Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Қызыл Қазақстан» журналының ең басты үш ерекшелігі

Bilimger Media
1 мин оқу 111 оқылым

Журнал тарихы. «Қызыл Қазақстан» («Ақиқат»,1991ж.) журналының алғашқы нөмірі Орынборда 1921 жылдың, қыркүйек айында басылып шығарылды. Басты мақсаттарының бірі қазақ жұмысшыларына Кеңес үкіметі мен коммунистік партия саясатын түсіндіру болды. Бұл білім, саясат, өнер, шаруашылық, әдебиет журналы деп аталды. Онда «Аурулар жайынан», «Отантану», «Әйелдер арасында» секілді әртүрлі тақырыптағы мақалалар жарияланып отырды. 1927 жылы журналды  шығарушылар қатарында  О. Жандосов, Ә. Байділдин, Ж. Сұлтанбеков, Ғ. Тоғжанов, О. Исаев болды.

«Қызыл Қазақстан» журналының басты үш ерекшелігі. Бірінші ерекшелік- 20 ғасырдағы елдегі ауыр да үлкен оқиғаларға, халықтың басынан өткен қиын сәттерге куә болған журнал. Екінші ерекшелігі- қазақ баспасөзі майталмандарының ғажайып мектебі (М.Қ. Қозыбаев) болғандығында екенін көрсетеді. (Академик Мақаш Қабашұлы Қозыбаев «Қызыл Қазақстанның» кейін «Ауыл коммунисі» мен  «Қазақстан коммунисіне » айналғанына дейін тарихи принципті жоғары ұстаған, қызыл атауы тапшылдыққа ілеспеген басылым болғандығын атап көрсеткен.) Соңғы үшінші ерекшелігі- журналдың дүйім жұртқа аштықпен келген барлық ауыр сынақтар мен кесел-кесапаттан сақтануды үйреткені. Бұның барлығына дәлел болатын 1921-1922 жылдардағы қыста қардың, жазда жауынның болмауынан пайда болған құрғақшылықтың әсерінен туындаған ашаршылық кезеңі. Журналда ашаршылық туралы тіпті С.Сейфулиннің «Аштардың рухтары», Ғ.Асылбековтің «Аш жетімдерге жәрдем»,  А. Сегізбаевтың «Аш балаға» атты шығармалары жарияланып, халықты аштықпен күресуге, аш-арыққа қол-ұшын беруге шақырды.

«Қызыл Қазақстан» («Ақиқат») журналы ел тарихының сонау жылдан бергі тарихын көрсететін шежіресі, қазақ баспасөзінің айнасы екеніне еш күмән жоқ.

Журналистика факультетінің 1-курс студенті Аман Ақнұр

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым