Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Шетел тілін үйрену- өмір талабы.

Эльмира Дауренбекова
4 мин оқу 292 оқылым

Шетел тілін үйрену қазіргі заман талабы. Қазіргі заман – жана технологиялар заманы болғандықтан, шетел тілдері арқылы әлем кеңістігіне енуді, алдыңғы қатар елдермен тең дәрежеде болуды мемлекет алға мақсат етіп отыр.Ол үшін біздің мемлекеттің білім жүйесі халықаралық деңгейге жетуі керек екендігі белгілі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «үш тұғыры тілдің» аса маңызды екендігі атап, ұрпақтар өзара бәсекеге қабілетті болуы үшін бірінші кезекте олардың білім деңгейлері жоғары болуы шарт екендігі халыққа жолдауында айқындап берді. Сондықтан да, елімізде білім беру саласында шетел тілдерін оқып үйренуге деген ықылас арта түсуде. Осыған байланысты оқу орындарды шетел тілдерін меңгеруге талап жоғары қойылып отыр. Шетел тілін оқудың мақсаты – еліміздегі оқушылардың, жастардың, шетел тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеру болып табылады.
Шетел тілінде қарым-қатынас жасаудың негізі – тілдік білім мен дағдылардан, білгірлік шеберліктен тұратын шәкірттердің жеткілікті деңгейде коммуникативті біліктілікке қол жеткізуін көздейді. Ол үшін ұстаз шеберлігі аса қажет. Ұстаз өз шеберлігін сабағында жаңа технологияларды қолдануынан, инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруінен көрсете білуі тиіс. Озық тәжірибенің, озық әдістеменің бірі – шетел тілін тыңдау арқылы үйрету. Шетел тілін үйренуші оқушы немесе студент ең бірінші тыңдап алып, түсінуді меңгермей, оқып отырған тілін терең игеруге мүмкіндік ала алмайды. Тыңдау арқылы студент сол тілдің фонетикасын, лексикасын, граматикасын меңгере алады. Қабылдау бірлігі жеке сөздермен тікелей байланысты. Сондықтан тілдік тұлғаларды қабылдау үшін олардың санасында фонематикалық есту қабілетін қалыптастыру қажет.
Фонематикалық есту қабілеті дегеніміз – сөздердегі дыбыстарды ажырату және олардың сәйкес фонематикалық ұштастыру. Содан кейінгі ескерілетін нәрсе – интонация. Интонация арқылы сөйлем түрлерін ажыратады.
Дыбыстарды үйрену барысында олардың фонетикалық ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар туындап жатады. Сонымен қатар шетел тілінің ырғақтығы, әуендігі студенттердің қате жібермеуі үшін түрлі жұмыстар жүйесін қалыптастыру қажет. Өтілетін тақырыптарды бірнеше рет тыңдата отырып, олардың қандай мағына білдіретінін анықтау керек. Сондай – ақ олардың қалай жазылатынын талап ету өте орынды.
Шетел тілін оқытуда ең басты міндеттердің бірі – студентті ауыз-екі тілге үйрету екендігі белгілі. Ол үшін олардың сөздік қорын байыту керек. Ондай жағдайда сабақта түрлі ойын әдістері арқылы, студенттің сабаққа деген қызығушылығын арттыру керек. Шетел тілін тыңдау арқылы үйретудің түрлі әдіс – тәсілдерін қолданып белгілі нәтижеге қол жеткізуге болады. Оқушының тілді терең жан-жақты меңгеру, өз ойын шет тілінде еркін жеткізе білу іскерлігі – тіл мұғалімдерінің әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы, өздерінің кәсіби шеберлігіне байланысты. Сондықтан да шет тілі мұғалімдері қазіргі заман талабына сай жаңашыл, ізденімпаз, өрісі биік, шет тілін үйренудің жаңа формаларын, қазіргі ғылыми технологиялық прогресс дәуірінде олар теледидар, қашықтықтан оқыту, компьютер сияқты көп арналар және жаңа технологияларын меңгеру керек. Тиімді технологиялар, мәтінмен жұмыс істеу, бейне материалдармен жұмыс істеу, топпен жұмыс істеу, ұжымдық ойлау әрекетін, ойын т.б. технологияларды пайдаланудағы мақсатын – шетел тілінің мәртебесін жоғары деңгейде көрсету студенттерге саналы да, терең білім беру, олардың ойлау дағдыларын жетілдіре отырып, еркін сойлеу дәрежесіне жеткізу. Оқытушының міндеті әрбір студенттің белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін қамтамасыз етуі.
Осыны іске асыру үшін жұмыстың топтық әдіспен жүргізілгендігі өте тиімді. Әрбір топ бірнеше топқа бөлінеді, оның құрамын өзгертіп отыру керек. Әрбір топта бір кеңес беруші болады, олар топтарын басқара отырып оқытушыға сабақ өткізуге көмектеседі. Әрбір топқа жақсы оқитын студентті қосудың басты міндеті үлгерімі төмен студенттің көмек алуына мүмкіндік береді. Әрбір топ тапсырма алады. Әртүрлі тақырыптар бойынша тапсырмалар беріліп, тақырып бойынша диалог т.б. жұмыс түрінде орындайды. Басқа топтарда осындай тапсырмалар алғанмен, осы тапсырмалардың дұрыс жазылғаның тексеру мүмкіндегіне ие болады, қажет болған жағдайда түзетулер енгізе алады. Осы топтың жұмыс түрінің артықшылығы шетел тілін оқытуда студенттердің сөздік қоры кеңейеді, сабақта шетел тілінде сөйлесуге көп уақыт бөлінеді. Сонымен қатар ұжымдық сезімін тапсырған іске жауапкершілікпен қарау сезімі, логикалық ойлауы дамиды, берілген жағдайда тез қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Ең маңызды топтың жұмыс студенттердің өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді.
Мемлекеттік білім беру саласындағы қазіргі заман үрдістерімен және олардың атқаратын уақытта даму үшін жаңа жолдарды қалыптастыруды алға мақсат етіп қойған.
Қорыта айтқанда, шетел тілін үйренудің түрлі әдістерін қолданып нақты нәтижерлерге қол жеткізу қиын емес. Қазіргі автоматика, техника, интернет заманында шетел тілін жетік білу жас ұрпақтың қызығушылығын тудыруы заңды. Сондықтан жоғары саналы мамандар, жас ұрпақ дайындайтын болсақ әлемдік деңгейге мемлекетіміздің білімін де танысуға мүмкіндік береді. Шетел тілін меңгеру – өмір талабынан туындап отырғаны баршаға аян. Өмір көшіне жас ұрпақтарды бастау – әр оқытушының міндеті деп түсінуіміз керек.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Эльмира Дауренбекова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым