Мазмұнға өту

Сол жылдағы «Зайсан қазақтары» қандай болды ?

Данияр Сұлтанбай 2 мин оқу 34 оқылым

Сол жылдағы «Зайсан қазақтары» қандай болды ?

1913 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Қазақ» газеті-баспасөз тарихындағы қоғамдық-саяи, әдеби және мәдени гәзетінің бірі. Орынбор қаласында алғашында аптасына бір рет кеиін 1915 жылдан бастап аптасына екі мәрте шығып отқан. «Қазақ» газетінің редакторы алаш зиялыларының бірі Ахмет Байтұрсынұлы болды, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды.Кеиін келе 1918 жылдан бастап газетті Ж.Жәнібекұлы басқарды. Осы тұста қазақтың ұлы жазушылары А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, Ғ.Қараш, Ж.Тілеулин, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Сейдалин, Х.Болғанбаев секілді тағы басқа ұлы жазушы тұлғалардың мақалалары жарыққа шығып отырды. «Қазақ» газетінде сол замандағы қазақ халқының саяси-әлеуметтік жағдайлары жайлы, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары секілді өзекті мақалалар жариялап отырды.xx ғасыр басындағы аталмыш газеттің орны ерекше. «Қазақ» газетін оқыған тұтастай жалпы жұрттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Сол секілді «Қазақ» газетінде жарияланған мақалалардың бірі «Зайсан қазақтары».

«Зайсан қазақтары» мақаласында сол кезеңдегі байбатшалардың бірі Маңғозин hамматы арқасында Қыстаубай мырза қазақ балаларына арнап мектеп аштырады. Бұл қазақ балаларына деген махаббат, олардың өсіп өркендеуіне білімді ұрпақ болуына деген сенім. Мақала жолдарында оқушылардың емтиханда қорықпай өздерін еркін ұстауынан сол кездегі мұғалімдердің оқушыларға берген білімін көруге болады, сонымен қатар сол заман жастарының оқуға деген зеректілігінде айшықтап тұр. Сол бір қиын-қыстау заманда жастардың білімге деген құштарлығының орны қашанда ерекше, және сол тұста мектеп ашып қазақ балаларын ілімге жетелеген Қыстаубай мырзаның мектеп ашып, мұғалімдер ұстап, білімге құштар жастардың мақсаттарына жету үшін үлкен септігін тигізді. Адам өлсе де еңбегі өлмеиді. Қыстаубай мырза үлкен игі іс жасады, өзі бүгінгі таңда жоқ болғанымен,қазақ жастарына жасаған игі істері бүгінгі таңда қағаз бетінде осы және келер ұрпаққа үлгі аларлықтай болып тұр.Бұл ісі тек оқытқан оқушыларға ғана емес барша қазақ халқына деген көмегі еді. Жалпы «Қазақ»газеті бұл мақаланы жарыққа шығаруының себебі қазақ халқын Зайсан өңірі тумаларының қандай халыққа жанашыр, жалындаған жастарға деген көмегі жайлы «Қазақ» газеті арқылы оқымысты жандар назарына жеткізді. «Қазақ» газеті 5 жыл жұмыс атқарсада сол уақыттар арасынан , қазақ баспасөзінен алар тарихи орны ерекше.

Орындаған: Сұлтанбай Данияр.

Журналистика факультеті 1 курс.

Жетекшісі:фил.ғ.к.доцент

Р.С. Жақсылықбаева.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Данияр Сұлтанбай

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин