Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Шөл өсімдіктері мен жануарлары

Калдыгарина Жайнагул Ильясовна
2 мин оқу 565 оқылым

Калдыгарина Жайнагул Ильясовна

Мақсаты: Шөл өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру. Теориялық ойлауын, сөздік қорын, табиғат құбылыстарының ұқсас болатыны, ерекшелігі туралы ойын дамыту.
Табиғатқа жанашыр, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер, энциклопедия
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу.
- Шалғынды аймақ пен далалы жердің өсімдіктері мен жануарлары тіршілігіндегі ұқсастық пен айырмашылық туралы не айта аласыңдар?
- Бөдене тіршілігі мен суыр тіршілігі жайлы не білеміз?
Оларды қорғаудың қандай маңызы бар?
ІІІ: Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Кіріспе:

- Шөл дала дегенде көз алдарыңа қандай дала елестейді?

- Шөл даланың өсімдіктері, жануарлары туралы не білесіңдер? Осы сұрақтарға жауап алғаннан жаңа сабақты түсіндіру.
Шөл — суға тапшы аймақ. Оның ауасы, топырағы құрғақ, өсімдіктері селдір, сирек болып келеді. Шөл — құмды, сортаңды, сазды, тақыр, тастақты шөлдерге ажыратылады. Құмды шөлдер жазықты жерлердің борпылдақ тау жыныстарының үстінде қалыптасады.
Оқулықпен жұмыс.

1-топ: Құмды шөлдер бөлігін оқу.

2-топ: Тақыр шөлдер бөлігін оқу.

3-топ: Сортаң шөлді оқу

4-топ: Шөлді жерлердің жануарларын оқу.
ІV. Сергіту сәті.

Топтық жұмыс:
1 - топ: Шөл өсімдіктерін «Менің алғашқы энциклопедиядағы» мәліметтерінен топтастыру.
2 - топ: Шөл жануарларын «Оқушының алғашқы энциклопедиясындағы» мәліметтерінен топтастыру.
3 - топ: Шөл және дала жануарларын сәйкестендіру.
4 – топ: Шөлге 5 жолды өлең құрастыру.

  1. Не? Шөл
  2. Қандай? сортаң, құрғақ.
  3. Өнеді, тіршілік етеді, өседі
  4. Шөл – суға тапшы аймақ.
  5. Сортаң жер
  6. Бекіту кезеңі:
    Тест.

    1. Шөлді жерді мекендейтін жануар
    а) қасқыр
    в) арқар
    с) кесіртке
    2. Дала өсімдігін ата.
    а) селеу
    в) жусан
    с) қарағай
    3. Улы өсімдікті белгіле.
    а) боз
    в) бетеге
    с) сарғалдақ
    4. Қайсысы артық?
    а) шалғынды, орманды
    в) дала, шөл
    с) қала, ауыл
    5. Күріш қай облыста өсіріледі?
    а) Батыс Қазақстан облысы
    в) Қызылорда облысы
    с) Талдықорған облысы
    VI. Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек.

VIІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 65 – 68 - беттерді оқу, мазмұны.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Калдыгарина Жайнагул Ильясовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым