Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Шешендік өнер

Автор

Нұрдана
3 мин оқу 104 оқылым

Шешендік сөздер қашанда  халықтың қажеттімұрасы болып табылған. Сонымен біргеолар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыржағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерініңсөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді,оданүлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер,билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге аз мағына сыйғызып,халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсаты –адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды. Олар: Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би, Саққұлақ шешен т.б Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі,олардың шешендік сөздері,төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында болды. 

Шешендік сөздердің мән - мағынасын дұрыс түсініп, ой елегінен өтізген әрбір жас тіл мәдениетіне жеңіл - желпі қарамайды. Дұрыс сөйлеп, ойын дұрыс жеткізе алады. Жүйелі сөз саптау, таза мазмұнда сөйлей білу қашанда керек құбылыс.

Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі мен дүниетанымын дамыту керек. Қазақ халқы қай заманда да сөйлеу өнерін жоғары бағалаған. Бұл жол арымай - талмай шешендік сырын зерттеуді, көл - көсір жаттығуды, мол білімді, ой - өрісі мен мен қиял кеңістігін қажет ететіндігін анық білген.

Сөз өнері өнердің ең алды ретінде саналған. "Өнер алды - қызыл тіл", - дейді қазақ мақалы. Абай: "Тіл өнері - дертпен тең", - деген. Қысқасы, халқымыз шын мәніндегі шешендікті асыл өнерге баулып, осы жолда қайталанбас мұра қалдырған.

Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі - шешендік өнер. Шешендік өнер - ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің ерекшелігін көрсететін негізгі жанрлардың бірі.

Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, бізге халық жадында сақталып жеткен.

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша шығып, ауызша таралған.

Қонақта, немесе бір мәселені талқылау үстінде көп жасаған, кәрі құлақты қариялардың аузынан шыққан жүйрік ойлы, жүйелі сөздерді құйма құлақ талапты жастар, өнер қуған қыз - бозбалар жаттап алып, жүрген - тұрған жерлерінде, ойын - жиындарда айта жүрген. Өзінің қажетіне, өмірдің тілегіне қарай жаңартып - жаңғыртып отырған.

Шешендік сөздер - біздің асыл мұрамыз, қазынамыз, байлығымыз. Шешендік сөздер аяқталған тұжырымды ой арқылы алуан адамгершілік қасиеттерге, ұлттық тәрбиеге баулиды. Шешендік сөздер ертегі - аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп, сұрыпталып, бөліне отырып, халықтық бірыңғай әдеби тіліміздің қалыптасуына себепкер болған.

Қазақ шешендік сөздері мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш тарауға бөлінеді.

Шешендік сөздер - халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой - өрісін белгілейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қалайда жетемін деген сенімнен айрылмаған.

Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір - бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап сөйлеген сөздер табысқа, жеңіске жетуге құлшындырып, рухтандырып отырған, қуаныш үстінде дем берушілік,

реніш тұсында жұбатушылық қызметін атқарған.Белгілі халық шешендері мен есімдері белгісіз дана қарт, шешен әйел, тапқыр бала, жарлы жігіттер атынан айтылатын шешендік сөздерге тән бір қасиет - шешендік тапқырлығымен қатар әділдігі, ойының айқындығы және халықтың сипаты.

Кенжебек Нұрдана

Алматы облысы Қаскелен қаласы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нұрдана

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Гаджеттік технологиялар

Мәтінде телефон, компьютер және тұрмыстық құрылғылардың күнделікті жұмысты жеңілдететіні, сондай-ақ ғылым мен техниканың адам өміріне ықпалы баяндалады.

Нұрдана 37 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Адам баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж

Мәтінде адам өміріндегі жеке қасиеттердің, жақындардың және мақсаттардың құндылығы сөз болады. Құндылықтарды түсіну реніштің себебін анықтап, кешіруге көмектеседі.

Нұрдана 283 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Әркімнің туған жері-Мысыр шаһары

Кенжебек Нұрдана туған ауылы Ақшидің табиғаты мен қонақжай халқын сипаттап, туған жерді қадірлеу және Отанға қызмет ету туралы ой қозғайды.

Нұрдана 115 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин