Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сиқырлы пішіндер

Тлебалдиева Жания
2 мин оқу 265 оқылым

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Сиқырлы пішіндер.
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр-түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, қол моторикасын дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Пішіндер суреті.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Сергіту сәті

Қорытынды

Шаттық шеңбері:
Бала, бала баламыз
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
- Өте керемет балалар!
- Олай болса бәріміз орнымызға жайғасайық.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Қане, сол үш айды атап беріңдерші?
- Өте жарайсыздар, балалар!
- Балалар көктем мезгілі де өз ерекшеліктерімен өте сұлу көрінеді.
- Ой балалар бізге қонақ келген сияқты.
- «Сиқырлы ханшайым»:
- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Балалар мен сиқырлы пішіндер ханшайымын мен сендерге қонаққа келдім, сендердің пішіндерді қаншалықты білетіндеріңді көруге келдім. Мен жалғыз келген жоқпын өзіммен бірге пішіндер достарымды ала келдім. Достарды қарсы аламыз ба балалар?
- Амансыңдар ма балалар?
- Мен төртбұрышпын.
- Ал мен дөңгелекпін.
- Мен үшбұрышпын.
- Біз сендерге сонау алыстан келдік. Біз құр келмедік сендердің білімдеріңді тексеруге келдік. Сендер дайынсыңдарма балалар?
- Мен дөңгелек пішін сендерге тапсырма ала келдім. Менің қолымда көптеген пішіндер бар құрастырып шығайын десем еш құрай алмадым, маған көмектесесіңдер ме балалар?
- Балалар олай болса біз екі топқа бөлініп алайық. Бір тобымыздың аты «Дөңгелек» болсын екінші тобымыздың аты «Үшбұрыш» болсын. Ендеше балалар дөңгелектің тапсырмасын орындар шығайықшы.
- Ой жарайсыңдар балалар! Маған қатты ұнады рахмет сендерге.
- Балалар менің де сендерге әкелген тапсырмам бар.
- Мен үшбұрышпын мына пішіндерді сәйкестендіріп үй құрайын десем ойын жетпей жатыр.
- Балалар ендеше үшбұрыш пішінімізге келесі тобымыз көмектессін.
- Балалар флонеграф тақтайға пішіндерден үй жапсырып шығады.
- Өте керемет балалар, сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындап жатырсыңдар.
- Ендеше балалар кезек төртбұрыш пішініміздің тапсырмасы қалды. Төртбұрыш пішіннің тапсырмасын барлығымз бірлесіп орындап шығайық. Мына қолымыздағы ақ параққа пішіндерді сәйкестендіріп жапсырып шығамыз.
- Өте керемет балалар, сендердің білімдерің маған ұнады рахмет балапандарым біз сендерме қоштасамыз. Сау болыңдар балалар!
- Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті-беске қосқан
Болып шықты он саусақ.
- Балалар, сонымен бізге бүгін кім қонаққа келді?
- Қандай пішіндер ханшайымымен келді?
- Жарайсыңдар, балалар!
- Олай болса келген қонақтармен қоштасамыз.
-
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Көктем мезгілі
Үш ай бар
Наурыз, сәуір, мамыр
-Ия

-Сәлеметсізбе

-Ия

-Ия

-Ия, дайынбыз

-Ия

-Ия

-Балалар пішіндерді құрап шығады

-Балалар пішіндерді жапсырып шығады

-Балалар пішіндерді жапсырып шығады

-Балалар қимылмен көрсетеді

-Сиқырлы пішіндер ханшайым
-Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек

Күтілетін нәтиже
Біледі: Пішіндерді танып біледі.
Түсінеді: Тапсырмаларды түсініп орындап шығады.
Меңгереді: Пішіндер әкелген әр жұмыстың мағынасын ұғынып меңгереді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Тлебалдиева Жания

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 60 оқылым