Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Шокалакова А.М
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация
Тақырыбы: Қысқы ағаш.
Мақсаты: 1.Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.
- Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Қағаз бетінде бейнелерді жапсырмалауды, одан кейін оларды желімдеу дағдыларын қалыптастыру, ұсақ саусақ маторикасын дамыту.
- Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, өлен оқу, слайд көрсету, ойын, сергіту сәті, зерттеу жасау, сұрақ-жауап, қорытынды.
Көрнекілігі: Қыс мезгілінін ерекшеліктерінің суреттері, қатқан мұз, қар, слайд
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Себепті қызығушылығын
ояту кезеңдері |
Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан-жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық. | Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен, Амандасып алайық. Келген біздің қонақтарға, Жүрек жылуын сыйлайық. Күн жылуын шашайық, Бір жадырап қалайық. |
| Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | Өлең оқу:
Шанамен зырғып желетін, Коньки шаңғы тебетін, Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар? -Балалар қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе? -Балалар тәжірибе жасау үшін мұз әкелдім біз бұл мұзды оқу қызметінің соңында мұз неге айналатынын бақылайтын боламыз. -Ендеше, балалар бейне көрніске назар аударайық. Слайд: «Қыс көрністері» -Бұл көрністе қай мезгілді көріп отырсыздар? -Қыс мезгілінде не жауады? -Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? -Ендеше қыс мезгілі туралы ойын ойнаймыз ба? Д/ойын: «Дыбысқа сәйкес бейнені тап?» Ойын шарты: Дыбысты тыңдай отырып сәйкес бейнені көрсету. -Балалар, біздер серуенге шыққанда ағаштардан нені байқадық? Алдымыздағы қарды ұстап көрейікші, түсі қандай? -Жұмсақпа, қатты ма? -Жылы ма, мұздай ма? -Ендеше балалар, біз бүгін бөбекжай ауласындағы қысқы ағаштардағы қарды қалдық табиғи материал мақтамен жасап үйренеміз. -Қалай жасаймыз, мұқият маған қараңыздар. Апликация жұмысы: ағаштың бейнесіне мақта арқылы қар жапсырмалауды үйрету. Сергіту сәті: Тоңса біздің қолымыз, -Қолғап киіп аламыз. Сарт-сарт-сарт, -Шапалақтап соғамыз. -Тоңса біздің аяғымыз, -Етік киіп аламыз. -Топ – топ – топ, -Билеп – билеп аламыз -Тоңса біздің денеміз, -Тонды киіп аламыз. -Зу – зу – зу -Шанамызбен зулаймыз Дидактикалық ойын «Қыс мезгілінің ерекшелігін тап» Ойын шарты: Қыс мезгілінің суреті ілінеді. Үстел үстіне төрт жыл мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген суреттер ішінен қыс мезгілі бейнеленген суреттерді тауып жапсыру. Мұзды бақылау: -Балалар мұз неге айналды? -Міне, балалар қыс мезгілінде сулар, өзен, көлдер мұзға айналады екен. -Қыс мезгілінің ғажайып ерекшеліктері осындай болады. |
-Қыс мезгілі -Қар жауады, боран соғады, аяз болады, жерде мұздар болады. Балалар тамашалайды. -Қыс мезгілін. -Қар жауады. -Шанамен, шаңғы, коньки тебеміз, аққала жасаймыз, қар лақтырып ойнаймыз. Балалар тапсырманы орындайды -Қарлар -Ақ түсті -Жұмсақ -Мұздай Балалар жұмыс барысын қарайды. Өлең сөзіне қарай қимыл жасайды. Сәйкес суретті таба білді. -Суға айналды. |
| Жетекші-жөндеуші | Қорытындылау:
-Қай мезгіл туралы әңгімелестік? -Балалар біз бүгін оқу қызметінде қарды немен жасап үйрендік? -Қандай зерттеу жұмысын жасадық? Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысып, тапсырманы орындадыңыздар. Сіздерді мұз тәттілермен марапаттаймын. |
-Қыс мезгілі туралы. -Мақтамен. -Мұзға зертттеу жасадық. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеп беруді.
Нені меңгерді: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы, мұздың қасиеті туралы меңгерді..
Нені жасай алды: Қалдық материалды пайдаланып берілген бейнені жапсырмалап үйренді.
Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз
Мақаланы телефонда ашыңыз
Автор
Айгерім