Шырақ
«Шырақ»-отбасындағы қарым-қатынас пен рухани құндылықтарды насихаттайтын мультфильм. Негізгі идеясы- отбасындағы ата-ана мен балалардың бірге уақыт өткізуі, сүйіншілікпен, мейіріммен араласуы маңызды екенін жеткізу. Қазақ кино индустриясындағы ерекше форматта шыққан қысқаметражды мультфильм. 3D форматындағы анимация, жоғары сападағы кейіпкерлер бейнесі, бейненің атмосферасын толығымен жеткізетін әуен мен дыбыстар бұрын соңды мультсериалдарда болмаған өзгеше ерекшеліктерді алып келді. Мультфильмдегі “Шырақ” қараңғыда айналасын жарыққа бөлейтін шам. Басты кейіпкер Шырақ болғанымен, негізгі идеяны жеткізетін кейіпкерлер отбасындағы адамдар. Қазір қоғамда ата-ана өз жұмысымен әлек болғанда баланы телефонмен алдандырады. Қалада жарық сөніп қалғаннан кейін, осы Шырақтың айналасында жиналған отбасы мүшелері жүрекке ерекше жылулық сезім ұялатады. Мульфильмнің сюжеті кез келген адамның бала күнінде отбасымен өткізген жылы кештердің барлығын еріксіз есіне түсіреді. Отбасы мүшелері бір-бірімен сөйлесіп, ерекше уақыт өткізіп, қоғамда ұмыт болып бара жатқан рухани құндылықтарды жеткізеді. Мультфильмнің негізгі месседжі — отбасылық құндылықтар, мейірімділік, сүйіспеншілік және өзара көмек.
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/shyraq-qysqametrazhdy-multfilmi
Қасымхан Гаухар
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.