Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Серке газеті: Қиын сәттердегі шындықтың жаршысы

Автор

Asem
2 мин оқу 164 оқылым

"Серке" газеті – ХХ ғасырдың басында қазақ халқының саяси-әлеуметтік өмірінде ерекше орын алған басылымдардың бірі. 1907 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген бұл газет қазақ интеллигенциясы мен ұлт-азаттық қозғалыстың рухани серпілісіне ықпал еткен маңызды ақпарат көзі болды.

"Серке" газетінің шығу тарихы: «Серке» газеті ресми түрде «Ульфат» атты татар тіліндегі газетке қосымша ретінде шыққан. Ол Петерборда (Санкт-Петербург) басылған. Бас редакторы- татар қайраткері Ғабрашид Ибраһимов. Газет бір ғана нөмірмен шектеліп, сол кезде патшалық Ресейдің саяси цензурасының салдарынан екінші нөмірі тәркіленген.

Газеттің өмірі қысқа болғанына қарамастан, «Серке» қазақ ұлттық баспасөзінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды және сол кездегі ұлттық сана-сезімді оятуда маңызды үлес қосты.

Құйрықты жұлдыздай, ғұмыры қысқа “Серке” газетінің атауын естігенде, «неге бұндай атау берілді?» екен деген сұрақтың көкейде туындайтыны анық. Ал оның себебі, біз ойлағаннан да терең, теңіз түбіндегі асыл тастай мағына жатыр. Малдың үлкен үйірін ешкілердің бастап келе жатататыны, жайлауда көз көрген көрініс. Ал сол ешкілердің, барлық төрт түліктің көшін ешкінің серкесі бастап келеді. Біз аса назар аудармайтын көрініс, газеттің осылай аталуына мұрындық болып отыр. Яғни, қазақтың жастары сауатты, білімді, көкірек-көзі ояу, жаңашыл, өзге елдермен терезесі теңесіп, тіпті көш бастап, алдыңғы қатарда жүрсін, санасында сәулелі ойлары, жүрегінде ұлтына махаббаты болсын, деген астарда қойылған атау. Бір сөзбен айтқанда, “Қазақ жастары-барша әлемнің, білім-ғылым көшін бастасын” деген мақсат болған.

"Серке" газеті алғашқы сандарында халықтың құқықтарын қорғауға, ұлттық сана-сезімін оятуға арналған мақалалар жариялады.

Газеттің негізгі мақсаты – патшалық Ресейдің қазақ халқына жүргізген отаршыл саясатына қарсы тұру, қазақ мәдениетін, тілін, дінін сақтау және дамыту мәселелерін көтеру. "Серке" газетін шығаруда ұлт көсемдерінің бірі Мұстафа Шоқайдың рөлі ерекше. Ол патшалықтың отарлық саясатын әшкерелеп, қазақ халқының бостандығын қолдаған ойшылдармен бірлесе жұмыс істеді.

Алайда, газеттің қызметі ұзаққа созылған жоқ. Бірнеше саннан кейін патшалық билік оны жауып тастады. Бұл әрекет газеттің ұлтшыл, азаттық идеясын ұстанғанын дәлелдеді. "Серке" газеті қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі ретінде тарихта қалды. Оның идеялары кейінгі қазақ басылымдарына және ұлттық қозғалыстарға үлкен ықпалын тигізді.

"Серке" газеті қысқа өмір сүрсе де, оның идеялары мен мақсаты қазақ халқының ұлттық санасын оятуға, азаттыққа ұмтылуға маңызды үлес қосты.

Орындады: Амирбек Әсем

Бағысбек Анель

Асан Айалы

Барысбек Айдана

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Asem

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин