Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Рухты, мықты қазақпын!

Автор

Bilimger Media
2 мин оқу 593 оқылым

Астана қаласы №74 мектеп-гимназиясында өзін-өзі тану пәнінен сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырған болатынмын. Елбасы жолдауындағы маңызды мәселенің бірі  «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген  жүздесу «РУХТЫ, МЫҚТЫ  ҚАЗАҚПЫН!»  деп аталды.

Іс-шараның мақсаты: Мектеп оқушыларының поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру, жалынды жырларды оқып, жаттау арқылы намыс, рух жайлы көзқарастарын дамыту, Отанын, тілін сүюге тәрбиелеу.

Бұл әдеби-сазды кездесуімізде Торғайлық ақын Саят Әбенов қонақта болды.

Сахнадағы үлкен экранда С.Әбеновтың суреті мен кездесу тақырыбы жазылған слайд ақынның «Өлшеулі өмір» туындысымен сазды көмкеріліп, іс-шараны айшықтап тұрды.

Ақпан айында Саят ақын орда бұзар отызға толған болатын. Құттықтап, қошемет көрсетілді.

Қыс мезгілі,  тағдыр мұзы қатқанда,
Сіз тоғызы, мен оныншы ақпанда
Туылыппын бір күн өтіп арада,
Мен үшін де одан артық бақ бар ма.
Жаным сыздап қалың ойға батқанда,
Не болмаса ғашық болған шақтарда.
Ұйықтамай жырыңызды оқыдық,
Аққулардай əлем ұйықтап жатқанда.
Еліктесек өзіңізге заңдылық,
Сіз тұрғанда "ақынмын" - деу əңгүдік.
Саят Əбен - бүгін барда ертең жоқ,
Мұқағали Мақатаев - мəңгілік»

- деген  өзінің өлеңін оқыған 5-сынып оқушысына  ақын риза көңілін білдірді.

Оқушылар өздерінің сүйікті ақынының өлеңдерін бірінен соң бірі шығып, жатқа оқыды. Әсіресе мынадай рухты өлеңдерін оқыған шәкірттер көпшіліктің көңілін көтерді:

Мен - Қазақпын, ескертем,
Біздей емес еш мекен.
Жерімізде бірнеше,
Өзге ұлттар жүр неше?
Тартып жүрсін табанын,
Тарихымды білмесе.
      Немесе:

  Біз қазақпыз құштар мынау өмірге,
Тарих жатқан жүрегінің төрінде.
Желтоқсанның желі тұрған күннен-ақ,
Көк байрағы желбіреген көгінде.
      Немесе:

Әкең – қазақ, шешең – қазақ, қарағым,

Қу қытайдың қай жеріне қарадың?

Туғаныңды сатып кету – арсыздық,

Туған жерге тиіп тұрып табаның.

Ақынның сөзіне жазылған, соңғы кезде хитқа айналған Қайрат Нұртастың орындауындағы «Жүрегіңнен бір орын бер», Нұрмұхаммед Жақыптың орындауындағы  «Кешірімді болайық!», «Өлшеулі өмір» әндерін оқушылар экраннан  тыңдап, бірге шырқады.

Кездесу барысында оқушылар ақынға өздерінің сауалдарын қойып, мән мағынаға толы жауаптар алып, риза болысты. Соның ішіндегі: «Тапсырыспен өлең жазасыз ба?», «Мектептегі, өмірдегі ұстаздарыңыз туралы айтсаңыз?», «Қазіргі қоғамда көңіліңізден шығатын, және, керісінше, қынжылтатын не?»  деген сұрақтарға ақын арқаланып жауап бере отырып, оқушыларды осындай терең ойлы, саяси тұрғыдағы мәселелер толғандыратынына өз ризашылығын білдірді. Кейбір оқушылар бұл кісіні бұрын танымағандығын, мына кездесуден кейін өзінің сүйікті ақыны болатынын қуана жеткізді.

Кеш соңында ақын Саят Әбенов өзінің жүрекжарды тілектерін ұйымдастырушылар мен оқушыларға өлең шумақтарымен жолдады. Кеш барлық көрермендердің жүрегінде керемет әсерін қалдырды.

Мектеп директоры Ж.Т. Нүсіпжан кеш қонағы жайлы  өзінің жылы лебізін білдірді.

Кездесуге аса дайындықпен келген оқушылар сахнадан өлең оқуға құлшынып отырды.

Кеш соңында ақынмен естелік суретке түстік

Ұстаздар да ақын өлеңдерінен зор шабыттанып, өз ризашылықтарын білдірді.

Патима Әбдіханқызы Мұсаева

Астана қаласы №74-мектеп-гимназиясының

өзін-өзі тану пәні мұғалімі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Өзін-өзі тану

Сабақ жоспары BOPPS

Өзін-өзі тану сабағына арналған жоспар шынайы көшбасшының қасиеттерін анықтау, интеллект-карта жасау және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша шығармашылық тапсырмаларды қамтиды.

Ералиева Сабыркуль 43 оқылым 3 мин
Өзін-өзі тану

Тема: «Быть честным»

Мектепалды даярлыққа арналған сабақта адалдық, шындықты айту және өзгенің жақсы қасиетін көру тақырыптары қарастырылады. Сабақта Николай Носовтың «Фантазерлер» әңгімесі ұсынылған.

Исайынова Жулдыз Жаслановна 26 оқылым 4 мин
Өзін-өзі тану

Журналистиканың маңызы

Эсседе журналистің халық пен билік арасындағы алтын көпір ретіндегі рөлі, жаңалықтың қоғамға ықпалы және автордың мамандық таңдауы туралы баяндалады.

Еркежан Әуесбекова 34 оқылым 5 мин
Өзін-өзі тану

Урок самопознания : МИР ДУХОВНО-НРАВСТВЕННОЙ КУЛЬТУРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСТВА

4-сыныпқа арналған сабақ жоспарында рухани-адамгершілік мәдениет, ізгілік пен кішіпейілділік талқыланып, өмірлік жағдаяттарды шешу тапсырмалары ұсынылады.

Келдибекова Гульзада Серикбаевна 34 оқылым 3 мин