Мазмұнға өту

SMART  технология

Noila 3 мин оқу 66 оқылым

Авторы: Миниязова Ноила Юсупжановна & Бекжан Нұрбала Ғалымжанқызы

ХХІ ғасыр - ақпараттық технологиялар адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған ғасыр. Бүгінгі жаһандану заманында қоғам жалпы цифрландыруға көшіріліп, адамдар құрылғылардың көмегімен көптеген жетістіктерге жетуде. Сонымен қатар адам санасы да біршама өзгеріп, жаңа қоғамға қарай нық адымдап келеді деп сеніммен айтуға болады. Елбасымыз да өз жолдауында: «Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс»-деген болатын.

SMART технология – бұл барлық қолда бар ақпаратты жинақтауға, қолайлы жұмыс мерзімдерін белгілеуге, ресурстардың жеткіліктілігін анықтауға мүмкіндік беретін заманауи тәсіл. Оның көмегімен көптеген проблемалардың алдын алып, өмір сүру деңгейін біршама жақсартуға болады. Ақпараттар легі артқан сайын кез келген қызмет түріне де сұраныс артады. Сұраныстарды қанағаттандыру үшін әрдайым стартап бағдарламалар қажет. Ал ол өз кезегінде смарт теxнологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. Міне, бұл үздіксіз жүріп жататын процесстер паутинасы. Осылайша, E-learning орнына SMART-learning келуі, ақпараттық қоғам орнына «smart қоғам» қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі таңда Smart технологиясын өндірушілер – АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері. SMART фон, SMART қала немесе SMART құрылғы сияқты бүгінде xалық арасында жиі қолданылып жүрген сөздердің шығуы осы өндіруші мемлекеттермен тығыз байланысты. Ал Қазақстан дамушы мемлекет ретінде, аталмыш жаңалықтарды игеріп, тәжірибесін арттыруда. Ең басты алға қойылған мақсат - барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, xалық игілігіне айналдыру. Осы мақсатта көптеген жұмыстар атқарылуда.

Тіптен қазіргі заманғы білім беруді дамыту үшін адами капиталдың әсері жеткіліксіз. Білім беру ортасын алмастырып қана қоймай, еңбек ресурстарының, яғни көлемін арттыру ғана емес, оның мазмұнын,  әдістерін, құралдары мен ортасын сапалы түрде өзгерту қажет. Сонда ғана білікті кадрларды әзірлеп шығуға мүмкіндік бар. Ол үшін жаппай смарт теxнологияларға көшу қажеттілігі туады. Қажеттілікті тудыратын да, оны қанағаттандыратын да - қоғам.

Қалада "ақылды" технологияларды енгізу мемлекет пен бизнес тарапынан да, тұтынушы тарапынан да айтарлықтай қаржылық шығындарды талап етеді. "Ақылды" технологияларды енгізу үшін нормативтік базаны қалыптастыру қажет. Соның негізінде жоғары білім беретін мекемелерден бастап жұмыс жасаған жөн. Себебі, жастар тез қабылдағыш келеді, сонда қорытынды нәтиже алу оңайға түседі.

Білім беру бөлігіндегі Smart тұжырымдамасы ақылды тақта, экрандар, әлемнің кез келген нүктесінен интернетке кіру сияқты заманауи технологиялардың пайда болуына әкеледі. Осы технологиялардың әрқайсысы контентті әзірлеу, оны жеткізу және өзектендіру процесін жаңаша құруға мүмкіндік береді. Оқыту тек аудиторияда ғана емес, үйде де, кез-келген жерде де мүмкін болады. Білім беру процесін байланыстыратын негізгі элемент - белсенді білім беру контенті болып табылады,оның негізінде уақыт пен кеңістік шектерін алып тастауға мүмкіндік беретін бірыңғай репозиториялар құрылады. Интерактивті тақталарда жұмыс істеу кезінде білім алушылардың назарын аудару оңайға соғады, оқу материалдарын тез қабылдайды. Нәтижесінде әрбір студенттің оқу үлгерімі артады. Смарт теxнологиялардың қалыпты өмір жағдайына сіңісіп кетуіне муниципалды және жоғары білім беретін оқу ордаларында өткізілетін "информатика", "АҚТ" сияқты пәндер негіз бола алады. Мысалы: соңғы жылдары елімізде еңгізіліп жатқан балл қою системалары. Оқушы немесе студент болсын кез келген уақытта, қай жерде екендігіне қарамастан өз үлгерімін телефон арқылы көре алады. Оған қоса, өзге пәндерге қарағанда уақытты тиімді пайдаланып, үнемдеуге болады. Ол дегеніміз - қандайда бір ақпаратты кітапxанаға бармай-ақ, онлайн түрде интернет арқылы алуға мүмкіндік жасалған деген сөз. Осыдан біршама жыл бұрын студенттер ауыр әрі ескі кітаптармен оқыса, бүгінде желіден әрдайым жаңартылып отыратын нұсқасын жүктеп ала алады.

SMART білім беру өзгермелі әлем жағдайында тұлғаның даму деңгейін көтеріп, мүмкіншіліктерін кеңейтуге жағдай жасайды. Халықтың әлеуетін арттырып, сауатын ашуға таптырмас құрал. Смарт теxнологиялардың өмірге келуімен көптеген жаңа мамандықтар пайда болды, мыңдаған адамдар жұмыспен қамтылды, бәсекеге қабілеттілік артты. Елдің әл-ауқатын көтеріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін ең алдымен сапалы білім керек. Қысқа уақыт ішінде зор жетістіктерге жетіп, алдыңғы қатарлы, алпауыт Сингапур, Корея сияқты мемлекеттердің қатарында тұрғымыз келсе смарт теxнологиялардың жаңа мүмкіншіліктерімен танысқан жөн. Сонда затымызды емес, миымызды сататын деңгейге жетеміз.

Менің ойымша, SMART-технологияларды пайдалана отырып материалды түсіндіру мұғалімге жеңілірек және қызықты болып табылады. Тақтадағы мұғалімнің іс-әрекеті тіпті сабаққа деген ынтасы төмен оқушылардың өзін тартып әкетеді, мұндай сабақтарда олар ештемеге алаңдауға шамасы келмейді. Интерактивті тақта сабақтың қарқынын жеделдетуге және бүкіл сыныптың зейінін аударуға мүмкіндік береді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Noila

Автордың басқа материалдары

Информатика

SMART  технология

ХХІ ғасыр - ақпараттық технологиялар адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған ғасыр. Бүгінгі жаһандану заманында қоғам жалпы цифрландыруға көшіріліп, адамдар құрылғылардың көмегімен көптеген жетістіктерге жетуде. Сонымен…

Noila 63 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин

Пікірлер (2)

  1. Laila

    Perfect my dear
  2. Гузал

    Үлкен рахмет мақалаңыз өте күшті