Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қысқы табиғат көрінісі

Каракулова Айжан Амантаевна
4 мин оқу 1 423 оқылым

Каракулова Айжан Амантаевна

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға қыс мезгілі туралы түсінік бере отырып, қысқы табиғат әсемділігін көре білуге баулу.

Дамытушылығы:оқушылардың түстерді сезіне білу қасиеттерін қалыптастырып, түстерді ойша араластыруға дағдыландыру. Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы ой-өрістерін кеңейтіп, қызығушылықтары арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі:оқушылардың талғамын кеңейтіп, тазалыққа баулу. Эстетикалық қабілеттерін арттырып, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу, белсенді болуға баулу.

Типі: дәстүрлі емес.

Түрі:шығармашылық сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, машықтық жұмыстар, сергіту жаттығулары.

Көрнекіліктері: шығармашылық шыңының суреті, И. Шишкиннің «Қырау», Г. Исмайлованың «Қазақ вальсі» туындылары, дөңгелекке салынған жылы және суық түстер, А-3 пішімге аппликациялауға арналған суреттер,плакат, шашылған сөздер, тақырып жазылған плакат қыс мезгілі туралы әр түрлі көріністер.

Құрал-жабдықтар: акварель бояуы, су, қалам, қылқалам, палитра, түрлі-түсті карандаштр, сурет дәптері немесе А-4 пішім.

Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану, әдебиет, дүниетану.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың рөлге ену қабілеті дамиды, шыңға жету барыснда бісекелестік пайда болады. Суретші шығармаларын талдауға, зер салу керектігін үйренеді. Қарпайым пішімдерді күнделікті орындауды әдетке айналдырады. Этюд құрастыруға жаттығады. Пейзаж салуда перспективаның маңызын түсінеді. Жеке тапсырмаларды орнындауда шығармашылық қабілеттері артады.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу. Топқа бөлу, сәттілік тілеу. құрал-жабдықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

II Өткен сабақты қайталау.

  1. Бояуларды арастыратын тақтайша (Палитра)
  2. Жұмсақ түсті борлар (Пастель)
  3. Суда еритін мөлдір бояу (Акварель)
  4. Графика дегеніміз не? ( көмір қаламұш, фломастер көмегімен жасалтын туынды)
  5. Түстер туралы не білеміз? (Негізіг түстер, құрама түстер, жылы және суық түстер)
  6. Біз суретті немен саламыз? (Акварель, гуашь және темпера т.б)
  7. Натюрморт (қимлысыз табиғат) – жеміс-жидек, гүл, тұрмыстық заттар бейнеленеді
  8. Портрет дегеніміз не?(адамның бет-бейнесін, мінез-құлқын, кейде көңіл күйінің көрінісін бейнелеу.)

III Жаңа сабақ

Сергіту сәті:

  • Балалар, біз бүгін «Қысқы табиғат көрінісі» атты жаңа сабағымызды бастаймыз. Сабақ бастамас бұрын қағаз қарындаш, өшіргіш, акварель бояуымен, қылқаламдарыңды дайындап алайық.
  • Бейнелеу өнері бірнеше жанрларға бөлінеді. Натюрморт, портрет, тарихи жанр, Пейзаж жанры. анималистік жнр, пейзаж жанры. Оқушыларға тақтадағы суреттер бойынша түсіндіріледі.

Пейзаж жанрына тоқаталамыз

Пейзаж жанры – табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.

Жылдың төрт мезгілі бар. Олар қыс, көктем, жаз, күз. Біз бүгінгі сабағымызда қыс мезгілі туралы түсінік береміз.

Қары бұрқасыны бар аязды қыста келді. Айнала аппақ көрпеге оранды. Әсіресе ормандағы, таудағы немесе өзен жағасындағы қысқы күн ерекше көрінеді.«Қыстың көзі қырауда» деген дана халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілде айна қатесіз баяндап тұрғандай, немесе Иван Шишкиннің қысқы орман көрінісінің әдемілігін өз суретінде бейнелеп көрсеткен.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әрбір маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Яғни қыс қызықтарына не жетсін! Достарыңмен уақытты көңілді өткізген тамаша-ақ қой! Қар лақтырып ойнау, қар қамалын тұрғызу, шаңғы тебу, шанамен сырғанау, аққала соғу. Қысқы орман табиғаты, қысқа дала көріністері алуан түрлі.

Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс-жақын, асты-үсті, жаны ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын міндетті түрде білуіміз қажет. Перспектива дегеніміз – кеңістікті бейнелеу. Адамнан алыс орналасқан нысан көкжиек сызығына жақындаған сайын

кішірейіп көрінеді. Бұл біздің көруіміздің ерекшелігі. Мұндай құбылыс сызықтық перспектива деп аталады. Егер суретте көлем мен кеңістікті бейнелегіміз келсе, біз өзімізге жақын орналасқан нысандарды ірігірек, алыс орналасқандарын шағындау етіп бейнелейміз.

Компазиция – бейнені қағаз бетіне дұрыс орналастыру.

Сен суретті қағаз парағына қалай орналастыруды ойласаң, демек компазициямен жұмыс істеудесің. Суреттің өзінде компазиция деп атайды. Сурет қағаз парағына орналасады.

1-кезең. Ең әуелі көкжиек сызығын жүргізілген соң төменгі бөлігі есептеледі Бірінші қырларды ағашатарды алыс орналасқан үйлерді салу қажет. Екінші ағаштарды, салыстырмалы түрде бері ораналасқандықтан көлемі үлкендеу болады.

2-кезең. Ағашпен үйлердің көлеңкелерін кеңістікте бейнелеп көрсету қажет.

3-кезең. Көрінстердің бояулары сұйық және көмескілеу. Кейбір жерлері қоюлау боялып, негізгі түстерді шығарамыз.

4-кезең. Қалған боялмаған көріністерді бояп, қанық түстерді шығарып, жұмысты толығымен аяқтаймыз.

Жұмбақтар шешу

Жазда жатсаң көлеікесіне алады,

Қыста жақсаң жаның рақат табады. (Ағаш)

Зулап түсіп төменге, шықпас менсіз төбеге (Шана)

Шелек қалпақ басында, сәбіз екен танауы,

Қыста қардан туатын, тауып көрші сен оны. (Аққала)

Қыста су боп қатады, жылыда су боп жатады (Мұз)

Қолы менен қаламы жоқ, бірақ сурет салады көп (Аяз)

IV.Оқушыламен өзіндік жұмыс.

Оқушылар қыс көрінісін бейнелейді. Қыс көрінісі – ағаштар ақ тон киген.Ағаштар өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Қыс кезінде ағаш бұтақтарына үй шатырына түскен қар немесе қырау оларды ерекше әдемі етіп көрстеді. Қардағы жарық түскен жерлер алтын түске бөленіп,түрлі-түсті реңктерге бөленеді. Оқушылардың салған суреттерін тексеріп, көмек керек оқушыларға көмек беру.

V.Жаңа сабақты қорытындылау.

-Пейзаж дегеніміз не?

-Табиғат көрінісін бейнелеуде нелер көрініс табу керек?

-Перспектива дегеніміз не?

  1. Үйге тапсырма беріледі.

Ауылымыздың көрікті жерлерінен сурет салып келу.

VII.Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап, жақсы салынған суреттерді көрсетіп,мадақтау арқылы бағалау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Каракулова Айжан Амантаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым