Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас

Құтбаева Ақбөпе Советбайқызы
3 мин оқу 1 022 оқылым

Құтбаева Ақбөпе Советбайқызы

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас

Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтың мақсаты: 1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері және шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын түсіндіру..
2. Сабақтас құрмалас түрлерін ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру. Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ой - өрісін дамыту.
3. Ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу, патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд арқылы көрсетілетін сызбалар, кестелер, тапсырмалар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- сәлемдесу;
- сабаққа қатысуын тексеру;
- назарларын сабаққа аудару;
- сыныпты үш топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
І топ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
ІІ топ. Көп бағыныңқылы сабақтас, оның түрлері
ІІІ топ. 121 - жаттығудан сабақтас құрмалас сөйлемдерді табу.
Салалас құрмалас:
1. Баяндауыштары тиянақты болады
2. Жалғаулық шылаулар арқылы жасалады
3. Құрамындағы жай сөйлемдер өзара тең дәрежеде байланысады
Сабақтас құрмалас:
1. Баяндауыштары тиянақсыз болады
2. Бағыныңқы, басыңқы сөйлемдерден тұрады
3. Белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы байланысады

3. Сөзжұмбақ «Сабақтас»
1. Шартты рай тұлғасына қойылатын сұрақ
2. Көп бағыныңқылы сабақтастың түрі
3. Салаластың түрі
4. Құрмаластың түрі
5. Баяндауышы тиянақсыз болатын құрмалас
6. Салаластың мағыналық түрлері нешеу?
7. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы
8. Сабақтас құрмаластың екінші сыңары

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Түсіндіру (слайд арқылы)
2. Жаттығумен жұмыс
а) 123 - жаттығу. Сатылай кешенді талдау
І топ. Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.
ІІ топ. Жарлы болар жігіт байталын атқа айырбастаса, жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа айырбастайды.
ІІІ топ. Жаңа жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.

Тақтамен жұмыс: Бір оқушы тақтаға талдайды.
Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар.
- сөйлемде екі тыныс белгісі бар: үтір және нүкте
- айтылу сазы мен мазмұнына қарай: хабарлы сөйлем
- құрылысына қарай: құрмалас сөйлем
сабақтас құрмалас
шартты бағыныңқылы сабақтас
- шартты райдың - са, - се жұрнағы арқылы жасалған
- екінші жай сөйлемін сөйлем мүшесіне талдаймыз:
не істейді? – алар баяндауыш
нені алар? - өнегесін толықтауыш
қандай өнегесін? – жақсы анықтауыш
- байланысу түрі: өнегесін алар – меңгеру, етістікті тіркес
жақсы өнегесін – қабысу, есімді тіркес

ә) Топтық тапсырмалар.
І топ. 124 - жаттығу.
Сөйлемдерді сызбаға түсіріп, жасалу жолдарын анықтау
1. ----------,---------- тигізбейінше,----------.
2. ---------- қарасаң,----------.
3. ---------- берілмесе,----------.
4. ---------- жарыспай,----------.
ІІ топ. 125 - жаттығу. “Сызбаны сөйлет”
1. ---------- өтінсе,----------.
2. ---------- алмай, ----------.
ІІІ топ. РАФТ әдісімен ойтолғау жазу.
Р - Тіл жанашырлары
А - халық
Ф - үндеу
Т - Ана тілі – ұрпақ тілі
б) Графикалық диктант

ІҮ. Сабақты бекіту.
І топ. Бағыныңқының баяндауышы шартты райдан болған сөйлем.
ІІ топ. Бағыныңқының баяндауышы көсемшеден болған сөйлем.
ІІІ топ. Бағыныңқының баяндауышы есімшеден болған сөйлем

Ү. Сабақты қорыту.
Білімдерін тексеру: дұрыс жауабын табады
- Сабақтас құрмаластың баяндауышы тиянақты бола ма?
- Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы көсемше арқылы байланыса ма?
- Сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқысы бірінші тұра ма?
- Сабақтас құрмаластың баяндауышы тең дәрежеде байланыса ма?
Иә/Жоқ

ҮІ. Үйге тапсырма беру.
1. 126 - жаттығу. Мәтіннен шартты бағыныңқы сабақтастарды тауып, жасалу жолдарын түсіндіру.
2. Ереже жаттау.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
Оқушылардың сабаққа белсенділігін ескеріп, біліміне қарай бағалау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Құтбаева Ақбөпе Советбайқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым