Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қызым ибалы, ұлым намысты болсын десең…

Тураева Дина Абдрашовна
2 мин оқу 574 оқылым

Қызым ибалы, ұлым намысты болсын десең…

«Ұлт тәрбиелей отырып,жер иесін  тәрбиелейміз,

қыз тәрбиелей отырып,ұлтты тәрбиелейміз».

Платон.

Ұрпақ тәрбиесіне үстірт қарамаған бабаларымыздың жақсы дәстүрі бүгінде мемлекеттік тұрғыда жалғасын тауып отыр. Дүниеге келген әрбір нәресте балабақшадағы бүлдіршін,мектеп қабырғасындағы оқушы мен жастар тағдыры-оқумен денсаулығы,қызмет етуі,тәрбиесі үкіметіміздің қадағалауында. Жасалған бұл жағдай жастар тарапынан көргенді тәрбие, темірдей тәртіп боп қайтуы тиіс.

Бала тәрбиесіндегі басты орын-отбасы. Халқымыздың «Ұяда не көсең, ұшқанда соны іледі», «Шеше көрген тон пішер,әке көрген оқ жанар» деуі осының дәлелі. Баланы өмірге әкелген ата-ана оны тәрбиелеуге, адами санасын қалыптастыруға міндетті. Перзентіне үлгі болу үшін ата-ана өздерін әр уақытта үй – ішін,киім киісін, тұтынатын бұйымдарын таза ұстап,орнымен сөйлеп,ұстамды болуы тиіс. Баланы әлдебір балаң қылықтарына бола ұрысып-соғып, жекімей мәселенің астарына сабырмен үңілген жөн. Сабаққа құлқын жоғалтқан баланы зорлықпен оқытқаннан гөрі, себебін іздесеңіз-ұтасыз. Балаңыздың бойынан байқаған жылт еткен жақсылығын мақтасаңыз, сіздің байсалды сөзіңіз,қолдауыңыз,мейіріміңіз оған күш,сенім,қуат береді. Сабағына көңіл бөліп, ұйқыға кеткенше зер аударып отырыңыз. Балаңызбен тығыз байланысыңыз оның санасына ықпалды әрекет етудің бірі болмақ. Мектеппен, балаңыздың сыныбымен қарым-қатынаста болғаныңыз дұрыс.

Қыз бала тәрбиесі қашаннан анаға қатысты «Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал» деген мақал нақтылай түседі. Қызының  мінезін, үй- ішілік шаруамен айналысуын және іскерлікке талаптануын анасы ұдайы бақылауға алып, жетелеуі тиіс.

Келесі маңызды жауапкершілік-ұстазда. Ұстаз балаларды қабілетіне қарай алаламай, тәртіпті оқушыны мақтау арқылы өзгелерінің содан үлгі алуға құштарлығын ояту керек.

Мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата – ана . Сондықтан аиа- ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгеіміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыруы керек. Өкінішке орай, кейбір ата – ата аналар бұған жеткілікті мән бермейдіБала тәрбиесі - өте күрделі үрдіс және ешқандай үзіліс,демалыс дегенді білмейді.

Дүниенің ең бір тамаша туындысы – жақсы тәрбие алып шыққан адам болып  табылады.

Бүгінгі ұрпақ – ертеңнің қожасы. Олардың мойнында еліміздің ертеңгі ұрпағын тәрбиелеу тұр. Ал олардың өздерінің ата-дәстүрге  адал,ерік – жігері мықты, намысты, саналы болып ер жетуі-аға буынның қолында.

Ендеше , ата-аналар қолымыздағы асылымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екнімізді ұмытпайық

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Тураева Дина Абдрашовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Ашық сабақтар

"Ана тілің - арың бұл" (сайыс сабақ)

Ана тілің – арың бұл» сайыс сабағында оқушылар топпен жарысып, Қазақстан тарихы, мемлекеттік тіл және ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақтарға жауап береді.

Тураева Дина Абдрашовна 4 мин 267 оқылым
Баяндамалар

Критериалды бағалау технологиясы

Баяндамада қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білімін критериалды бағалау және облыстық семинарда көрсетілген ашық сабақ тәжірибесі баяндалады.

Тураева Дина Абдрашовна 3 мин 427 оқылым
Баяндамалар

Қазақстандағы елжандылық бағытындағы жұмыстың барысы

Баяндамада Қазақстандағы елжандылық жұмыстың маңызы, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру және Отанды құрметтеуге тәрбиелеу мәселелері қамтылған.

Тураева Дина Абдрашовна 5 мин 500 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым