Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Шаруаға жер керек. Жерді кім береді?

Bilimger Media
2 мин оқу 21 оқылым

Шаруаға жер керек. Жерді кім береді?

Қазақ халқы ежелден аттың жалында, түйенің қомында өмір сүрген көшпелі және жартылай көшелі ел. Алтай мен Атыраудың, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алтаудың арасын кең жайлаған, төрт түлік малға жайылым табуда таршылық көрмеген осынау кең сахараны еркін жайлаған халық еді. Не үшін «еді» деген шылау сөзді қосты дейтін боларсыз оған да себеп бар, 1864 жылғы патша реформасы салдарынан Ресейдегі шаруалар қазақ жеріне қоныс аударып, құнарлы жайылымдық жерлердің түгелі дерлік мұжықтардың иелігіне өтті. Патшаның жарлығымен казак әскерлері өзен (Жайық, Ертіс, Есіл) аңғарларына қала, қорғандар тұрғызып жайылымдық жерлерді тіпті азайтып тастады. «Айқап» журналының кезекті санында  Жәркент өңірінің тұрғыны Бекимов есімді азаматтың «Қазақ халқы жайынан» атты мақаласында Түркістан уәлаятында қазақ ішінде орнығып жаңадан қала салып отырған қара шекпендер көбейгенін жазып базынасын білдіреді.

Аталған мақалада автор қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруалығы екенін жаза келе оларға сарт құсап егін егіп, орыс сияқты қала тұрғызу жат тірлік екендігін айтады. Расында да ежелден ата кәсібі мал өсіру болған қазақ халқына бірден қала салып, егін егу таңсық шаруашылық. Аш адамға алдына бір табақ ет қойып оның аш өзегіне түсіп өліп қалғаны тәрізді қазақтарды да бірден отырықшыландырып, астындағы атын, алдындағы малын тартып алуы өлімге айдағанмен тең еді.  Қазақ сауда жасауға да шорқақтау. Базарға барса сарт пен ноғай алдайды. Авторда осыған күйінеді. «Жалғыз-ақ қазақтың шаруасы тарылып, қала болуға үйрене алмай, халық жарлы болып бара жатыр»

Халық қала салуға қарсы емес алайда олардың тұрмыс тірішілігін бірден басқа арнаға бұру өрескел қателік әмбе жайылымдық құнарлы жердің бәрін тартып алып жергілікті халықты нәрсіз, жайылымға қолайсыз жерге ауысытыруы көшпелі тұрмыстағы жұртқа ауыр тиді. Жазушы Ілияс Есенберлиннің «Жанталас» романында қазақтарға Жайық өзенінің жағасына мал жаймауы үшін орыс әскерлері он километрге дейін жерді жылда өртеп жіберіп отырғандығын жазады. Осы сияқты қазақ даласында патшаның қаншама рабайсыз әрекеттері мен жадағай жарлықтары салдарынан бірнеше миллион адам ашаршылыққа ұшырап, қаншамасы шет елге жер ауып кетті.

Мақала авторы Бекимов қазаққа мал шаруашылығын жандандырып жаңа бір арнаға түсіру үшін өкіметтің көмек көрсетіп, халықпен санасуы қажет екенін жазады.

Қазақта дауы ешқашан бітпеген жер дауы мен жесір дауы бар. Аталмыш  жазба өз заманының айшықты жағдайларын айна-қатесіз көрсеткен мақала десек болады.

 Ерболат Қастер

 Журналистика факультеті 

 1-курс 

 Жетекшісі: фил.ғ.к.,доцент Р.С.Жақсылықбаева

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 25 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 011 оқылым