Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

СПИД-ғасыр дерті

Bilimger Media
2 мин оқу 579 оқылым

СПИД- ғасыр дерті

СПИД –иммундық қуаттың әлсіреуіне соқтыратын жұқпалы ауру. Дәрігерлердің дәлелдеуі бойынша, ауру адамның иммундық жүйесіне зақым тигізіп, қорғаныс қабілетінің кемдігіне әкеп соқтырады. СПИД-пен аурыған кезде адам денесінде Т-лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының саны азайып, дененің ауруға қарсылық күші жойылады. Кесел баяу адамды әлсіретеді. СПИД- өте қауіпті қатер, оны « ХХ ғасырдың обасы» деп бекер атамаған. Қорқынышты жағдайдың себебі – ауруды жұқтырған адамды емдейтін дәрі-дәрмек жоқ.

Вирустың жұғу жолдарының үш түрі белгілі;

1.Қорғану тәсілдерін қолданбай жыныстық қарым-қатынаста болған кезде жұғады.

2.СПИД вирусын жұқтырған адамның және сол қаннан жасалған препараттар арқылы (қан препараттары, қан жұққан шприц пен ине, сондай ақ тазаланбай қайта пайдаланған дәрігерлік құрал -саймандар).

3.СПИД вирусын жұқтырған анадан бойдағы балаға, яғни нәрестеге жұғады.

СПИД вирусы әдеттегі тұрмыстық жағдайда жұқпайды: қол алып амандасқанда, құшақтасып сүйгенде, тұрмыстық құрал жабдықтар және түрлі транспорттардың ішіндегі тұтқалар арқылы вирус таралмайды.

Вирус адамға жұққаннан кейін, бірнеше апта өткен соң ауру белгілері байқала бастайды. Адам себепсіз дел-сал болады, қызуы көтеріліп, басы ауырып, іші өтеді. Егер желкедегі, қолтықтағы, бұғана үстіндегі бездер үлкейсе – ол аурудың өте күдікті белгілері болып саналады. СПИД вирусы орталық ми жүйесіне әсер етіп, есалаңдыққа шалдықтырады.

Қазіргі кезде Республикамызда СПИДке қарсы күрес жұмысын атқаратын арнайы қызмет жүйесі ұйымдастырылған.  Д.Снегин атындағы №30 мектеп гимназиясында қараша айында Медеу ауданы мемлекеттік органдарының «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы» іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі Ведмоство аралық штабы «Аманат КӨМЕК» Қоғамдық Қорымен бірлесе отырып, Медеу ауданы «Нашақорлыққа қарсы» акциясының шеңберінде жоғарғы сынып оқушыларының арасында баяндамалар оқылып, видео роликтер көрсетіліп, оқушылармен пікірлесу өткізілді.  Бүкіл дүние жүзіндегі СПИДпен ауырғандарды зерттеп, және осы ауруға қарсы күресуші галымдар мен мамандардың айтуы бойынша СПИДтен қорғанудың бір-ақ жолы бар. Ол-білім.

Қорыта айтқанда, тәртіпті өмір сүріп, арақ-шарап, нашалардан алыс болып, кездейсоқ жыныс жақындасудан бас тартса, әрбір адам өзін-өзі СПИДтен қорғай алады. Сонда халқымыз арасында СПИД ауруының тарамауына қарсы күресуге өз үлесін қосады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Биология

Биология және химия сабақтарында зертханалық жұмыстарды «Pasco» датчиктері арқылы тиімді ұйымдастыру жолдары.

“Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылы №20 ЖББМ” КММ-нің биология және химия пәндерінің мұғалімі Аннотация Мақалада жалпы орта білім беретін мектептерде биология және химия пәндеріндегі зертханалық…

Муканова Айгуль Асериятовна 4 мин 178 оқылым
Биология

Қаратау өңіріндегі шегірткелердің физиологиясы

Биология пәнінің оқытушысы ЖШС «Кентау колледжі» Аннотация Бұл ғылыми зерттеу Түркістан облысы Қаратау өңірі бойынша шегірткелердің морфологиясы, түр алуандылығы және зиянкестермен күресу әдістерін зерттеу жолдары.…

Жиенбекова Гулзада Кенесбаевна 6 мин 44 оқылым
Биология

STEAM әдістемесін қолдана отырып биология сабағында жобалық жұмыс ұйымдастыру

Ж. Тәшенов атындағы ЖББМ КММ Биология мұғалімі Аннотация Бұл мақалада биология пәні бойынша жобалық жұмысты STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) тұғырында ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік…

Жылқыбай Айдана Сағадиқызы 7 мин 230 оқылым
Биология

Биологияның адам өміріне пайдасы

Мақалада биологияның медицинаға, ауыл шаруашылығына, қоршаған ортаны қорғауға, ғылыми-техникалық прогреске және дұрыс тамақтануға қосатын үлесі баяндалады.

Bilimger Media 2 мин 146 оқылым