Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Сана» журналы

Автор

Жібек
3 мин оқу 136 оқылым

“Алаш көсемсөзі” сериясымен жарық көретін 10 томдықтың 5-томына 1923-1924 жылдары Ташкент қаласында жарық көрген «Сана» журналының жарияланымдары енгізіліп отыр.Ол Түркістан қазақ білім комиссиясының “екі айда бір шығып тұратын тәрбие,білім,әдеби мақалалар жинағы” деп аталды.Бас редакторы-қазақ-қырғыз білім комиссиясының төбеағасы,белгілі Алаш қайраткері Халел Досмұхамедұлы.
Осы 5-ші томға енгізіліп отырған «Сана» басылымы халықты ағартып,мәдениетін көтеру,ұлттық білім беруді жүзеге асыру мұратымен ерекшеленеді.Білім болғанда,ұлттық негіздегі білім.Басылымның бас редакторы,Алаш қайраткері Халел Досмұхамедұлының негізгі мамандығы дәрігер болғанымен,қаламы жүйрік журналист,қайраткер ретінде көбірек табылған.Журнал мыңына Жүсіпбек Аймауытов,Әбубәкір Диваев,Мұхаметжан Тынышпайұлы,Қошке Кемеңгеров,Мағжан Жұмабаев,Ілияс Жансүгіров сынды қазақтың сүт бетіне шыққан қаймақтары жиналды.
«Сана» журналының қалам ұстағандарға,бүгінгі тілмен айтқанда,журналистерге қоятын талабы зор:”Жазушыларға ескертетін нәрсе мынау: әрі болса қара халық үшін,бері болса ауыл мектептеріндегі мұғалімдер түсінетін сөздер жазуға,жазған сөздердің қойыртпақ болмай,таза,татымды болсын.Сырты бар,іші жоқ,құр тізілген қаріптің керегі де жоқ.Әрбір жазылған сөздің журналымызға лайық мағынасы болсын.Кем мағынаға оза жайылып,кең сөйлеудің керегі жоқ”.Халел Досмұхамедұлының бұл талабы журналист мамандарын дайындау барысында бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
«Сана» журналы жасөсіпірімдерге жалпыға ортақ білімге қоса ұлттық білім беруді жүзеге асыру ісін қолға алып,нақты шаралар қабылдаған.Мәселен № 2-3 санында “Басқыш ауыл мектебінің жиынды программасын” баса отырып,оған “Қазақ мектептері үшін қосымша” енгізген.Онда “тарих жайынан алсақ,меніңше,салған жерден мәңгідегі Ресей халқындағы құлдық дәуіріне кетпей,жеңілдеп қазақ тарихымен таныстырудың шарасын істеу керек.Қазақ тарихымен таныстыру үшін балаларды әуелі жеңіл түрде ата шежіресімен таныстыру тиіс” делінген.Сонымен қоса “Ұлт мейрамы.Наурыз.Наурыз күні істелетін жол-жоралар.Наурыз туралы жазылған әдеби сөздер” деген арнайы пункт енгізген.
Сонымен қатар, «Сана» журналының басқа басылымдардан ерекшелігі-“Ойын-сауық бөлімінің” болуы.Онда “Айқұлақ”,”Дүмпілдек“,“Марламқаш” деген қазақтың ұлттық ойындары,оның тәртібі,пайдалы жақтары сөз етілді.Ойын қазақтың өз тұрмыс-тіршілігінен алынған.Мәселен,Айқұлақты ойнау үшін кешке таман жұрт аяғы басылған соң көп балалар жиналып,өздерінің арасынан үш баланы шығарады-бірін қасқыр,бірін қойшы,бірін ит қылу үшін.
Журналдың жабылуының себебі “Қазақ журналистикасының тарихы” атты еңбекте былай деп көрсетіледі: «Сана» журналы бетінде білім,ғылым,тарихи материалдар жарияланғанымен,оған Ілияс Жансүгіров,Мұхтар Әуезов жанашырлық білдіргенімен 1,5 жылдан астам уақыттан кейін “Саясат” бөлімі болмағандықтан,сол күннің,сол таңның көкейкесті әлеуметтік,саяси мәселелерін көтеріп,жаңаны насихаттамағаны және ескіні,өткенді сөз еткені үшін деген айып тағылып,1924 жылдың қараша айында жабылды.Шын мәнінде «Сана» журналының о бастағы ұстанған мақсаты жаңа саналы адам қалыптастыру емес,ұлттық негізден білім алған ұрпақ тәрбиелеу еді.Бұл олардың кемшілігі емес,артықшылығы деп бағалаған орынды.Журнал редакциясының:”Көңіл шабады,жүрек талпынады.Бірақ қолда қуат кем,жәрдем беретін,көмек қылатын кісі аз.Қанат-құйрық болмай,сүйреуші біреу болмай жұмыс көркеймейді.Сондықтан білімі бар саналы азаматтарға,әсіресе,мұғалімдерге жәрдемші болып сүйендер деген өтініш айтамыз.Ақшамен болсын,жазумен болсын жәрдем беріңіз” деген сөзін де ескермеуге болмайды.Осындай күйлеріне қарамастан ұрпақ тәрбиелеу ісіне барын салған.
Қорытындылай келе, «Сана» журналының бар-жоғы 3-ақ саны жарық көргенімен көпшілікке берері көп болды.Бұл басылым арқылы теориялық тұрғыдан ұлттық білім берудің негізі қаланды деуге болады. «Сана» -салалық басылым болды,яғни қазақ халқының тұрмысына лайықталған ұлттық негіздегі мектеп қалыптастыру,мұғалімдер білімін жетілдіру көздеді «Сана». басылымы Кеңес өкіметінің саясатын насихатаудан аулақ болды.Олар қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтары мен даналық ойларын идеялық тұғыр етті.Оның маңайына ұлт Тәуелсіздігін көздеген Алаш қайраткерлері топтасты.Журналда ғылымның әр саласы туралы ғылыми-танымдық мақалалар көптеп жарияланды.Осы арқылы «Сана» журналы қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырды деуге толық негіз бар.Себебі осы басылымда пән атауларына қатысты қазақша жаңа сөздер көптеп қолданылады.
«Сана» журналы жарияланымдарын жаңғыртудың маңызына тоқталар болсақ,Алаш қайраткерлері Тәуелсіздік рухын сол XX ғасыр басында-ақ қалыптастырып кеткен.Бүгінгі күні Тәуелсіздікке тұғыр болатын ойларды,идеяларды Алаш мұраларынан табамыз.Сондықтан олар жазған көсемсөз,айтқан құнды ойлары бүгінгі күні де өзекті.
Нұрғалиқызы Жібек
Журналистика факультеті
1 курс

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жібек

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Оқу бағдарламалары

«Жас азамат» газетіндегі саяси мақалалардың мәні

Материалда «Жас азамат» газетінің саяси мақалалары мен Алаш идеясына негізделген ұстанымы, ұлт бостандығы мен теңдігіне арналған үндеулері қарастырылады.

Жібек 61 оқылым 6 мин
Ғылым

Жалған Пайғамбарлар.

Материалда ислам тарихындағы жалған пайғамбарлар, Әсуадул-Анси мен Мусәйләматул-Кәззаб туралы деректер және олардың шығуына қатысты хадистер сөз болады.

Жібек 62 оқылым 5 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Ғылым

GMP иммундық жасушалары қатерлі ісікке қарсы емге жаңа жол ашуы мүмкін

Оңтүстік Калифорния университетінің зерттеушілері GMP жасушаларын зертханада көбейтіп, тышқандардағы ісік дамуын баяулатуға қол жеткізген. Бұл тәсіл әзірге адамда сыналған жоқ.

Bilimger Media 4 мин