Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ШӘКӘРІМ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АБЫРОЙ, НАМЫС, ҰЖДАН ҰҒЫМДАРЫ

Бекет ӨТЕГЕН
5 мин оқу 117 оқылым

Данат ЖАНАТАЕВ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры
философия ғылымдарының кандидаты
Бекет ӨТЕГЕН
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
1-курс магистранты

ШӘКӘРІМ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ
АБЫРОЙ, НАМЫС, ҰЖДАН ҰҒЫМДАРЫ

Қазақ философиясында кәсіби философ ретінде танылған ойшыл дана Шәкәрім Құдайбердіұлының көзқарастары болды.
Абырой – өз борышын жан-тәнімен орындаудың жоғары әлеуметтік құндылығын түсіну және оны қоғамдық көзқараспен тану. Абырой категориясы мен намыс категориясы тығыз байланысты. Яғни, намыс – адамгершілік қасиеттердің ең бағалы көрінісінің бірі.
Шәкәрім Құдайбердіұлы өз шығармаларында абырой, ар мәселелерін көп қарастырған. Сонда ар, ұждан деген не? Оның абырой, намыс сөздерімен қандай байланысы бар?
Қазіргі кезде «Ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан анықтап қарайтын болсақ, «Ар – адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар» - дейді А.Тоқсамбаева (Шәкәрім энциклопедиясы). Ал енді, «ар» ұғымы Шәкәрім философиясында қалай көрсетілген, оны қалай талдаған?
«Ынсап, ұят, ар, рахым, сабыр, сақтық -
Талапқа алты түрлі ноқта тақтық...» (Талап пен ақыл)

«...Сабыр,сақтық, ой, талап болмаған жан
Анық төмен болмай ма хайуаннан.
Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан». (Талап пен ақыл)

Міне, Шәкәрім шығармаларын қарасақ, ар мәселесіне қаншама өлең жолдарын жазып, тура ойларын айтқан.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» атты фәлсафалық трактатында сонау Пифагор дәуірінен бастап адамзаттың адасқандығы туралы айтқан. Ол еңбегінде «Біздің атақты деп жүргендеріміздің дені адасушылар. Біразы адасып жүріп жол табушылар, ал бір парасы адамзатты одан әрі адастырушылар. Білемін деп білмей сөйлеушілер, түсінемін деп түсініксіз кітап жазушылар. Жаратушының алғашқы білімін қиратушылар. Ақылдымын дегендер менмендікке салынып, адамзаттың алдағы замандарда ашар есіктерін жаптырушылар» - деп айтады. Яғни, Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегінде не туралы айтылған? Жалпы анық деген не?
Ол ең біріншіден Конттың «позитивизм» ілімін қарастырады. Яғни онда «біз көзімізбен көріп, физика ғылымымен тексеріліп анықталғанға сену, ал көзіміз жетпеген нәрсеге әуре болмайық» - деген. Шәкәрім Конттың позитивизмін «анық» деп аударып қарастырады. Сонда қазіргі анық деп танып отырған дүниенің барлығы да анық па? Өз қолымызбен ұстап, көзімізбен көрген нәрсе анық па? Әлде анық сөзінің мағынасы мүлде бөлек пе? Шәкәрім осылай анық жолын күрделі қарастырады.
Бірінші анық – Жаратушы білімі. Жаратушы – Алла. Ол шексіз. Адамзаттың осы уақытқа дейін табынып жүрген от, топырақ, пұт секілді нәрселерін жоққа шығарады. Яғни, атом – қозғалыста болатын нәрсе. Ал қозғалыстағы дүниелер шекті болып келеді. Ал Жаратушы – шексіз. Абай атамыздың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлең жолдарына қосылып, Жаратушының білімі, құдыреті, шеберлігі – абсолют. Абсолют ұғымын Шәкәрім өлшеуі жоқ нәрсе деп қарастырған. Жаратушы абсолют – онтология; Жаратушы білімі абсолют – гносеология. Жаратушы өзі де,білімі де – тұтас абсолют.
Екінші анық – Жан. «Мен жанды былай түсінемін: біз дененің түп негізін тексергендей жанның да түп негізін тексерсек, жан да дене сияқты басынан бар болып табылады. Ғылым жолында әлденеше өзгерсе де, дененің еш нәрсесі жоғалмаған секілді, жанның да еш нәрсесі жоғалмайды» - дейді. Жан баста бар болса , тұрған денесі орын болуға жарамағаннан соң, денеден шыққан кезде біржола жоғалып кетпейді, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса бір түрге түсіп, барлығының ішінде бар болып жүреді. Жан әр түрге түседі: инстинкт – сезімді жан; сознание –аңарлық жан; мысль – ойлайтын жан; ум – ақылды жан дегендей әр түрлі қасиеттері болады дейді. Жанның бұлай болуы дене секілді жан да өсіп-өніп жоғарылайды.
Үшінші анық ретінде – ұждан мәселесін қарастырады. Ол – Шәкәрім философиясының негізгі категорияларының бірі.
«Ұждан – екі өмірдің азығы»; «Ұжданды ақыл» идеясы Шәкәрімнің философияға қосқан үлкен үлесінің бірі.
«...Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім. Яғни, «Абайдағы – ынсап, әділет, мейірім» үшеуін қосып айтқанда мұсылманша – ұждан, орысша – совесть». «Бұл не? Бұны ұстап тұрған кім?» деп қойған сұрағына өзі «ұждан адам жанының басты қасиеті, онсыз жан тірексіз қалады, адам адамгершіліктен айырылатынын» - айтады. «Үш анықтың» алғашқы екеуі анық, рухқа келгенде әлгі екеуіндегідей анықтық жоқ, бірақ ұжданға нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, жан тазарта алмайды. Керісінше, ұжданы сол адамның азығы болса, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды. «Меніңше, совесть –жанның тілегі. Неге десеңіз, жан тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын шынға жоғарылайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауды керек қылады. Мәселен, таза дене, таза, толық мінез ой істерін керек қылады. Соның қатты керегі совесть – ұждан. Оны осы өмір үшінде, соңғы өмір үшін де керек қылады. Себебі, егерде бұл осы өмір үшін ғана керек болса, ол не пайда, не мақтан үшін болады. Ол жоғарылаудың ең жоғарғы жәрдемі» - дейді Шәкәрім.
Ол өз философиясында басқа да ғалымдардың еңбектерін аударған. Соның бірі – Лев Толстой. «Таңбаймын, шәкіртімін, Толстойдың, Алдампаз, арам сопы кәрі қойдың. Жанымен сүйді әділет,ардың жолын, Сондықтан ол иесі терең ойдың...» - деген сөздерінен Шәкәрімнің Толстойға тұлға ретінде құрметпен қарап, екеуінің эстетикалық көзқарастары сәйкес келетініні туралы айтқан. Ол Толстойды «әділетті, ардың жолын таңдаған» деп көрсетеді. «Орыс, қазақ – адамның бірі бірдей, Ешкімді алалама оны білмей, Кем-кетікке болысу – ар міндеті, Халқыңа пайда тигіз босқа жүрмей» - деген сөздері «Алты әңгіме» атты шығармасында «Ар ілімі» концепциясының талданатының көрсетеді. Шәкәрім танымал «Үш анық» еңбегінде: «Еңбекпенен,өрнекпенен
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл,қайнар өмір
Ар ілімі оқылса» - деп, «білім беру саласында «ар білімі»деген білім оқытылуы тиіс деп ойлаймын» - деген ойларын айтып өтеді.
«Екінші мінез – намысқорлық екен...» (Абайдың 39 қарасөзі)
«Ар демек – адамшылық намыс деген,
Арың кетпес жағыңа қарыс деген.
Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,
Сөз емескүншіл болып,алыс деген.
Намыс сол – өзің қорлан кемдігіңе,
Құрбынмен ұмтылып бақ теңдігіне. Алмай өз алдыңғының аяғынан,
Соқтықпай өзің ізден еңбегіңе». (Талап пен Ақыл)
Шәкәрім философиясында ар-ұждан, намыс мәселелері ғана емес, заман шындығы, халық жағдайы, ел қамын жан – жақты қарастырылған. Тіпті бір өлеңінің өзінен жан, тән, рух, абырой, ұят секілді бірнеше мәселелерді кірістіргенін байқауға болады... Міне, осыдан кейін Шәкәрімнің қазақтың тұңғыш «Кәсіби философы» деген атағына қалай сенбеске?...

Әдебиеттер:

1. Нысанбаев Ә.Н., Барлыбаева Г.Ғ. Қазақ философиясының тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін). – Алматы, 2015.
2. Ш.Құдайбердіұлы. Қазақ айнасы. –Алматы, 2008. – 286 б.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бекет ӨТЕГЕН

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ

Мақалада қазақ философиясының қазіргі білім беру жүйесіндегі орны, ұлттық құндылықтарды ұрпаққа жеткізудегі маңызы және оны жеке пән ретінде оқыту қажеттігі қарастырылады.

Бекет ӨТЕГЕН 5 мин 51 оқылым
Жалпы рубрика

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мақалада «Мәңгілік Ел» идеясының философиялық мәні мен көне түркі тарихындағы негіздері, Тоныкөкпен байланысты бастаулары және ұлттық идея ретіндегі маңызы қарастырылады.

Бекет ӨТЕГЕН 5 мин 123 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 74 оқылым