Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қысқы киімдер

Нишантаева Ирода Иристаевна
2 мин оқу 560 оқылым

Нишантаева Ирода Иристаевна

 Мақсаты:  Балаларға  киім  түрлері,  қысқы  киімдер  туралы  түсінік  беру.  Қысқы  киімдерді  ажырата  білуге  үйрету.

Шаттық  шеңбері.

Қандай  суық  қыс  деген

Қалтырайды  құс  деген.

Құлақшынды  кимесең

Құлағыңды  тістеген

Сәлеметсіңдерме  балалар,  көңіл – күйлерің  жақсыма?!  Олай  болса, қане,  бір – бірімізге  жүректен  шыққан  жылы  сөздерімізді  айтайықшы.

-  Аспанымыз  ашық  болсын!

-  Деніміз  сау  болсын!

-  Нанымыз  көп  болсын!

-  Балабақшамызда  балалар  көп  болсын!

Балалар  қазір  жылдың  қай  мезгілі?

Қыс  мезгілінде  ауа  райы  қандай  болады?

Қыс  айлары  қанша  айдан  тұрады?

Қане,  оларды  атайықшы.

Желтоқсан,  қаңтар,  ақпан.

Қыс  мезгілінде  не  жауады?

Қардың  түсі  қандай?

Балалар  қыс  мезгілі  сендерге  ұнайма?

Несімен  ұнайды?

Қыста  қандай  ойындар  ойнаймыз?

Балалар  сендер  қыс  туралы  тақпақтар  білесіңдерме?  Қане  тыңдайықшы:

Элбек,  Гузал,  Шохижахон,  Али,  Назира,  Элер.

Балаларға  қыс  туралы  суреттер  көрсетіледі. Қане  балалар,  орнымыздан  тұрып,  бір  серігіп  алайықшы.

Сергіту  сәті.

Тоңса  біздің  қолымыз

Қолғап  киіп  аламыз,

Сарт – сарт – сарт

Шапалақты  ұрамыз.

Тоңсаң  біздің  аяғымыз

Етік  киіп  аламыз,

Топ – топ – топ

Билеп – билеп  аламыз.

Сол  кезде  есіктен қуыршақ  Айжан  қонаққа  келеді.

Балалар  қараңдаршы  бізге  қуыршақ  Айжан  қонаққа  келіпті. Ол  қай   мезгілге  сай  киініпті? ( Қыс  мезгіліне)  Ол  сендерге құр  келген  жоқ, ол  өзімен  бір  топ  қысқы  киімдерді  ала  келіпті.

Айжан: Сәлеметсіңдерме  балалар,  мен  сендерге « «Бүлдіршін»  тобының  балалары  қысқы  киімдердің  атауын  жақсы  біледі»  деген  соң  келдім. Мына  менің  қолымдағы  қысқы  киімдердің  атауларын  айтып  беріңдерші.  Балаалар  киімдерге  қарап,  қай  киім  екенін  айтып  береді.

Айжан:  Рахмет  балалар,  сендер  қысқы  киімдерді  өте  жақсы  біледі  екенсіңдер.  Мен  сендерден  өте  риза  болдым,  енді  сендермен  бір  ойын  ойнағым  келіп  тұр.

Д/ ойын: « Қырқылған  бөлшекті  суретті  бірлестіріп,  қысқы  киімдің  бейнесін  шығару».

Балалар  қуыршақпен  ойынды  қызыға  ойнайды.

Балалар  Айжанмен  тағы  бір  ойын  ойнаймыз ба?  Бұл  ойынымыз  атауы « Ерекшелігін  тап » Шарты:  екі  тақтада,  біреуінде  ұл  бала  суреті  ілінген,  біреуінде  қыз  бала  суреті  ілінген. Балалар  араласқан  киімдер  ішінен  қыз,  ұл  бала  киімдерін  ажыратып,  керекті  орынға  орналастыру  керек.

Ойынды  ойнап  болған  соң  Айжан  балалармен  қоштасады:

  • Рахмет балалар,  сендермен  ойнаған  ойындарым  өте  ұнады. Мен  енді  кететін  уақытым  болды.  Сау  болыңдар  балалар!
  • Балалар, бүгінгі  оқу  іс – әрекетімізде  не  туралы  әңгімелестік?
  • Қыста қалай  киініп  жүруіміз керек  екен?
  • Бізге қонаққа  кім  келді?
  • Балалар, бүгінгі  оқу  іс – әрекетімізде  барлығың  өте  жақсы  қатыстыңдар, рахмет  сендерге.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нишантаева Ирода Иристаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 311 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым