Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

1 мин оқу 30 оқылым

Сауаттылық - адамның білімімен қатар, тәрбиесін, мәдиениетін білдіретін дүние. Әрбір тұлға болып қалыптасатын адам үшін сауатты жаза білу керек. Иә, тек тіл мамандары ғана емес, кез келген имиджін дұрыс қалыптастырамын деген адам үшін бұл маңызды критерийлердің бірі. Себебі, кескін келбетіңіз келіскен, киімдеріңіз қанша жерден бір-бірімен үйлесімділік тауып тұрса да, жазу сауатыңыз ақсап жатса, имиджге бұл кері әсерін тигізетін бірден бір себеп.

Соңғы кездері жастар арасында сауатсыздық кеселі өршіп тұр. Ал бұл ненің салдарынан болуы мүмкін деп мәселенің шет-жағасын көтере бергенде, бір емес бірнеше себеп қаз қатар тізіліп шыға келді.

Мәселені жан-жақты зерттеуді бастағаннан-ақ, көп дүниеге көз жетті. Кеселдің өршуіне себеп болып отырған басты фактор - әлеуметтік желі. Яғни, әлеуметтік желіні тұрақты қолданатын жастар асығыс, тез, қысқартып жазамыз деп, сонымен қатар қазақша қаріптердің жоқтығын сылтауратып, нәтижесінде «нест», «нестеватсын» сынды сөздер күнделікті қолданысқа еніп кетті. Бұдан бөлек, шылаулардың сөздерге қосылып жазылуы тағы бар. Осы тұста инстаграм парақшада жүргізілген сауалнамаға назар аударсақ, дауыс бергендер 51%-ы сөздерді қате жазатындарын ашық көрсетті. Ал қазақтың төл әріптерін дауыс берушілердің 21%-ы қолданбайтын болып шықты.

Иә, көзі ашық, көкірегі ояу жаңа заман дәуірінің ұрпақтары бұл дүниені қазірден қолға алмаса, бұл да қанға сіңіп кетуі әбден мүмкін. Өз тілімізді өзіміз шұбарламай, сауатты жазуға ұмытылайық. Сауатты ұрпақ ретінде тіл мәртебесін өсіретін де, өшіретін де өзіміз. Бүгінде жастар арасында жаңа дүниелер тез трендке айналады, сауатты жазуды да әдет пен сәнге айналдырса, бұл оқылық лезде қалыпқа келмек.

Авторы
Зарина Рахметова

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«Синдром отличника»

Мәтінде үздік оқушы болуға ұмтылу, ата-ана талабы және амбиция туралы көзқарас айтылады. Автор мінсіздікке ұмтылудың ықтимал салдарына да тоқталады.

Зарина Рахметова 1 мин 15 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Дәстүрден инновацияға: QyzPU жаңа буын ұстазын қалай қалыптастырады?

Құрмантай Жарқынай Мақсатқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті QyzPU-дың басты құндылығы – тарихи мұраны сақтай отырып, қоғамдағы өзгерістерге жауап бере алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.…

Жарқынай Құрмантай 6 мин 15 оқылым
Жалпы рубрика

Күрең сөзінің вербалдануы

Қазақстан республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Зерттеу университеті Филология факультеті Орындаған: Қожаназар Шұғыла Қабылдаған: Хасенов Болат Тақырыбы: Күрең…

Әжіқұл Ұлмекен 8 мин
Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 73 оқылым