Мазмұнға өту

Реттік санау санның заттардың кеністікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімдерін бекіту. Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.

Bilimger Media 3 мин оқу 944 оқылым

Білім беру саласы

«Таным».

Бөлімі

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тобы

Ортаңғы топ

Тақырыбы:

Реттік санау санның заттардың кеністікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімдерін бекіту. Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.

Құзіреттілікке жеткізетін – Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат міндеттері:

А) ақпатараттық құзіреттілік

Реттік санауды үйрету, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету;математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету.

Ә) коммуникативтік құзіреттілік

Математикалық жұмыстарды шешу жолдарын,  әртүрлі заттардың ұқсас белгілерін табу және оларды сол белгіліері арқылы біріктіруге  салыстыру іскерліктерін қалыптастыру.

Б) проблема шешу құзіреттілігі

Санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын түсіну, заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету, заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды табу.

Ұйымдастырылғын оқу іс-әрекеттің түрі

аралас

Пәнаралық байланыс

Көркем әдебиет

Ұйымдастырылғын оқу іс-әрекетінде қолданылатын технологиялар мен әдіс-тәсілдер

Дамыта оқыту, топтық жұмыс

Көрсету әдісі:  түсіндіру, таныстыру, ауызша әдіс: сұрақ-жауап,  практикалық әдіс: дидактикалық ойын,

Көрнекі құралдар:көлктер суреті,цифрлар карточкасы,геометриялық фигуралардан құрастырылған көліктер.

Оқыту құралдары:

Цифрлар карточкасы, заттық суреттер

Қоғалытүбек НЖББМ «Еркетай» шағын орталығы. «Балдырған» ортаңғы аралас тобы. 

Габдешова Алтынгул Ержановна

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің технологиялық картасы

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балаларды іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды тыныштандырып, назарын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне аудару.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне қарап күлімдеуді өтінеді.

Бала,бала баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.

«Жұмбақтын шешуін тап» ойыны.

Тәрбиеші балаларға екі,үш, төрт, беске байланысты  жұмбақтар жасырады:

Екі аяғымоны

Кезек-кезек тебеді,

Тепкен сайын

Алысқа желеді.

Тәрбиеші сұрақ қояды:

-Жұмбақтарды шешуге қандай сандар көмектесті?

Балалар күлімдеп қуана тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыспен шаттық шенберін жасайды.

Бала,  бала баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамызда қаламыз.

Балалар жұмбақтын шешуін табады. Жұмбақтын шешуі:

Велосипед.

Екі,үш,төрт,бес.

1-тапсырма

Тәрбиеші балаларға тапсырма береді:

-Балалар,гаражға кіріп бара жатқан көліктерді бояндар.Біріншісі қызыл түспен, екіншісін сарымен, үшіншісін жасылмен.

-Гаражға барлығы неше машина кірді?

Тәрбиеші гараждан шыққан кезде соңғы машинаның бірінші,ал бірінші машинаның соңғы болатынын айтады.

Тәрбиеші гараждан шығып келе жатқан көліктерді бояуға тапсырма береді.

-Жасыл машина гараждан нешінші болып шықты?

-Ал қызыл ше?

-Екінші қатардағы сары машина нешінші?

-Бірінші қатардағы қызыл машина ше?

-Бірінші қатардағы жасыл машина нешінші?

Сергіту минуты.

Оңға бір қадам.

Солға бір қадам,

Айналып бейлейміз.

Алға бір қадам,

Артқа бір қадам

Айналып билейміз

Балалар көліктерді бояйды.

Гаражға үш машина кірді.

Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап берерді.

Бірінші .

Үшінші.

Екінші.

Бірінші.

Үшінші.

Баладар жаттығу жасайды:

Оңға бір қадым,

Солға бір қадым

Айналады.

Алға бір қадам,

Артқа бір қадым

Айналады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

2-тапсырма

Тірбиеші сұрақ қойып,тапсырма береді:

-Үшбұрышта неше дөңгелек бар?

-Дөңгелекте неше шаршы бар?

-Шаршымен дөңгелектегі фигуралардың саны туралы не айтар едіңдер?

-Үшбұрыштағы, дөңгелектегі фигуралар санына сәйкес келетін цифрды бастырып жазыңдар.

3-тапсырма.

Тәрбиеші балалардың назарын үшінші тапсырмаға аударады:

-Бесік арбада қанша фигура болса, шаршыларға сонша геометрялық фигураның суретін салындар.

-Неше фигура салдындар?

4-тапсырма.

Балаларға машиналардың суретін көрсетеді:

-Балалар, суретші машиналардың суретін салды. Бірақ басқа затқа алаңдаймын деп кейбір бөліктерін салуды ұмытып кетіпті. Жоғарыда тұрған машинаны мұқият қарап шығып, төмендегі машиналарға жетпей тұрған бөлшектерді салып шығайық.

Бес дөңгелек бар.

Бес шаршы бар.

Әртүрлі орналасқаны қарамастан дөңгелекпен шаршының саны тең.

Арба үшбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыштардан құралған.

Балалар фигуралардың суретін салады.

3 үшбұрыш,

2 дөңгелек,

2 тіктөртбұрыш.

Балалар машиналардың жетпей тұрған жерлерін салып шығады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Тәрбиеші сабаққа белсенді қатысқаны үшін балаларды мадақтайды.

Балалар өз жұмыстарын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Балалардың біліуі:5 цифрын; реттік санауды; санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын біледі.

Балалардың меңгеруі:санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын меңгереді.

Балалардың жасай алуы: «қанша?», «нешінші?» деген сұрақтарға дұрыс жауап береді, таныс заттарды геометрялық фигураларды салыстыра алады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин