Мазмұнға өту

Шет тілдер бірлестігінің онкүндік апталығының өткізілуі туралы

Тунгатова Жансая Жолдыбаевна 5 мин оқу 69 оқылым

Абай атындағы Республикалық

мамандандырылған  дарынды балаларға

арналған қазақ тілі мен әдебиетін

тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі :

Тунгатова Жансая Жолдыбаевна

Шет тілдер бірлестігінің онкүндік апталығының өткізілуі туралы

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған  дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында  наурыз айының  9-19 аралығында орыс тілі мен шет тілдер бірлестігінің онкүндігі болып өтті.

Мақсаты: Орыс, ағылшын және түрік  тілі пәндерінде оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамытудың тиімді  жолдарын ұсыну. Оқушыларға сындарлы білім берумен қатар, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын жүйелі түрде дамыту.

«Тіл –достықтың алтын діңгегі » тақырыбындағы онкүндікті бірлестік жетекшісі С.Д.Чабденова ақпараттық кеш арқылы ашты.  Кеш барысында оқушылар ағылшын, түрік  және орыс тілдері  және олардың қарым-қатынаста алатын орны туралы мағлұматтар алды.

Алғашқы сабақты Оспан Айжан 11 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Genres of fiction»  тақырып аясында өткізді.  Сабақ барысында «Kahoot», «Speaking», «Диалог», «Ақпараттар айдары», «Vocabulary»,  «Reading», «Matching words», «Find out definition”» әдістері қолданылды.    Сабақ Блум таксономиясына негізделгені анық байқалды. Оқушылардың ағылшынша еркін сөйлеу, ой қорыту, нәтижеге жету, сыни тұрғыда ойлау, берілген тапсырманы диалог, оқылым, сөздік арқылы шебер орындай алуы сүйсінтті.  Сабақта әрбір оқушыға кері байланыс жасалды.

Әрі қарай орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гумарова  Раджана Фатыховна «Вода – истина жизни»тақырыбында 8 «Ә» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында  оқушылдардың сөйлеу  тілін дамытуға, қойылған мәселелер бойынша сыни тұрғыда ойлау дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар оқу мақсатына жетуге негіз болды. Орыс  тілін  шет  тілі  ретінде  оқытуда лингвистикалық  материалды  игеру және  коммуникативтик  дағдыларды  (қарым –қатынас құралдары) қалыптастыру маңызды.  Сондықтан сабақ барысында  оқушылар  өздерінің  бейне материалдарын  қорғады, мәтінмен жұмыс  жасады  және грамматикалық  тапсырмаларды  орындап, сөзжұмбақтың  жауабын тапты.Тақырыпқа байланысты   құрылған тапсырмалар  оқушылардың сөздік қорын дамытуға көмектесуге бағытталды. Сабақтың  соңы оқушылардың білімін бекітуге арналған  кері байланыс сұрақтарымен аяқталды.

Келесі кезекте Тунгатова Жания  Жолдыбаевна         9 «В» сыныбымен «Types of  films» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  «Listenning», «Reading», «Matching  words»,әдістерімен бірге «Who is the best?» сұрақ-жауап интелектуалдық ойын арқылы сабағын тақырыппен байланыстыра отырып жүргізді. Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын, оқушылардатапсырмаларға  тез дұрыс жауап беру нәтижесінде тыңдалым  және  оқылым дағдылары қалыптасты.Сабақ соңында оқушыларға кері байланыс жасалды.

Жоғары дәрежелі орыс тілі мен әдебиеті пәніннің  мұғалім Жусупбекова Ардақ 8 «В» сыныбымен  «Культура питания» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен іс-әрекеттеріне қарай қазіргі заманауи  дидақтикалық видео-материалдарды ұтымды қолданып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдай білді. Оқушылардың сабақ барысындағы белсенділіктері  мұғалімнің санқилы жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданылуының нәтижесі екендігі айқын көрінді. Сабаққа жүйелі жоспар құруының нәтижесінде оқу мақсатына жете білді.

Түрік тілі пәнінің  мұғалімі Алипбекова Аманкул Куралбековна 8«Ә» сынып оқушыларымен «Kiyafetler»  тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Миға шабуыл», «Bulmaca oyunu», «Фишбоун әдісі», «Soru-cevap» т.б. әдістері  мен ойын элементтері(ребус, кроссворд) ұтымды қолданылды . Бұл – өз ойын жеткізе білуге және өз бетінше еңбектенуге үйретті. Сабақтың табысты болуы «Оқушы үні» арқылы көрініс тапты.

Онкүндіктің кезекті ашық сабағын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің  жоғары дәрежелі мұғалімі Назханова Лаззат Кузековна 8 «В» сыныбымен «Национальная еда»  тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. Ұстаз оқушылардың жас ерекшеліктері мен іс-әрекеттеріне қарай қазіргі заманауи әдістерді қолдана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдай білді. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Мұғалім жеке, топтық жұмыстарын ұйымдастыру  арқылы өз мақсатына жете білді.

Әлем әдебиеті пәнінің  мұғалімі Пердебекова  Ақбөпе Асқанбекқызының 8 «Б» сынып оқушыларымен  «Рим әдебиеті» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Миға шабуыл», «Сұрақ ілмегі», «Ойлан,тап», «Бас бармақ» т.б.әдістері қолданылды.Сабақ барысында оқушылар тарапынан ұтымды жауаптар алынып, сәтті сәттер көрініс тапты.

Осы ретпен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Райханбекова Ботагөз    9 «ә» сыныбымен «Types of  films» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында  «TPR method», «Watching», «Matching words», «Find out definition», «Speaking» әдістері және «Crocodile» ойыны  қолданылды. Оқушылардың  тек ағылшын тілінде еркін сөйлеуі  мен сыни тұрғыда ойлауы, жаңа сөздерді қолдана отырып, сөйлем құрай алуы көңілге көпшілікті қуантты. Әр тапсырма сайын оқушыларға мадақтау арқылы кері байланыс берілді. Оқушылар берілген тапсырмаларды белсенді түрде орындап, өз қабілеттерін көрсетті. Сабақ соңында сергіту сәті ретінде өлең де айтылды.

Білікті ұстазжоғары дәрежелі ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі Чабденова Сауле Дидарқызының 9 «Б» сыныбымен «The Eagle Huntress»    тақырыбында ашық сабақ өткізді.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әр кезеңде қолданылған әдіс-тәсілдері, әдістемелік, видео материалдарды өз дәрежесінде ұтымды қолданылып, «ойлан тап», сөлемді аяқтау әдістері мен фильмнің  жалғасын табу тапсырмалары оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдау шеберлігінің айқын көрінісі болды. Жан-жақты логикалық ойлау дағдысын дамытуға арналған жаттығулар сабақ мақсатына жеткізді. Сабақ соңында «Quizzizz» платформасымен білімдерін бағалап, «Бес саусақ» әдісімен кері байланыс жасады.

Онкүндік барысында сыныптан тыс жұмыстар мен бейнероликтер жасалды. Соның бірі Абай Құнанбаевтың 175 жыл мерейтойына орай  «День Абая»,  «Day of Abai », «Abai gunu»   үш тілде орыс,ағылшын және түрік тілдерінде  іс-шаралар жүргізілді. Сонымен қатар,  «Spelling bee», «Brain ring», «Quiz competition» атты интелектуалды ойындар өткізіліп,  жеңімпаздары марапатталды.Нәтижелі атқарылған игі шаралар мектеп сайтына жүктелді.

Аталмыш шаралар оқушыларды мемлекеттік тілмен қатар бірнеше тілді қатар игеру арқылы туған жерімізді сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуші білімді ұрпақ болуға, таза сөйлеуге, қоғамдағы үштілділік саясатының маңызын ұғуға, ұлтына, жеріне деген сүйіспеншілігінің артуына ықпал етті. Соңында мектеп-интернат  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ш Айдарбекова онкүндіктің жоғарғы деңгейде өткенімен құттықтай отырып, бірлестік жетекшісі С.Д.Чабденоваға,  ұйымдастырушыларға,  белсене қатысқан оқушыларға  алғыс білдірді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Тунгатова Жансая Жолдыбаевна

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин