Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сана толысуы мен өркениет дамуының сабақтастығы.

Жулдызай Сериковна
3 мин оқу 33 оқылым

Адам баласына берілген ең үлкен нығмет пен басқа тіршілік иелерінен бізді бөліп, эволюцияның жоғарғы сатысында ұстап тұрған дағдымыз ол - санамыз. Санамыздың дамып, толысуының арқасында біз осы күнге жетіп, дамыған өркениетті заманда өмір сүріп жатырғанымыз мәлім. Алайда, тағы бір жағынан қарасақ, менде журналист ретінде мынадай ой туындайды: “Осы санамыздың дамуына бізге бірден-бір себеп болған сол өркениеттің дамуы емес пе?”. Менің айтқым келіп отырған тұжырымдамам - сананың толысуы мен өркениеттің жалпы дамуы өте тығыз байланысты. Бір-бірін тудыратын, толықтыратын жеке факторлер болып табылады.

Ежелгі әлемнің негізгі өркениеттері жер бетіндегі ландшафт туындаған табиғи апаттар мен күрделіліктерге қарсы күресте жалғасып келе жатқан жағдайда дами бастады. Тарих көрсеткендей, адамдар әрдайым жеңіске жете бермейді. Кейбір халықтардың өркениетке  жету жолында жер бетіне шашырап, өз-өздерін жоғалтқан мысалдар да жоқ емес.

Ал қазір, мынау қас қағым сәтте астан кестеңі шығып, әр түрлі ақпараттардың астында көміліп қалатын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Есіңді жоғалтпайын, провокацияға берілмеймін десең - өзіңнің санаңмен, өзіңнің ақылыңмен қолдана білуің керек деп ойлаймын.

Сана болмаса, адам болмысының рухани өрісі болмайтыны анық. Ол адам баласының дүние есігін ашқаннан бастап жинақтайтын тәжірибесіне, өскен ортасынан алатын тәрбие мен білімге арқау болады. Мәселен компьютер, бұл адам қолынан жасалған техниканың бір түрі, оның программасы іске қосылғанша алған компьютер ештемеге жарамайды. Сол сияқты, адамда сана болмаса, адам танымының өзегі сананың шеңберінде тәрбие, білім болмаса, қоғам өркениетінің дамуы жүзеге аспайды.

Сонымен қатар, “Тарихи сана” ұғымы бар. Ұлт мәдениетінің бастауында тұратын құндылық. Тарихи сана болмаса ұлттың тарихы, мәдениеті қалыптаспайды. Әлеуметтік философиялық тұрғыдан зерделейтін болсақ, адамзат мәдениетінің тарихи кеңістігінде тарихи сананың бірнеше құбылысы бар. Бірінші, тарихтан белгілі болғандай, өзінің мемлекетіне қызмет етуші тұлғалардың және зиялыларды шығарған халықтың зердесіндегі тарихи сана құбылысы. Екінші, өркениет жолында өзінің үстемдігін құру мақсатында қалыптасқан тарихи сана. Үшінші, қазіргі адамзат әлеміндегі жаһандану құбылыстарынан мемлекеттің, ұлттың тұтастығын, бірегейлікті сақтап қалуға негізделген зерде. Бұның басты ерекшелігі тарихилық ұстаным болып табылады.

Адамзат игілігінде бар барлық материалдық және рухани жетістіктер ғажап құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін әдебиет, философия ғылым – осылардың бәрі сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың болмысы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған. Қарапайым мысал келтірейін алысқа кетпей. Мен Алматы қаласының тұрғынымын. Алматы қаласының тарихы сонау Х ғасырдан бастау алады. Содан бері талай-талай қиындықтардан өтіп, тар жол, тайғақ кешіп, уақыттың тезімен көркейіп, түрленді. Елдігіміздің бесігіне айналған, қазір бас қаламыздан кейінгі ең өркениеті дамыған шаhар. Неге десеңіз, өркениет деген - керемет құрылыстар мен технологиялар ғана емес, адам санасының дамып, өз ойының, құқығының пайда болуы және мәдениетінің биік болуы деп есептеймін. Сөз бостандығы соның - айқын бейнесі.

Сонымен не дегім келеді? Сөз бостандығымыздың, қоғамдық санамыздың дамуының арқасында қазан айының 25 жұлдызына митинг шаралары ұйымдастырылып жатыр. Қараламаймын, даттамаймын, дұрыс емес демеймін. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық қоғамдық сана-сезімдерге тығыз байланысты екені белгілі. Сол үшінде осындай топтық провокацияларға берілеміз. Алайда өркениетті қоғамда бұндай жалаң, заңдастырылмаған әрекеттерге жол жоқ болуы керек деп ойламайсыз ба? Зайырлы мемлекетте заңды жолмен, мәдениетті түрде билікке ұсыныс тасталып, өз кезегінде билік өкілдернің заң аясында шешім қабылдағаны абзал. Алайда, екінші жағынан қарасақ, бүгінгі өркениетке сол қарапайым шерулер, митингтер, қан мен тердің арқасында жеттік. Яғни, сананың дамуы мен өркениеттің дамуы тарихи, саяси және әлеуметтік тұрғыда қатты сабақтасқан.

Смагулова Жулдызай Сериковна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Жулдызай Сериковна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Заманалы БАҚ-тағы әйел бейнесі

Материалда «Автоагрегат» корпоративтік газетінде ұсынылған әйел бейнелері талданып, олардың кәсіби, отбасылық және қоғамдық рөлдері сипатталады.

Жулдызай Сериковна 3 мин 76 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым