін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Аккумис Кенгесгалиевна Артыкова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Ұстаз ойы

АДАМГЕРШІЛІК – РУХАНИ ТӘРБИЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Мәтінде бала бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіру, рухани тәрбие берудегі ата-ана мен ұстаздың міндеті сөз болады.

Аккумис Кенгесгалиевна Артыкова 2 мин 266 оқылым
Ашық сабақтар

“Қалау элементтері”

Сабақта қалау элементтері, кірпіш пен тасты қиюластыру тәсілдері, жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік ережелері қарастырылады.

Аккумис Кенгесгалиевна Артыкова 3 мин 649 оқылым
Әдістемелік құралдар

ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ – СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА

Материалда өндірістік оқыту шеберінің студенттерді оқыту мен тәрбиелеудегі рөлі, кәсіби біліміне, жауапкершілігіне және жалпы мәдениетіне қойылатын талаптар қарастырылады.

Аккумис Кенгесгалиевна Артыкова 2 мин 336 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 72 оқылым