Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сандық

Bilimger Media
2 мин оқу 59 оқылым

Кіріктірілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі   

Күні: 28.01.2021ж.

Білім беру салалары: «Таным» «Әлеумет»

Бөлімдері:«Математика негіздері»  «Қоршаған ортамен танысу»
Тақырыбы:  «Сандық»
Мақсаты: Балалардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау.

Білімділік: Жыл мезгілдерін, олардың ерекшеліктерін сұрау, сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: балалардың ой -өрісін, зейінін, байқампаздығын, танымдық құзыреттілігін дамыту,  ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Тәрбиелік:  табиғатқа  қамқор болуға. еңбек сүйгіштікке, татулыққа, ұжыммен жұмыс істеуге, бірлікке тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, « геоборд», «геоконт» ойындары.

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық
Жүрекке жылу салайық
Жинаған жылу, шуақты
Бір-бірімізге сыйлайық
Қайырлы таң достарым

- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырып жайғасайық.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Сергіту  сәті

Логикалық сұрақтар:

-Қалтамды болды 3 алма,

Біреуін бердім Асанға.

Қалда менде неше алма.  (2)

-мысықтың неше құлағы бар (2)

Ағаштың басында екі торғай отыр еді. Бір торғай пыр етіп ұшып кетті. Ағаштың басында неше торғай қалды?  (1)

- Қоянда неше құлақ бар? (2)

-Аспанда күн нешеу? (1)

-Ал жұлдыздар ше?(көп)

- Қолда қанша саусақ бар?

-Өте жақсы!

Тәрбиеші: - балалар бізге әжеміз сыйқырлы сандық беріп жіберіпті, ол сандықты ашу үшін кілт керек?Әжеміз бізге  бес түрлі  конверт жіберген, оның ішіндегі тапсырмаларын орындауымыз керек. Егер біз тапсырмаларды дұрыс орындасақ  сандықтың кілтін табамыз. Кілтпен сыйқырлы сандықты ашып, сандықта не жасырғанын білетін боламыз.

1-конферт (қызыл)

-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс айларын ата?

- Бір жылда неше мезгіл бар?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап беріңдерші?

Қыста жер қандай болады?

-Бір аптада неше күн бар?

2 - конферт (жасыл)  

1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау,
Сандардың көршісін табу.

Кинезиологиялық жаттығулар:
«Күн, қабырға, жұдырық»

3- конферт (сары)

«Заттарды салыстыр»( ұзын- қысқа, көп- аз, биік- аласа, алыс- жақын, үлкен- кішкентай, астында- үстінде, жоғары- төмен ұғымдарын салыстыру)

«Кюизенер таяқшалары» ойыны

«Кеңістікті бағдарлау» (Игровизор ойыны)

4-конферт  (қызғылт сары)

Қандай геометриялық пішіндерді  білесіңдер?

Неге олай аталады?
1.»Геометриялық пішіндерді түстеріне байланысты орналастыр» ( Карточкамен жұмыс)

2.«Геоборд», «Геоконт» ойындары арқылы геометриялық пішіндер құрастыру.

5-конферт  (көк)

«Үй жануарлары туралы айтып беріңдер?» (Төлдерін атау, адамға пайдасын, немен қоректенетінін сұрау)

Балалар  тапсырманы орындайды. Соңғы конферттің ішінен кілт шығады. Педагог кілтті алып,сандықты ашады. Сандық ішінен балаларға құрт таратылады.

Бәрі әжемізге рахмет айтады.

Педагог балаларды мадақтайды.

Рефлексивті түзетушілік Қорытынды:

Балалар, сендер бүгінгі тапсырмаларды  жақсы орындадыңдар, мен сендерге ризамын!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 74 оқылым