Мазмұнға өту

«Шебер қолдар» үйірмесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

Фарида 3 мин оқу 61 оқылым

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар? Бұлар кімдер? Бұл тұжырымдама білім беру проблемалары жалпы қабылданған  норманың шегінен шығатын, барлық тәрбиеленушілерді қамтиды. Термин дамуында белгілі бір ерекшеліктері бар балаларды оқытуда қосымша қолдау көрсету  қажеттілігіне негізделген.

Дәлірек айтсақ, француз ғалымы Г. Лефранконың берген анықтамасын , санауға болады. Ол: «Ерекше қажеттіліктер  бұл  термин - әлеуметтік,  физикалық немесе эмоционалдық ерекшеліктер назар аударуды және қызмет көрсетуді қажет ететін олардың әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік бретін адамдарға қатысты деген.

Ерекше білімді қажет ететін балалардың психикасының қалыптасуы мен дамуы дені сау балалармен салыстырғанда баяу жүреді. Балалық шақтың осы таңғажайып мүмкіншіліктері мидың, белгілі бір жүйке құрылымдарының толысып, пісіп — жетілуіне және олардың функционалдық қасиеттеріне байланысты.

Балаларға қосымша білім беру сапасына әсер ететін негізгі мәселе , ол халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін қолжетімділігі екені сөзсіз. Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қосымша білім алуы үшін оңтайлы жағдай жасайтын оқыту нысанын енгізу қажеттілігі туындады. Жасыратыны жоқ, бүгінгі күннің басты мәселесі-әр баланың даралығын қабылдау және оның ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті оқу жағдайын жасау болып табылады.

Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысу арқылы балалар киіз, фаомиран мен қағаздың қасиеттерімен, оларды түрлендіру тәсілдерімен танысып, топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Өнердің бұл түрі халық тұрмысымен тығыз байланысты. Балалар ұлттық нақыштағы бұйымдар (торсық, үйтұмар, қоржын, өңіржиек, сандық т.с.с) жасау арқылы, ою-өрнек элементтерімен, қазақ халқының өмірі мен мәдениетімен танысады. Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық дағдыларды именденуі сәбилік кезеңнен басталады. Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер «жасай алмаймын, қолымнан келмейді» деп өздерін үрейге, қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жұмысына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу – жасқаншақтық немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі – жалқаулыққа жеңдіреді.

Сол себептен өз «Шебер қолдар» үйірмемде, маған келіп жүретін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шабытын оятып, құлшындырып отыруға тырысамын. Балаларға өз өздеріне сенімді болуға үйретемін, кішкентай жетістіктері үшін жоғары бағалап, мадақтаймын: «Жарайсың!!!», «Керемет болып шықты», «Осы жолғы жұмыстарың, алдеқайда сапалы» деген сөздермен, құптау көрсету арқылы , өзіме балалар жақтан сенім ұялатамын. Сабағымда тапсырма мазмұнын жеңілдетуге арналған технологиялық карталар, схемалар, үлгілер, көрнекіліктер қолданамын, балаларға жеке дара тапсырмалар беріледі. Балалар оңай,тез түсіну үшін алдын-ала тапсырмаларды құрастырамын  және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың танымдық даму деңгейіне сәйкестігін ескеріп отыруға тырысамын. Үйірмеде жұптық және топтық жұмыс орын алады. Делдалдық оқытуды өз үйірмемде қолданамын, үйірмедегі басқа оқушының іс-әрекеті үлгі бола алады. Бала басқа балалардың жұмыстарын бақылап, өз жұмысын толықтыруға қайта оралуына түрткі болатынына  көзім жетті.

Баланың әлдебір жұмысқа қабілеттілігін оның жас ерекшелік психологиясын ескере отырып түсінемін.  Сол себептен, өз үйірмемде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен, «қарапайымнан күрделіге» принципі бойынша жұмыс жүргіземін. Бұл принцип кез келген тұлға дамуының негізі болып табылады. Қиын, бірақ орындалатын тапсырмаларды шешу барысында бала белгілі бір тапсырмаларды қолдану арқылы мәселені шеше алатынына сенімді болады. Содан кейін, келесі жолы тапсырмалар біршама күрделене түседі. Бұл баланың жақын арада дамуының шекараларын танып, оларды жеңе отырып, жоғары көтерілуге және барған сайын күрделіректеу тапсырмаларды шешуге ұмтылуға мүмкіндік береді.

Ерекше білім беру қажетіліктері бар балалалардың шығармашылғын дамыту өте маңызды, өйткені ол адамның өзін-өзі жүзеге асыруына, шығармашылыққа қатысуына, қабілеті мен еңбекқорлығының арқасында белгілі бір салада табысқа жету тәжірибесін алуға ықпал етеді.

Қазіргі таңда заманауи компьютер қолөнердің әлемін өзгертті, яғни әр түрлі бұйымдарды жасаудың оңай әдістері көрсетіліп, үлкен көмегін тигізуде. Ұлттық нақыштағы бұйымдарды жасау жолын әлеуметтік желіден табуға болады. Және де бұған тәрбиеленушілердің қызығушылықтары шексіз. Балалар әлеуметтік желіден көргенін, қызығушылықпен мазмұндап, үйірмеде іске асыруға құштарлықтары оянып, іске асыруға асығады. Бұндай тақырыптағы бұйымдарды жасау арқылы, мен балаларды халқымыздың өнерін бағалай білуге тәрбиелеймін. Халық өнерінің сұлулығын аша отырып, бала жағымды эмоцияларды бастан кешіреді, соның негізінде тереңірек сезімдер пайда болады: таңдану, қуаныш, ләззат.

Қорыта айтқанда, ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізіне қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Баланың шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Фарида

Автордың басқа материалдары

Ашық сабақтар

« Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта »

Тілепбергенова Фарида Темірғалиқызы Білім беру саласы: «Денсаулық» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру Тақырыбы: « Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта » Мақсаты: 1.Білімділігі: Берілген тапсырмаларды зейін қойып…

Фарида 384 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин