Мазмұнға өту

Қылмыстық құқық. Қылмыстық құқық түсінігі, міндеттері және қылмыс пен қылмыс құрамы

Әлкебай Гүлнар Игенқызы 4 мин оқу 344 оқылым

Сабақтың тақырыбы: Қылмыстық құқық.  Қылмыстық құқық түсінігі, міндеттері және қылмыс пен қылмыс құрамы

Сабақтың мақсаты:

                          а) білімділік-оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған

жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар-намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын-алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындағы туралы түсіндіру.

                          ә) тәрбиелік- адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына,                                                                                          адалдық пен мейрімділікке баулу арқылы  құқықтары мен                                                      міндеттерін бағыттай отырып құқықтық тәрбие беру.

                         б)дамытушылық-оқушылардың бойында құқықтық білімді қалыптастыра                                              отырып, саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру,                                                    заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, өмірде                                              қолдана білуге баулу.

Сабақтың  түрі:Практикалық (семинарлық сабақ).

Сабақтың типі: Білімді бекіту

Сабақтың оқыту әдістері: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиясының элементтері, театрландырылған көрініс, сұрақ-жауап, іздену, ойын элементтері және т.б.

Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдығы: Интерактивті тақта, қанатты сөздер, кітап көрмесі, тірек сызбалар6 слайдтар т.б.

Пәнаралық байланыс: Қылмыстық іс-жүргізу, Саясаттану және әлеуметтану негіздері, Қылмыстық атқару құқығы,  Құқықтық статистика т.б.

Сабақтың барысы:

    Ұйымдастыру кезеңі.

           а) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқушылардың назарын сабаққа аудару, құқықтық білімге деген қызығушылығын арттыру.

Екі топқа бөлінген оқушылар жеке –жеке отырғызылады, топ лидерлері сайланады, эксперт тобы құрылады.

        1-топ  «Заңгерлер»

        2-топ  «Бейбітшілік»

Жоспары:

1.Ой қозғау: Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Қылмыс дегеніміз не?» деген сұраққа ассоцация жасау.

  1. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- мақал-мәтел сайысы
  2. 3. «Білгенге маржан»- терминдермен жұмыс
  3. Театрландырылған көрініс

4.1.«Тергеуді мамандар жүргізеді»

4.2«Сот процессі»

5.«Біліміңді көрсет» кезеңі (ҚР-ның қылмыстық кодексінің кейбір баптарына өзіндік анализ жасайды).

  1. Кім жылдам? - (Капитандар жарысы).

Сабақта жасалатын әрекеттер:

-топқа бөлу,

-жеке жұмыс,ой-өрісін тыңдау (ой-шақыру),

-слайдтармен жұмыс,

-пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа сұрақ  беріледі, топ лидері мен топ мүшелері жауап береді)

-шығармашылық жұмыстармен таныстыру,

-эксперттер тобының жұмысы (бағалау),

-мұғалімнің қорытынды сөзі.

Оқытушының сөзі: Құрметті  оқушылар!Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізде қабылданған  Ата Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтарымен бостандықтары» деп көрсетілген.

Бүгіндері құқықтық мемлект құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай , тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.Сондықтан,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  Қылмыстық құқық деп аталады.

1.Жарыс сабағымызды жүргізу үшін 2 топқа жетекшілер сайлап алайық. Топтарға сәттілік тілейміз.

1.Сайысымыздың алғашқы бөлімі  Ой қозғау: Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Қылмыс дегеніміз не?» деген сұраққа ассоцация жасау.

2-кезеңіміз  «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- мақал-мәтел сайысы деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар мақал –мәтелдің жалғасын табу беріледі және сол табылған жалғастың ішіндегі сөздің екі тілде аудармасын айтады. Егер жалғас дұрыс табылып , екі тілдеде аударма дұрыс берілген жағдайда әрбір дұрыс жауап 20 ұпай алады,егер бір ғана аударманы дұрыс берсе 10 ұпай,ал аудармаларберілмей тек мақал-мәтелдің жалғасы дұрыс табылса 5 ұпайдан беріледі.

1.Бір қазаға екі..........................жоқ.(жаза)

2.Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі....................табар.(куә).

3.Би екеу болса, ..............................төртеу.(дау).

4.Әр елдің...................басқа, иттері қара қасқа.(заңы).

5.Елшіге.................жоқ.( өлім).

6.Тақыр жерге су төксең жүруге тайғақ болар, Жаманға сырыңды айтсаң.............., ......................болар.(айғақ,айғақ).

7.Ата-ананың қадірін қадірін балалы болғанда білерсің, анық достың қадірін, .............................болғанда білесің.(жалалы).

8............................істің- арты игі.(әділ).

  1. Жолға шықсаң сайлан, бес ........................байлан.(қару).

10.У ішкен бір өледі,....................ішкен мың өледі.(ант).

  1. 3. Білгенге маржан -(Терминдермен жұмыс).

Конституция-ең жоғарғы заңды күші бар акті.

Кодекс-қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқық нормалары біріктірілген және жүйеленген нормативті акті.

Амнистия-қылмыс жасаған адамды жазасын өтеуден толықтай немесе ішінара босату, не әлігі адамға сот тағайындаған жазаны жеңілдету немесе жазадан босату.

Санкция-қолданылатын жағымсыз шара.

Жаза-соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Прецедент- нормативтік актілердің бірі.

4-кезең - театрландырылған көрініс

1-топ Заңгерлер «Тергеуді мамандар жүргізеді»

      2-топ Бейбітшілік «Сот процесі»

5-кезең«Біліміңді көрсет» кезеңі (ҚР-ның қылмыстық кодексінің кейбір баптарына өзіндік анализ жасайды).

  1-топ Заңгерлер  «Көліктегі қылмыстар».

2-топ Бейбітшілік «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жауапкершілігі».

6-кезең  Кім жылдам? - (капитандар жарысы).

  1-топ «Заңгерлер»

Сұрақтар:

1.Жаза дегеніміз не?

2.ҚР-сы әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет?

  1. 3. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?
  2. 4. ҚР-сы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады).

5.Қылмыс құрамын атаңыз? жағы).

  1. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган

7.ҚР-ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылдады?

8.ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары туралы» туралы заң қашан қабылданды?

10.Азаматтардың құқық қабілеттілігі қай кезден басталады    

 2-топ  «Бейбітшілік»

Сұрақтар:

1.Конституция сөзінің аудармасы қалай?

2.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?

3.Қылмысты санаттары қарай қалай бөлеміз?

  1. 4. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша?

5.ҚР-ғы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы.

7.Алғаш рет қабылдаған Ата Заң қабылдаған уақыт.

8.ҚР-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар?

  1. Мемлекеттік биліктің жүйесі?

10.Конституцияның құрылымын ата?

Сабақты  қорытындылау.

Эксперт тобының жұмысы:( сараптау және бағалау).

Оқытушының қорытынды сөзі. Осы айтылғандарды саралай келгенде, біздің еліміздің өркениетті ел ретінде болашақта қарқынды дамуы сіздер мен біздердің қолымызда. Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдағы уақытта дамытатын сіздер.Ендеше, «Ел боламын десең ,бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болуы керектігін осы бастан ой- зерделеріңізде сақтаңыздар.

    Үйге тапсырма: 1) «Өлім жазасы қажет пе?»-эссе жазу.

2) ҚР-ның Қылмыстық құқығы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Әлкебай Гүлнар Игенқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин