Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Шыны және шыны өндірісінің технологиясы

Бегимбетова Сауле
3 мин оқу 1 365 оқылым

Бегимбетова Сауле

Шыны туралы түсінік-құрылыс өнеркәсібінде және тұрмыста кеңінен қолданылатын материалдардың бірі. Әр түрлі қолданыстағы шыны бұйымдарына жылдан жылға өсіп бара жатқан сұраныс, шыны жасау өнеркәсіптерін өнім шығару мөлшерлерін арттыра отырып, сонымен қатар олардың сапа деңгейін түсірмеуге итермелейді. Шыны түрлері-

 Органикалық шыны —полиметилметакрилат, полистирол, поликарбонаттар негізіндегі оптикалық материалдардың техникалық атауы. Тығыздығы біршама кем, морттылығы аз, жүмсару температурасы едөуір төмен. Органикалық шыныдан авиа, автомобиль, кемежасау салаларында құрылымдық материал ретінде пайдаланылатын жарқыншақтанбайтын үш қабат шыны дайындалады.

 Сақтандырушы шыны — құрамына байланысты түсірілген сәулелерді өткізеді (мөлдір) немесе өткізбейді (мөлдір емес), сондай-ақ белгілі толқын ұзындықты сәулелерді өткізіп, басқа толқын ұзындықты сәулелерді өткізбейді (түсті).

 Сұйық шыны — натрий жөне калий силикаттарының судағы ерітіндісі. Сұйық шыны — қышқылға төзімді цемент пен отқа төзімді сылақтардың құрауышы, желімдегіш зат ("кеңсе силикат желімі"). Mұқият болмаса, білдекші шағын жарақат алуы мүмкін.

Жазық шыны өндіру технологиясы -

 Жазық шыны деп – тегіс түрде өңделіп, ұзындығы мен еңіне қарағанда

қалыңдығы аз болып келетін шыныны айтады. Оны күннің көзін өткізетін

құрылыс материалдарын шынылау, терезе ойығы мен есік орнына орнату,

шамдар мен витриналарда, шыны пакеттерін өңдіруде және т.б. құрылыс

мақсаттары үшін қолданады.

Жазық шынылардың құрамына бірталай талаптар орнатылған:

  1. балқу процесінің жоғары жылдамдығы;
  2. формалаудың жоғары жылдамдығын қамтамасыздандыру үшін, қатаю

жылдамдығының оптималды болуы;

  1. кристалдану температурасы формалау температурасынан төмен болуы;
  2. балқыманың кристалдануға төмен бейімділігі;
  3. шыныға қажетті физика-механикалық қасиеттері мен химиялық біртектілігін беру.

Шыны өндірісі технологиясының сызбасы

Шикізат материалдары

 Шыны өндiрiсiнде қолданылатын шикiзат материалдарын шартты түрде негiзгi және көмекшi болып бөледi. Шихтаны дайындау үшiн «Саратовстройстекло» ААҚ келесi шикiзат материалдарын пайдаланады: құм, кальций карбонаты, доломит, дала шпаты, сода, натрий сульфаты, көмiр. Жазық шыны өндiрiсi үшiн негiзгi шикiзат материалдарына: кварцты құм,

сода, доломит, дала шпаты, кальций карбонаты; ал көмекшi шикiзат материалдарына: натрий сульфаты, көмiрдi жатқызамыз.

SiO2 - барлы силикат қ шыныларының басты құрама бөлiгі. SiO2

шыны массасының тұтқырлығын жоғарлатып, механикалық және

химиялық қасиеттерді жаксартады, шынының қиын балқуын

арттырады және оның гомогенизациясын қиындатады, сыну

көрсеткiшін төмендетеді, сызықтық кеңеюдің температуралық

коэффициентi мен тығыздықты азайтады, жылуға шыдамдылықты

жоғарылатады, кристалдануға бейімділік артады. SiO2-нi енгiзу үшiн

кварцты құмды пайдаланады.

 Na2О натрий оксидi кремнеземмен қатар шыны құрамының ең

маңызды бөлiгі болып табылады. Na2О шыны түзілу процесін

тездетедi, балқу температурасы мен шыны тұтқырлығын

төмендетедi, тазарту процесiн жеңiлдетедi. Сонымен бiрге, Na2О

сызықтық кеңеюдің тығыздығы мен температуралық коэффициентін

жоғарлатып, химиялық төзiмдiлiкті және шынының

микроқаттылығын азайтады. Келесі шикiзат материалдары арқылы,

шыны құрамына Na2О енгiзiледі, сода (МЕСТ 5100-85) (Na2СО3 )

және натрий сульфат (ТУ 21-249-00204168-92) (Na2SO4 ).

Магний оксидің (MgO) шыны құрамына доломитпен (МЕСТ 23672-79)

(MgCO3 x CaCO3) бірге енгiзедi. МgО шыны массасының балқу

температурасын және 6%-ға дейінгі концентрациядағы кристалдану

икемділігін азайтып, беттiк керiлiстi жоғарлатады. Шыны құрамында магний

оксиді 2%-дан астам болса, балқу және мөлдірлеу уақыты артады. Судың

әрекетiне шыны орнықтылығы бiршама төмендейдi. Сызықтық кеңеюдің

температуралық коэффициентi жоғарлайды.

 Кальций оксидін (CaO) қоспаға кальций карбонаттың (ТУ 113-08-667- 98)

(CaCO3) көмегімен енгiзедi. СаО балқу температурасы мен тұтқырлықты

төмендетедi, механикалық және химиялық қасиеттерді жақсартады, бiрақ

тығыздықты жоғарлатып, кристалдануға икемділіктi күшейтедi.

 Алюминий оксидiң Al2O3 дала шпатымен (ТУ 5726-036-00193861-96) (K2O x

Na2O x Al2O3 x 6SiO2 ) бірге шыны құрамына енгiзедi. Al2O3 балқу

температурасын, тұтқырлықты, беттiк керiлiсті және жұмсарту

температурасын жоғарлатады, шыны массасының пiсiруiн және оның

гомогенизациясын нашарлатады, химиялық тұрақтылық артып, механикалық

қасиеттер және жылу өткiзгiштiк жаксарады, сызықтық кеңеюдің

температуралық еселеуішi және балқытпаның интенсивтілігі азаяды,

шынының кристалдануға бейiмдiлiгі төмендейдi.

Шыныны балқыту-

 Шыны бақыту процесі 5 кезеңнен тұрады:

  1. силикат түзілу;
  2. шыны түзілу;
  3. мөлдірлеу;
  4. гомогендеу;
  5. салқындау.

Пайданылған әдебиеттер:

 1. Производство листового стекла флоат-способом. Учеб.

пособие / ОАО «САРАТОВСТРОЙСТЕКЛО». – Саратов,

2009.

 2. Гинзбург Д.Б. Стекловаренные печи. / Д.Б. Гинзбург. —

М.: Стройиздат, 1967. - 340 с

 http://www.aipet.kz/student/diplom/2014/tef/pte/pte_kz/23.pdf

 https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%B9%D0%BD

%D0%B5%D0%BA

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бегимбетова Сауле

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым