Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Шеберлік сынып «Дос іздеген бота»

Айгерім
4 мин оқу 188 оқылым

Шеберлік сынып
Тақырыбы: «Дос іздеген бота»
Мақсаты: Қатысушыларға ертегі желісінің ерекшелігін көрсету, достықтың маңыздылығын түсіндіру.
Маған қазір шеберлік сыныпымды көрсету үшін 3тәрбиешіні ортаға шақырамын.
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Бір күні анасы:
— Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес, — дейді.
Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.
(Алдымызда тұрған үлкен қорапшаны ашамыз.Ертегі желісі бойынша жалғастырамын.)
Жайылып жүрген құлынды көріп:
— Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп бота боздайды.
— Иһ - һ - һі, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп құлын кісінейді.
(Құлын тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес, — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін бұзау болар, — деп құлын ботаны шығарып салады.
Бота бұзауға келіп:
— Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп бота боздайды.
— Мө - ө - ө, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп бұзау мөңірейді.
(Бұзаудың тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес, — дейді бота.
— Мүмкін қозы болар, — деп бұзау ботаны шығарып салады.
Бота қозыға келеді:
— Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Мә - ә - ә, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп қозы маңырайды.
(Қозының тапсырмасын орындау)
— Жоқ сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін күшік болар, — деп қозы ботаны шығарып салады.
Бота күшікке келіп:
— Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Әуп - әуп, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп күшік үреді.
(Күшіктің тапсырмасын орындау)
— Жоқ сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін мысық болар, — деп күшік ботаны шығарып салады.
Бота мысыққа келіп:
— Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Мияу - мияу, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп мысық мияулайды.
(Мысықтың тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін әтеш болар, — деп мысық ботаны шығарып салады.
Бота әтешке келіп:
— Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Ку - ка - ре - ку! дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп әтеш айғайлайды.
(Әтештің тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін қарға болар, — деп әтеш ботаны шығарып салады.
Бота қарғаға келіп:
— Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Қа - а - рр, қа - а - рр, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп қарға қарқылдайды,
(Қарғаның тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін бақа болар, — деп қарға ботаны шығарып салады.
Бота бақаға келіп:
— Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Бақ - бақ, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп бақа бақылдайды.
(Бақаның тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін ара болар, — деп бақа ботаны шығарып салады.
Бота араға келіп:
— Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
—З - з - з - зз, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, ерні салпиып бота өз анасына келеді.
Анасы: — Дос таптың ба, ботам? — деп сұрайды.
— Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен, — дейді.
Анасы жымиып:
— Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек, — дейді. Бота қуанып, адал достары: құлынды, бұзауды, қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны ертіп келіпті. Ал, араны сабырсыздығы үшін қоспаған екен дейді.

МКҚК «Алтын ұя» бөбекжайы

Шеберлік сынып
«Дос іздеген бота»

Өткізген: «Бәйтерек» ортаңғы топ тәрбиешісі

А.Абайқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Айгерім

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Өмір. Өзгеріс

Мәтінде өмірдегі өзгерістерге әсер ететін жағдайлар, жасөспірімдерге ата-ана қолдауының маңызы және қиындықтарды сынақ ретінде қабылдау туралы айтылады.

Айгерім 1 мин 34 оқылым
Жалпы рубрика

Жастардың айқайы

Мәтінде мектептегі буллинг пен отбасындағы қысымның жасөспірімдерге әсері баяндалып, жастар мен ата-аналарға қолдау көрсету жөнінде кеңестер ұсынылады.

Айгерім 1 мин 26 оқылым
Балабақша

Кітаптың маңыздылығы қандай?

Мәтінде кітаптың білім мен қоғам өміріндегі құндылығы, кітап оқуды тұрақты әдетке айналдыру және өзіңе қызықты жанрды табу жолдары қозғалады.

Айгерім 4 мин 36 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 418 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым