Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сауат ашу әлеміне саяхат

Байжайлауова Бағдат Сыдыковна
4 мин оқу 674 оқылым

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 100 балабақша- бөбекжайы» КМҚК

                     Сауат ашу әлеміне саяхат

Жылдық  қорытынды бойынша

ашық  ұйымдастырылған оқу қызметі

№3 «Балдаурен» мектепалды даярлық тобы

Тәрбиеші:  Байжайлауова Бағдат Сыдыковна

Білім беру саласы:«Коммуникация»,«Сөйлеуді дамыту», «Шығармашылық».

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сауат ашу негіздері, сөйлеуді дамыту,сурет салу.

Тақырыбы:  Сауат ашу әлеміне саяхат.

Білімділік міндеті:  Өткен әріптер мен дыбыстардың жазылуын, оқытуын пысықтау, байланыстырып сөйлеуге үйрету,жазуға қолдарын жаттықтыруды жалғастыру.Сөз, буын, сөйлем тақырыптарын қайталау.Тірек сызбалар арқылы сөйлемдер құрастыру, ребус, сөзжұмбақ шешу;

Дамытушылық міндеті: Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын, сөздік қорларын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік міндеті: Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу. Таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: әріп қималары, әр балаға жеке касса, үлестірмелі суреттер,маркер, тірек сызбасы,карточкалар, цифрлар, үн таспа, айналар.

Әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу, сұрақ-жауап, АТК.

Тілдің үштұғырлығы:  дыбыс – звук- sound, сөз ойлау- придумать слово- invent , саяхат-путешествие-, сөйлем-предложение-, тапсырма-задание-,

әтеш – петух-cock

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Мотивациялық-қозғаушылық:

Келген қонақтармен үш тілде амандасады.

-Здравствуйте!

-Сәлеметсізбе!

-Хэллоу!

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

-Балалар бүгін мен сендерді сауат ашу әлеміне саяхатқа шақырамын, онда кішкене шағын елдер бар екен, сол елдерде өздерінің сиқыршылары бар, олар әр түрлі сұрақтар мен тапсырмаларды бергенді ұнатады.(әр тапсырманың қасына сиқыршы бейнелерін қою)

Ал саяхатқа қандай көлік түрлерімен баруға болады?

-Автобус, жеке көлік, ұшақ, пойыз, жолаушылар кемесі, су көлігі.

- Балалар саяхатқа қандай көлікпен аттанатынымызды 1 саны бар тапсырманы орындағанда білетін боласындар.

Енді орнымызға отырып, 1 саны бар тапсырманы орындаймыз ,нүктелерді бір-біріне қосамыз

Балалар қарындашпен нүктелерді бір-біріне қосып кеменің сұлбасын алады.

-Саяхатқа немен аттанады екенбіз?(Экраннан кеменің суреті шығады)

-Кеме

Барлықтарында кеме шықты ма?

-Ия

Тапсырманы дұрыс орындағандарын үшін мен сендерге мына  әріпті  тарту етемін?

-Ж, әрпі (фланелеграфқа « Ж»әрпін қоямыз)

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Алдымызда әлі көптеген тапсырмалар бар, әр тапсырманы орындаған сайын сиқыршылар бір әріптен тарту етеді, саяхаттың сонында көреміз қандай сөз шыққаның.

Саяхатқа шықпас бұрын тіл ұстарту жаттығуын қайталау:

Ән-ән-ән —

Қамба толы дән.

Ән-ән-ән –

Әжем айткан ән.

Ән -ән-ән –

Құрып жүрген сән.

Экранға назар аударайық, 2-ші тапсырма.

«Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемі»

Дискты қосу.( «Б» дыбысына қатысты сөздер қайталанады)

Енді балалар қима кассадан «Б» әрпін табайық, кім көрсетеді?

-«Б» әрпі дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз ба?

дыбыс – звук- sound,

Ендеше барлығымыз алдымыздағы айнаны алып Б дыбысын айтып көрейік.

-Неге дауыссыз?

-Өйткені Б дыбысын айтқанда ауызымыз ашылмайды, дыбыс еркін шықпайды.

-Жақсы балалар сендер екінші тапсырманы да орындадындар, көрейікші сиқыршылар елінде сендерге қандай әріпті дайындап қойыпты, мынау қандай әріп?

-А әрпі(фланелеграфқа «А»әрпін қоямыз)

Саяхатымызды жалғастырайық.

3 саны бар тапсырманы қарайық.

Тірек сызбалалар арқылы сөйлем құрастыру.

Мысалы: -Мен автобусқа отырдым.

-Сөйлем неше сөзден тұрады?

-Үш сөзден тұрады.

Балалар тірек сызбалар арқылы бірнеше сөзден тұратын сөйлемдер құрастырады(Жұптық жұмыс)

-Неше сөзден тұратын сөйлем құрастырдың?

-Келесі сөйлемді құраймыз.

-Мұнда қандай әріп жасырынып тұр екен?

-Мынау қандай әріп?

-Р әрпі(фланелеграфқа «Р»әрпін қоямыз)

Сергіту жаттығуы:

Қане, қанат жазайық,

Ұшақ боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Келесі бізде 4 тапсырма

Дидактикалық ойын: «Ғажайып текше».

Мақсаты: Дыбыстық талдау жасау

Шарты: балалар шеңбер болып тұрады. Текшенін 6 жағында дыбысқа байланыс­ты суреттер жабыстырылады. Текшені айналдырып, ортаға лақтырады. Қандай сурет түссе, сол суретке дыбыстық талдау жасау

Мысалы: әтеш, әже, әке т.б.

Мысалы: Әтеш деген сөзді жеке жұмыс кассасынан жазып көрсету.

әтеш – петух-cock

Астына қызыл, көк текшелермен белгілеп дауысты, дауыссыз екенің ажырату.

Балалар ,мынау қандай әріп екен?

-А, әрпі(фланелеграфқа «А»әрпін қоямыз)

Экранға назар аудару

-Балалар,келесі тапсырма, «Жоғалған буындар» деп аталады.

Буындардан сөз құрайды

М: Ба-қа,Со-на. Ба-ла

Бақа-лягушка-,

Келесі әріп, қандай әріп екен?

Й, әрпі

(фланелеграфқа «Й»әрпін қоямыз)

Келесі елге жеткенше біраз отырып тыңығып  алайық

Сергіту жаттығуы:

Жаңылтпашты жаңылмай айт.

Әсел әсем бе, Әсем әсем бе,

Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?

Жанылтпашты қайталап, жаңылмай айтуға жаттығады.

-Балалар, келесі тапсырмаға назар аударайық

(Сурет қарастыру арқылы сөйлем түрлерін қайталау)

-Мен балабақшаға келдім.Қандай сөйлем?

-Хабарлы сөйлем.

-Неге хабарлы сөйлем?

-Өйткені хабарлап айтып тұр.

- Сен бүгін далаға шықтын ба?

-Қандай сөйлем?

-Сұраулы сөйлем

-Неге?

-Өйткені далаға шықтын ба,-деп сұрап тұр.

-Алақай!Алақай!, атам келді!

-Қандай сөйлем?

-Лепті сөйлем.

-Өйткені қатты қуанышын білдіріп тұр.

-Жақсы сендер бұл тапсырманы да дұрыс орындадындар, сол үшін сендерге мына әріпті дайындап қойыпты?

-Мынау қандай әріп?

-С әрпі (фланелеграфқа «А»әрпін қоямыз)

Саяхатымызды жалғастырайық.

Алдарындағы 7-ші нөмірлі карточканы аламыз.(Экранға шығару)

Мына үлгіге қарап автобустың дөңгелектері мен терезелерін штрихтап бояймыз. Ол үшін қолдарымызды жазуға дайындап, саусақ жаттығуын орындайық

Саусақ жаттығуы

Штрихтау технологиясы.

Балалар тапсырмаларды дұрыс орындағандары үшін Ы әрпін алады

(фланелеграфқа «Ы»әрпін қоямыз)

8- ші нөмірлі карточканы қарайықшы балалар мұнда әр түрлі заттардың суреті бар екен ия, сендер сол суреттерге сәйкес алдарындағы қима кассаларды қолданып сол сөздерді жазамыз.

Келесі тапсырма,( балалар ребустар шешеді).

Суреттер мен әріптерді құрап ребустар шешеді

-Мына жерде қандай әріп жасырыңып тұр екен?

Р әрпі (фланелеграфқа «Р»әрпін қоямыз)

Балалар бүгінгі тапсырмаларымыздың бәрін орындап болдық, енді тақтаға назар аударайық ,қандай сөз шықты?

Қол шапалақтау әдісі арқылы буынға бөліп айтқызады.

Жа-рай-сын-дар!

Балалар бір-бірлеріне жарайсындар деп көрсетеді.

Балалар осымен саяхатымыз аяқталды , балабақшамызға оралайық.

Бүгінгі саяхатымыздан қандай әсер алдындар?

Несімен қызықты болды?

Рефлексиялық-түзетушілік:

-Бүгін қайда саяхатқа бардық?

-Саяхатта қандай тапсырмалар орындадық?

-Бүгін қандай дыбыстарды қайталадық?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Байжайлауова Бағдат Сыдыковна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Сауат ашу әлеміне саяхат

Балалар өткен әріптер мен дыбыстарды қайталап, сөз, буын, сөйлем тақырыптарын пысықтайды. Тірек сызбалармен сөйлем құрап, ребус пен сөзжұмбақ шешеді.

Байжайлауова Бағдат Сыдыковна 1 мин 466 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 329 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 95 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым