Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 197 оқылым

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің ғылымиы қызметкері

Кәрім Оралбек Сәрсенбайұлы

«Сандықтар  туралы туралы не білеміз?»

               Сандық – халық тұрмысында ерте кезден пайдаланылып келе жатқан ең ежелгі жиһаздың бірі. Заман ағымына сай дәстүрлі ортада қолданылған көптеген үй жиһаздары бүгінде қолданыстан шығып, өзінің әуелгі функциясы ұмытыла бастағанмен, сандықтар әлі күнге дейін ұзатылған қызға жасалатын жасаудың бірі ретінде өз мәнін жоғалтпай келеді. Үйдің төрінен орын алатын сандықтардың үстіне жүк жиналады. Сондай-ақ, оның ішіне бағалы дүниелер (асыл бұйымдар, қымбат маталар, киімдер), тәттілер, тіпті ғұрыптық мәні бар заттар сақталған. Сондықтан сандықтардың атқаратын рөлі үлкен болған. Қазақ халқының қолөнері өте бай және ою - өрнектері терең философиялық мазмұнда салынған. Ежелгі бабаларымыз жалғыз сандықтың өзін өрнектермен нақыштап қана қоймай, зергерлік өнердің әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, алтын, күміс басқа да небір құнды асыл тастармен өрнектеген. Ондағы әшекейлердің байланыстары өте күрделі. Ежелгі шеберлер ағаш бұйымдарын көбіне сүйек пен әрлеген. Әр түрлі бұйымдар сақтау үшін үлкенді - кішілі «қол сандық», жағлан, «кебеже», сүйектелген сандық деп көп түрлерге бөлген.

           Халық тілінде «сандық» деген ұғымда абажа, абдыра/әбдіре, арша, әрші, бөгіре, бөгіребас, жағлан/жағдан/жақтан, тақтан, шабадан және т.б. атаулар қолданылған. Бұндай атаулар сандықтың алуан түріне байланысты қалыптасқан. Сақталатын бұйымның ыңғайына қарай сандықтар үлкен және шағын көлемде жасалады. Сандықтың үлкен түрлері абажа, абдыра/әбдіре, кеусандық, тайсандық деп аталады. Мәселен, абажа – ағаш тақтайлардан құрастырылып жасалатын сандықтардың ішіндегі ең үлкені (Абажа). Кейде абажа киізбен, былғарымен қапталып, қаңылтырмен әшекейленеді. Тым үлкен болғандықтан, оған көп зат сияды. Оны  көтеру де, тіпті, қозғау да ауырға соғады. Осыны ескеріп шеберлер сандықтың екі бүйіріне тұтқаны қос-қостан орнатады. Оны көтергенде екі адам екі жағында тұрып, қос қолдарымен көтереді. Үлкен сандықтың бірі – абдыраның бір ерекшелігі қақ ортасынан көлбеу түрінде тақтаймен екі бөлікке бөлінеді. Үстіңгі бөлігі қақпақпен ашылып-жабылса, астыңғы бөлігінде суырмалы қорапшалары болады. Кей жерде кебежені де абдыра/әбдіре деп атау кездеседі. Үлкен ағаш сандықты білдіретін абдыра атауы бірсыпыра түркі, моңғол және парсы тілдерінде кездеседі. Қырғыздар осындай үлкен сандықты абдыра, тувалар сандықтың өзін аптыра, хакастар кішкене сандықты абдыра, моңғолдар кебежені авдар, ал парсылар қол сөмкені абдора деп атайды. Маңғыстау аймағының қазақтары әбдірені кемпір сандық деп атайды. Оның осылай аталуы кемпірлердің ұсақ-түйек зат, ине-жіп, жиған-тергендерін, әртүрлі тәттілерді осы бұйымға салып сақтап жүруіне байланысты болса керек.

Дәл осы сандық түрлері Еліміздегі ең ірі музейлерінің бірі болып саналатын ҚР Мемлекеттік орталық музейі қорында дәстүрлі қазақ мәдениеті мен этнографиясына қатысты бай коллекция сақтаулы. Олардың ішінде  қолдану аясына қарай пайдаланған сандық түрлері де ерекше коллекцияны құрайды.  Орталық музей қорындағы сандықтар коллекциясынан негізделген «Көненің көзі - сандық» атты сандықтар көрмесі Орталық музей қабырғасында өткізілуде.

Көрменің негізгі мақсаты халқымыздың асыл мұрасы болып саналатын сандықтың қадір қасеті мен ішіне сақтаған сыр сандықтың мұрасын өскелең ұрпақа насихатау болып табылады. Осы арқылы бабаларымыздың ғасырлар бойында бізге аманат етіп қалдырған мұрасын сақтау, әрі оны көпшілік көрермендер назарына ұсынып кең ауықымда дәріптеу үшін арнай ұйымдастырылуда.

Авторы
Кәрім Оралбек Сәрсенбайұлы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 230 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 150 оқылым