Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

САҒЫНЫШПЕН ҚАУЫШҚАН МАУСЫМАШАР...

Феруза Таңсықбай
2 мин оқу 89 оқылым

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен «Сұңқар кубогы» КВН ойындары өтті.
Екі жылдық үзілістен соң, қайталанып отырған аталмыш жоғары деңгейлі жобаны ҚазҰУ жастары сағынып қалғаны да шындық. Тек студенттер ғана емес, аға буын өкілдері мен университет оқытушылары және өнер майталмандарының өзі студенттерді, әрі осындай кең көлемдегі жобаларды сағынғанын жеткізді.
Айта кетсек, осындай көңілді кеште
- ҚазҰУ тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Есімова Жұлдыз Дапенқызы

- «Bugin Holding» компаниясының директоры, бас демеуші Айбек Қуатбаев

- Театр және киноактеры Бақыт Тұшаев

- «Қазақстан КВН одағы» Республикалық Жастар Қоғамдық Бірлестігі Алматы КВН филиалының директоры, жайдарманшы Оңдасын Құлымбетов

- Жайдарманшы, актер Нұрсұлтан Жақсыген

- «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрағасы Нуридин Бақдәулет Баймаханұлы әділ қазылық етті.

Сонымен қатар факультет декандары мен Жастар Ұйымдар Комитетінің төрағасы Искакова Мадина Қанатқызы және өзін-өзі басқару ұйымдары төрағалары, студенттік декандар қатысушы командаларды қолдауға залға жиналды.

Қайта оралған бұл КВН ойындарын қызықтауға келген студенттер Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайын лықа толтырды. Көңілді атмосфера мен керемет көңіл-күйге бөленген жастар өз факультеттерінің «ұрандарын» айтып, оқ бойы озық келген командаларға шабыт беріп, қолдау көрсетті.

«Сұңқар кубогы» КВН ойындары маусымашар кезеңінде биыл тапқыр қыз-жігіттерден құралған 9 команда бой көрсетті:
1. «Миллиард» - География және табиғатты пайдалану факультеті
2. «Эйфория» - Еркін құрама
3. «Физтех жастары құрамасы» - Физика-техникалық факультеті
4. « Проспект Аль-Фараби» - «Көмек» Қоғамдық Қоры
5. «Айжан Бердикулова командасы»– Механика- математика факультеті
6. «Қызық» - География және табиғатты пайдалану факультеті
7. «IT құрамасы» - Ақпараттық технологиялар факультеті
8. «Штат 71/14» - Экономика және Бизнес Жоғары мектебіфакультеті
9. «Мех-мат құрамасы» - Механика- математика факультеті

Маусымашар ойындары өте тартысты өтті деуге әбден болады. Студентттік өмірдің қызықтары мен қиыншылықтарын, студенттер үйінің атмосферасын және карантиннен кейінгі оффлайн форматтағы сабақтарды әзілге қосып, жағымды әуен мен көңілді би қойылымдарын қойған студенттер бір-бірінен озып тұрғаны да шындық!

Үздіктерді іріктеп, жартылай финалға өткізу әділ-қазы алқаларына да оңайға соқпағаны рас. Кез-келген байқауда жеңілістің де болатыны секілді «Проспект Аль-Фараби» құрамасы мен «Физтех жастары»
құрамасымен қоштастық.

«Маусым жаңалығы» болған «Миллиард» командасы демеушілеріміз «skillsacademy.kz» 1 айлық тегін курсы мен «Қазақстан әйелдер одағы» атынан 20000 теңгелік сертификатқа ие болды
Креативті шақырту видеосы үшін «Штат 71/14» командасы демеушімізден «Zheka’s doner house» тегін жолдама ұтып алды
Ал «Маусымашар үздігі» болып көзге түскен ерекше ойыншы Аяжан Усенова ILIYAS TRAVEL компаниясынан 150000тг сертификатқа ие болды.

«Сұңқар кубогы» КВН ойындарының ҚазҰУ сахнасына сағындыра қайта оралғаны үшін қуаныштымыз! Жартылай финалға өткен қатысушы командаларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Феруза Таңсықбай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 43 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 158 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым