Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қыстап қалған құстар

Bilimger Media
3 мин оқу 24 оқылым

Тәрбиеші:Тапалова Даража Қосыбайқызы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Қыстап қалған құстар»

Мақсаты: 1.Тәрбиелік: Қыстайтын құстарға сүйіспеншілік, қамқорлық сезіміне

тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Балалардың қыстап қалатын құстар туралы түсініктерінкеңейту, құстарды ажыратуға  үйрету

3.Оқыту: Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін

қалыптастыру.

Көрнекі-құралдар:слайд,құстар суреті.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастырушылық ізденістік

Рефлекцивті түзетушілік

Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Көңіл күйлерің қалай?

Ендеше көтеріңкі көңіл күймен шаттық шеңберіне тұрайық.

Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң Алтын күн!

Қайырлы таң Жер ана!

Қайырлы таң Апайлар!

Қайырлы таң Достарым!

       Миға шабуыл сұрақтар:

            Жұмбақ
Қанаты бар талмаған
Аспанда ұшып самғаған
Жауы шыбын – шіркейдей
Табиғатты ол қорғаған
(құстар)

Бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: «Қыстап қалған құстар»

Ғажайып Сәт: «Дымбілмес»

Балалар сендер білесіңдер ме,құстар нешеге бөлінеді?

Ал дала құстарының өзі нешеге бөлінеді?

Қысқы орманда қандай құстар қалыпты?
- Суыққа шыдамды құстар қалыпты.
- Ал, қалған құстар қайда?
- Дұрыс айтасыңдар, олар жылы жаққа ұшып кетті. Оларды “Жыл құстары” деп атаймыз.
Ал, енді олар неге ұшып кетеді деп ойлайсыңдар?
- Салқын түскенде құстардың жемі азаяды, суыққа төзімсіз.

- Ал, енді торғай, қарға, сауысқан, тоқылдақ ,көгершін т. б. сияқты
«... жылы жаққа ұшпайтын, біздің жақта қыстайтын» құстарды  «Қыстап қалатын құстар» дейді. Ал неге бұл құстар қыстап қалады?

Қысқа  қарай олардың  қауырсындарының  астындағы  мамық  жүндері  қалыңдайды, сондықтан  олар  суықта  тоңбайды,  төзімді   болады.

Көгершін:“көгершін” деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді. Олар адамдарға жақын жерлерде мекендейді.

ТОҚЫЛДАҚ –  ұзын тұмсығы бар, құйрығы ұзын, аяқтары қысқа ,түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді.
Торғай /Воробей/–пайдалы, кішкентай құс. Ағаш қуысындағы зиянкес құрттарды жейді және дәнді дақыл, нан қиқымдарымен  қоректенеді. Үй шатырларына немесе ағашқа шар тәрізді ұя салады.

ҚАРҒА – қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.

САУЫСҚАН– ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жалтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық – кәдімгі қараторғай мен тоты секілді, адамның айтқан сөзін жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді
- Бұл құстардың көбі суықтан қорықпайды. Суықтан олардың қалың мамықтары  сақтайды.
- Біз қай құстардың тапсырмасын орындадық?
- Құстардың тіршілігі жайлы не білдік?

- Құстар болмай қалса не болады?
Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдермен тақпақтар жазылмайды. Зиянды жәндіктермен кеміргіштер қаптап бақтар мен бақшаларды қаңыратып тастайды. Құрттар,  қоңыздар ормандарды кем іріп тастайды. Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.
- Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек? (құстарға көмек жасау туралы әңгіме).
Жемшашар жасап, ағашқа іліп қоюымыз керек. Жемшашарға құстарға арнап, тағам қалдықтарын тастау керек.

Дидактикалық ойын: «Қай құстың азығы»

Шарты:Берілген азық түрлерін қыстырғыштағы құс түрлерімен сәйкестендіру.

Сергіту сәті:( видеомен)

Дидактикалық ойын:  «Кім тапқыр»

Шарты:қыстап қалатын құстарды тауып,атын атау.

Тапсырма:Балалар мен сендерге шығармашылық жұмыс беремін,яғни тұқымдардың көмегімен сендер бүгінгі қыстап қалатын құстардың бейнесін жасап шығуларын қажет (көгершін,торғай).

Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Біз бүгін нелермен таныстық?

Қандай құстармен таныстыңдар?

Қыстап қалатын құстарға қандай құстар жатады екен?

-Сәлеметсізбе!

-Жақсы

шаттық шеңберін орындайды

-құстар

мұқият тыңдайды

ойындарды қызығушылықпен орындайды

сергіту сәтін жасайды

ұжымдасып жұмыс жасайды

-ия,ұнады

-құстармен

-қыстап қалатын құстар

торғай,сауысқан,тоқылдақ,көгершін,қарға т.б

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыстайтын құстар туралы мағлұмат алады;

Игереді: қыстап қалатын құстардың қысқы тіршілігін;

Меңгереді: Адамдардың қамқорлығын түсінеді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 47 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 159 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 79 оқылым